"ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ КОНТЕКСІНДЕ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ" Тексерген:Боранбаева Б.С.
Орындаған:Тимурқызы А. Т-21
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
2020-2021ж.ж.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер - негізінде қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан қарастыруға арналады. Біз Өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, әрі ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Егер, осы ретте қарастырлып отырған рухани сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде жаңа сыни ойлау мен қоғамдық санада әлі де болса орын алып отырған ескі стереотиптер арасындағы келіспеушілікті жою деп алып қарастырсақ, онда бірінші кезекте бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет. Себебі, өмір сүру үшін өзгере білуіміз керек.
Америкалық саясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың бо-шы жылдарының өзінде «Жаңғырудың сыни мәселесі - бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістер емес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер» деген болатын. Біздің барлық қорқыныштарымыз,шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек Өз басымызда ғана екені сөзсіз анық. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп,түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты. Аталған өзгерістердің өзекті бағыттары Елбасының мақаласында айқын баяндалып, ұсынылған. мәселен, Махатма Ганди: «Егер сен Әлемнің өзгергенін қаласаң, өзің сол өзгеріс бол» деген екен.Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқталады: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Сананы жаңғырту арқылы әрбір қазақстандықты қазіргі жылдам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға толық болады.
Қоғамдық сананы жаңғырту үшін қандастарымызға тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды, әлемнің үздік дүниелерін, дамудың не үшін маңызды екенін жете түсіндіру керек. Осы ретте Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады.
Бағдарламалық мақала жоғарыда айтып өткен жасалу керек бағыттардың барлығын қамтиды. Мақала жарияланған бір жарым жылға жуық уақыттың ішінде көптеген игіліктер жүзеге асты. Атап айтсақ, еліміздегі киелі орындар насихатталып, белсенді әрі білімді азаматтардың еңбегі еленіп, шетелдік үздік әдебиеттер қазақ тіліне түпнұсқадан тәржімаланып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталып жатыр.