Оқиға және ықтималдық
Қандай да бір сынаудың нәтижесінде пайда бола алатын кез келген фактіні оқиға деп атаймыз. Оқиғаларды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді (А, В, С, D,...).
1-мысал. Сынау – тиынды лақтыру.
Оқиға – «Гербтіңң түсуі.
Яғни, оқиға сынаудың нәтижесі ретінде қарастырылады.
Белгілі бір шарттар жиынтығы орындалғанда міндетті түрде пайда болатын оқиғаны ақиқат оқиға деп атайды.
Мысал, егер қүтыда қалыпты атмосфералық қысым мен 200 температурада су бар болса, онда «құтыдағы су сұйық күйдең оқиғасы ақиқат. Бұл мысалда берілген атмосфералық қысым мен судың температурасы шарттар жиынтығын құрайды.
Сынау нәтижесінде қарастырып отырған оқиға ешқашан орындалмаса, онда ол мүмкін емес оқиға деп аталады.
Сынау нәтижесінде пайда болатын немесе пайда болмайтын оқиғаларды кездейсоқ оқиға деп атайды.
Кездейсоқ оқиғалардың түрлері
Егер бірдей сынау нәтижесінде қандай да бір оқиғаның пайда болуы басқа оқиғаның пайда болуын жоққа шығарса, ондай оқиғалар үйлесімсіз деп аталады.
2-мысал. Тиын лақтырылсын. «Гербң -тің пайда болуы санның пайда болуын жоққа шығарады. «Герб пайда болдың және «сан пайда болдың оқиғалары –үйлесімсіз.
Егер сынау нәтижесінде бірнеше оқиғалардың ең болмағанда біреуі пайда болса, онда ондай оқиғалар толық топ құрайды. Басқаша айтқанда, толық топтың ең болмағанда бір оқиғасының пайда болуы ақиқат оқиға. Дербес жағдайда, егер толық топ құрайтын оқиғалар жұп – жұптан алғанда үйлесімсіз болса, онда сынау нәтижесінде бұл оқиғалардың тек біреуі ғана пайда болады.
3-мысал. Атқыш нысанаға атты. Міндетті түрде мына екі оқиғаның біреуі орындалады: нысанаға тию, тимеу.
Бұл екі үйлесімсіз оқиға толық топ құрайды.
Егер оқиғалардың біреуінің пайда болу мүмкіндігінің екіншісіне қарағанда артықшылығы болмаса, онда оқиғалар тең мүмкіндікті деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |