Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
2мин
2мин
|
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерді көргеніме қуаныштымын,бәріміз қол ұстасып,дөңгелене тұрайық.
Күніміз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз тұнық болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жақсы өссін!
Оқушылар шаттық шеңберінде қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы сөз айтып, сабақты бастайды.
Балалар 3топқа бөлінеді.
Үйге берілген тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
|
Шаттық шеңбері
Үш түрлі фигураны (тіктөртбұрыш,
үшбұрыш, шаршы) таңдау арқылы топқа бөлінеді.
|
3мин
5мин
2мин
3мин
1мин
5мин
2мин
3мин
3мин
|
Мұғалім:-Аула-бәріміздің өмір сүру ортамыз.Біз ауламызды тазалаймыз, әдемі гүлдер отырғызамыз. Ал,сендер балалар аулада не істейсіңдер? Қандай ойын ойнайсыңдар?
Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім жаңа тақырыпқа қатысты сөздермен жұмыс жасайды,оларды оқиды.Жаңа сөздерге дұрыс құрылған сөйлем құратады.
Мен ауланы сыпырамын.
Сен бөлмені сыпырасың.
Ол еденді сыпырады.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Интерактивті тақтадан тазалыққа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді. «Мойдодыр» мультфильмнен үзінді көрсету.Ой шақыру сұрақтарын қояды:
-Бұл қандай мультфильм?
-«Мойдодыр»мультфильмі не туралы?
-Жеке бас тазалығы дегеніміз не?
-Қандай тазалық құралдарын білеміз?
-Сендер өздерін тазалық сақтайсыңдар ма?
2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым
1.Оқулықтағы тапсырма.Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады,сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Оқулықтағы «Тазалық сақтаймыз» мәтіннің желісі аудио- диск арқылы тыңдалынады.Сол бойынша сұрақтар:
-Аулада не болады?
-Аула сыпырушы не істейді?
- Аулада қандай тазалық сақтау керек?
-Сен аулада тазалық сақтайсың ба?
-Аулада қандай ойын ойнайсыңдар?
Мұғалім:
Балалар,бұл – ешкі жануары екенін білеміз.Ешкі жануары лақтарымен өзінің ауласына әдемі ағаштар отырғызып,қоқыстарды жинап, осы аулаға әдемі үй салғысы келеді.Балалар,ешкі жануарына көмектесеміз бе?
Олай болса,
1-тапсырма.Жұптық жұмыс.Диалогпен жұмыс.Диалогты толықтыр.
Мұғалім «Тірек сөздер»стратегиясы арқылы өзара диалог құрауды тапсырады.
1-топ: 2-топ:
-Сенің аулаң таза ма? -Сәлем,Жәнібек!
-...................... -.........................
-Ауланы кім сыпырады? -Сен қолыңды жуып жатырсың ба?
-...................... -...........................
-Сен қоқысты қайда тастайсың?
-.....................
2-тапсырма. «Жоғалған әріптер» ойыны.
З А Ы Л Қ Қ Ы П С Ы Р
Т Қ А О С А Д Ы Ы
3-тапсырма. «Моншақ»ойыны. «Тазалық»тақырыбына қатысты жуан буынды және жіңішке буынды сөздерден моншақ құрастыру.
Тазалық,сабын,көше,аула,күн,бет,таза,сүлгі,лас,қоқыс, сыпырады,тіс,т.б.
4-тапсырма. Мәнерлеп айту. «Жаттайық!»айдарымен тазалық тақырыбына қатысты өлеңдерді жатқа мәнерлеп айту.
Су Сабын
Тазалықты іздесең, Сабындаған кезінде
Мөлдір судан аласың. Ашытады көзіңді,
Тазалықтың досы Тазалықтың досы,
Су дегенің осы. Сабын деген осы.
Сүлгі Қоқысты тастама,
Ақ матадай түгі бар, Ауланы ластама
Қызыл – жасыл гүлі бар. Аялап қараймыз,
Тазалықтың досы, Талға да ,тасқа да.
Сүлгі деген осы.
|
Аулалары туралы мәлімет береді.
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды,жаңа сөздерді қайталайды.
Күн суреті арқылы сұрақтарға жауап береді.
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды,жаңа сөздерді қайталайды
Сұрақтарға толық жауап береді.
Иә,көмектесеміз.
Айтылым.
Ешкі ауласындағы қоқыстарды қоқыс жәшігіне салады.
Жұлдызшадағы
әріптерден сөз құрап жазады.
Ешкі ауласына алма ағашын отырғызады.
Моншақ құрастырғаннан кейін оқушылар ешкі ауласына шырша ағашын отырғызады.
Айтылым.
Бұл тапсырманы орындаған соң, ешкі ауласына балалар қайың ағашын отырғызады.
|
Сергіту сәті
2мин
2мин
1мин
|
2.Сергіту сәті. Мұғаліммен бірге қимыл жасайды.
«Жалқаубек»әні видео-көрінісімен.
Күні бойы далақтап,
Күні бойы салақтап,
Жалқаубегін жүреді,
Жан-жағына алақтап.
Ай,ай,Жалқаубек.
Әй,әй Жалқаубек.
5-тапсырма. «Есіңе сақта» айдарымен тазалық тақырыбына қатысты сөздердің орнын дұрыс тауып,сөйлемдерді құрастыру.
Тазалық кепілі –денсаулық! Мен сақтаймын тазалықты.
Аула сыпырады күнде сыпырушы ауланы.
«Жүректен жүрекке» айдарымен интерактивті тақтадан бүгінгі сабақта «Нені түсіндік?»жүрекшелерді басу арқылы қорытынды жасау.
|
Сергіту сәтіне арналған қимыл-қозғалыс.
Есіне сақтау керек сөйлемдерді «Есіңе сақта» сандықшасына салады.
Жүрекшелерде «Тазалық сақтаймыз», «Жеке бас тазалығын сақтаймыз», «Спортпен айналысамыз», «Табиғатты аялаймыз»,т.б.деп қорытындылайды.
|