Оқылым 10 сынып 1-тапсырма. Мәтінді оқып , тест тапсырмаларын орындаңыз. Баяғыда бір елде бір патша өмір сүріпті. Патша адамдық құндылықтардың барлығына бірдей мән беріпті де, адалдыққа айрықша қарайды екен. Өкініштісі, ол әбден қартайған екен. Сол себептен, өзінен кейін ел басқаратын адамның таққа отыруы керек еді. Тағдырдың ісіне не шара, патшаның ұлдан тұяғы болмапты.
Ақыры, бір ойға бекініпті. Елдегі барлық балаларды сарайдың бағына жинауды бұйырыпты. Бір күннен кейін сарайдың бағына жүздеген, мыңдаған бала жиналыпты. Патша, балаларды аралап келіп, алақандарына құйттай бір нәрсе салыпты. Сосын: «Сендерге бір-бірден дән бердім. Үйлеріңе барғаннан кейін тұқымды отырғызыңдар. Бір айдан кейін маған кімде-кім ең әдемі гүл әкелсе, осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты сол балаға бұйырмақ», - депті.
Риза болған балалар үйлеріне қайтыпты. Бұл балалардың арасында Яхия есімді бір бала бар екен. Ол да басқалар секілді, анасынан бір құмыра алып, ішіне топырақ салып, дәнді отырғызып, суғарып, өсуін күтіпті.Алайда, арада он күн өтсе де, құмырада ештеңе де көктемепті.
Патшаның берген мерзімі бітіп, балалар сарайға карай бет алыпты. Құмыралар түрлі түсті гүлдерге толыпты. Балалардың әр қайсысының маңдайынан сүйіп, бос құмыра ұстаған Яхияға бұрылып: «Сенің құтың неге бос?» - деп сұрайды. Яхия ұялғанынан төмен карап: «Сіздің берген дәніңізді бар ықыласыммен отырғыздым, баптадым, суғардым. Бірақ еш нәтиже бермеді» - депті.
Патша күлімсіреп еңкейіп, баланың бетінен сүйіп: «Қапа болма, балақай. Осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты саған бұйырыпты»,-депті.
Патша сөзін жалғастырып: «Негізінде құмыралардың барлығы бос әрі гүлсіз болуы керек еді, себебі мен балаларға дәннің орнына қара моншақ таратқан едім. Бәрі де жалған әрекет жасап, мені алдады. Тек мына бала ғана шындықты көрсетті.