Қоғамның саяси жүйесі.Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси режимдер.
1.Саяси режим-мемлекеттің,қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы.
Саяси режим түрлері:
.Демократия
.Авторитаризм
.Тоталитаризм
2.Тоталитаризм-бұл бөліністер мен шектеулерді жоятын,жалпы билікті жүзеге асыратын мемлекетке негізделген идеологиялардың,қозғалыстардың және саяси режимдердің тобы. Бұл басқару түрінің екі түрінің ерекшеліктерін біріктіретін ымыралы нұсқа.
3. Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі. Авторитарлық саяси режимнің типтері де абсолютті монархия және әскери диктаторлық режим болып табылады.
4. Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың жолы. Демократия – сөзі “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады.
Демократияның негізгі ұстанымдары:
1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады.
2. Мемлекеттік билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың арасынан ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.
3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.
4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына мүмкіндік беріледі.
Мемлекет – белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Мемлекет түрі,тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттілігімен еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады.
5.Мемлекеттің құрылуы.
Мемлекеттік құрылымның негізгі формалары׃ Биліктің орталықтандырылу деңгейіне қарай көп ұлтты мемлекеттер мен мемлекетаралық одақтардың құрылымдары әр түрлі болады.
Көпшілік елдерде билікті орталық (ұлттық) және жергілікті органдар арасында саяси және әкімшілік шекараластыру жүзеге асырылған.Әр ел өзгелерден биліктік орталықтандырылу деңгейімен ерекшеленеді. Мемлекеттің құрылымы осыған қатысты айқындалады.
6.Мемлекеттік құрылыс нысандар
Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды.
7.Саяси жүйе ұғымы.
Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.
«Саяси жүйе» термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар – «жүйе», «саясат», «қоғам».
8.Саяси жүйенің элементтері
Саяси жүйенің элементтері құрылымдалған болады және әр түрлі топтардың билік нақты жүзеге асыру тәртібі, бұл саяси стратификация негізінде, болып табылады.
Саяси жүйенің барлық элементтері бір-біріне тәуелді. Өзара іс-қимыл, олар оның қоғамдағы толыққанды жұмыс істеуін көмектесу үшін, тұтастай алғанда жүйенің жай-күйiне әсер.
9.Элиталардың негізгі теориялары
Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның классикалық
теориялары, Роберт Михельстің олигархияның темірдей заңы», демократиялық элитизм мен элита плюрализмі концепциялары.
Элиталардың тұжырымдамалары ежелгі уақытта пайда болды. Тарихи жағынан алғанда
адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады
Алайда элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғасырдың басында италиялық ғалымдар Гаэтано Моска, Вильфредо Парето, неміс ғалымы Роберт Михельс және тағы да басқалары қалыптастырды.Элита теориясы - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады.
10.Саяси элита ұғымы
Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.
Асқарқызы Жанеркем 033 ТФП
Достарыңызбен бөлісу: |