Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш реңді, фурункулез бар. Зәр анализінде



Дата04.10.2022
өлшемі15,83 Kb.
#151623
Байланысты:
14 пропед


ЖМ-707 Жетібай Ермек


Ситуациялық есептер
Есеп 3
Науқас К., 24 жаста, қатты арықтағанына (1 айда 9 кг),аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбет төмендеуіне шағымданады.
Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш реңді, фурункулез бар.
Зәр анализінде: қант анықталған-2,9% және ацетонурия.

1. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?


2. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге
болады?
3. Қандай синдром деп ойлайсыз?
4. Дұрыс диагноз қою үшін қандай қосымша лабораториялық- аспаптық
зерттеулер жүргізу қажет?

Жауап


  1. Науқаста пайда болған шағымдарды зат алмасу процессінің нашарлауымен байланыстырсақ болады. Бұнда алғашында көмірсу алмасуы бұзылады. Яғни, қанда қант деңгейі жоғарылап, микроциркуляция арнасының өткізгіштігін арттырады. Бұл процесс қан тамырдын сыртын қаптайтын глюгозамингликандарға (ГАГ) байланысты. Глюкоза галактозаға айналып, ГАГ түзуін тежейді, соның әсерінен қан тамырлардың өткізгіштігі артып, АНГИОПАТИЯҒА ЖӘНЕ НЕФРОПАТИЯҒА әкеледі.

Организмде глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тінде кетон денелерінің тотығуына , несеппен сыртқа шығуына әсер етеді. Ол РН төмендеуіне, гиповентеляция, гиповолемияға, кетонурияға әкеледі. Ағзадан кетон денелері, беттаоксимай қышқылы, ацетосірке қышқылдарымен бірге натрий, калий, амоний иондары қосылып шығады. Натрийдің артық мөлшерде шығуы ағзаның сусыздануына, айналымдағы қан көлемінің азаюына, несеп сүзілуіне, қан қысымының төмендеуіне әкеледі.
Соның әсерінен науқаста аузының құрғауы, шөлге, кіші дәретінің жиілеуі, жүрек айнуы, тәбет төмендеуі пайда болған


  1. Зат алмасу процессінің нашарлауы уақыт өте келе бүкіл ағзаны қамтиды. Ол жүрек (жиылылу қабілетінің нашарлауы), бауыр(табан мен алақандардың сарғыш рең тартуы), бүйрек

( бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуі ), асқазан жолдарында (жүрек айну,тәбеттің төмендеуі) көрініс береді. Организмнің сусыздануы терінің құрғауына, қабыршықтануына, полидипсияға әкеледі. Ал, фурункулездің дамуы жалпы ағзаның қорғаныштық қабілетінің төмендеуіне байланысты дамиды.

  1. Диагнозы : Гипергликемиялық синдром, қант диабетінің І типі

  2. Қосымша мынадай зерттеулер жүргізуімізге болады:

Лабораториялық зерттеу:

  • Қанның биохимиялық көрсеткіші

  • Қанның жалпы анализі

  • Қандағы азот және олардың компоненттері

  • Қанның минералдық көрсеткіші

  • Несептің жалпы анализі

  • Қан плазмесындағы гормон мөлшері

Аспаптық зерттеу:



  • УЗИ

  • КТ

  • Экскреторлы урография

  • ЭКГ

  • Доплерография

  • Ангиография және т.б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет