Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
ҚазССР-ң 50 жылдық №13 жалпы орта мектебінің
математика пән мұғалімі
Конусбекова Меруерт Карабаевна
«Оқыту мен оқудың сапасын арттыру-жаңа формация мұғалімінің құзырлығында»
Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлы: « Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педогогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деп тегін айтпаса керекті.Елімізде жүргізіліп жатқан көптеген реформалар әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарына жетуді көздейді.
Десек те, қалыптасқан білім беру қалыбымыз бар. Бірақта ол жетілдіруді талап етеді. Бой салыстыратын емес ой салыстыратын осынау ғасырда ойы ұшқыр, пайым-парасаты дамыған, дербес іс-әрекет жасай алатын, өзіндік көзқарасы қалыптасқан қоғамда болып жатқан өзгерістерге бейім азамат тәрбиелеу барша ұстаздар қауымының міндеті.
Оқушының жан дүниесіне үңілі білетін, оның бойындағы ерекше қасиеттерін сезіне алатын және оған дұрыс бағыт беретін, тоқырау кезеңінде дер кезінде жанашырлықпен қол ұшын соза білетін, рухани өсуіне жағдай туғыза алатын мұғалім қай кезде де оқушы үшін де,
қоғам үшін де абыройлы тұлға болып қала береді.
Мұндай ұстаздар тобын қалайша көбейтеміз? Қайтсек білім сапасын жақсартамыз, өркениет көшінен қалмаймыз деген ойлар сананы қамшылап сындарлы оқытуды Қазақстанға енгізу дұрыс деп шешілді.
К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» деген пікірін мұғалім жолдастар басшылыққа ұстаса ғана осы құрметті атқа лайық болар еді.
Демек, жаңа формация мұғаліміне үнемі ізденіс үстінде жүру талап етіледі.Жаңа формация мұғалімінің саяси сауатты, жан-жақты білімі,өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі болуы шарт.
Біз Кембридждік әдіс-тәсілдерді оқығанда Выготскийдің жақын арада даму аумағында оқушылар топтасса дарынды балалар өз сыныптастарына үнемі қол соза отырып, топтық жұмысты жандандыру арқылы нәтижеге жетуге болатындығын білдік. Выготскийдің оқыту моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ. Осылайша оқушылар өз сыныптастары мен емін – еркін араласа отырып, топтаса әрекеттенсе үлгерімі төмен оқушы үлгеруші оқушыға ал, үлгеруші оқушы үздік оқушыға айналатынын өз тәжірбиемде көз жеткіздім.
Осы тәжірбиені неге ұстаздар арасында Lesson Study арқылы жандандырып, жүйелі жұмыс атқарып, жақсы нәтижеге қол жеткізбеске.
Кембридждік тәсілдерді оқыған деңгейлік бойынша сертификатталған мұғалімдердің сабақты түрлендіріп, 7 модулді ықпалдастырып идеал сабақ өту әлеуеті жоғары. Сол себепті өзге әріптестері мен лесн стадиді ұжымда дұрыс жолға қойып, білім беру сапасын жақсартуға жұмыс істеуге тиіс деп санаймын.
1970 жылдардан бастап «Lesson Study» барлық жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады.
«Lesson Study» жапон мұғалімдеріне педагогикалық білімімен қатар, өздерінің пәндік білімдерін де тереңдетуге көмектескенін, пәндік білімнің тереңдеуі жапондық оқушылардың, американдықтармен салыстырғанда, білім көрсеткіштерін жақсартуға ықпал еткенін (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999) білгеннен кейін, «Lesson Study» әдістемесі Батыста да кеңінен таралды. Ұлыбританияда Lesson Study:
Оқыту әдістемелерін жетілдіру;
Бастауыш және орта мектептер мен жоғары оқу орындары оқушыларының үлгерімін арттыру;
Оқыту үшін бағалау сияқты ауқымды педагогикалық тәсілдерді дамыту үшін табысты пайдаланылады.
Қазіргі кезде Lesson study Сингапур, Гонконг, Қытай, Ұлыбритания, Швеция, Канада да қолданылады.
Lesson Study де әдетте сабақ жоспарын бір немесе бірнеше әріптес бірігіп жасайды. Мәселен, бір сыныпқа сабақ беретін төрт мұғалім.Пән мұғалімдері жоспар құрғанда белгілі бір мақсатты көздейді. «Белсенді оқушының белсенділігін ары қарай дамыту», «енжар оқушыны белсенді оқушыға айналдыру», «өз идеаларын қорғай білуге үйрету» тағы да басқа.
Бірігіп жасаған сабақ жоспарын өтуші мұғалім сабақты талдауға өзге әріптестерін шақырады.Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен соңғы қорытынды бөліміне дейін сабақ бақылауда болады.Онда мұғалімнің және де оқушының іс-әрекеті түгелімен жазылынып алынады.
Бақылаушылар түрлі тәсілмен жазып алады.Біреуі видео касетаға, енді біреуі аудио касеттаға ал, енді біреуі бақылау парағын пайдалануы мүмкін.Сабақты талдау жүйесін Жапон мұғалімдері өте жоғары бағалайды.Мұны мына мұғалімнің сөзінен аңғаруға болады.
«Біз неге сабақ талдау жасаймыз? Оның қандайда бір пайдасы бар деп ойлаймын. Егер біз сабаққа талдау жасамасақ біз мұғалім болмас едік».
Сабақты талдау- сабақ беру әдісіңізге басқа көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жерде әңгіме өзге әріптестердің ашық талқылауы болып отыр. Сабақ талдауда сізге өзге әріптестеріңіз біршама ескертулер айтуы мүмкін. Мысалы: өте жылдам сөйлейсіз, дауысыңыздан өктемдік байқалады, дайын білім беруге көп әуестендіңіз, сыныптың 50% ғана сөйледі, бағалауда объективтілік танытпадыңыз тағы да басқа.
Лесн стади бір реттік сабақ емес. Апталықта немесе семинарларда шоу ретінде өтіп, шағын құрамдағы мұғалімдердің талқылауымен оңай құтылып кететін. Артықтау кетсем әріптестерімнен кешірім сұраймын.
Жапон мұғалімдері Лесн стадидің пайдасы жайлы айтудан жалықпайды.Сабақты талдау сізге жаңаша мақсаттарды, сабақ құрылымын оқушылардың қабылдау, меңгеру деңгейіне лайықтап жасалған өз жоспарыңызды әріптестеріңізге ұсыну мүмкіндігін, бірлестіріп оңтайластыру мүмкіншілігін береді. Нәтижесінде мұғалімдер арасында білім беру сапасын жақсарту идеясы алдыңғы орынға шығып, ынтымақтастық атмосферасы орнайды. (Суретте № 74 негізгі орта мектебінің ұстаздары сабақ талдау үстінде)
Сабақ талдау- сабақты қалай беру керектігі жайлы мұғалімнің идеясын кеңейтеді. Лесн стади де мұғалімдер сабақтың кезеңдерін қалай құратындығын, қандай материалды ұсыну керектігін талқылай алады. Өзара пікір алмасып, жоспарды қайта әзірлеп, сабақ өтіп, кейін сабақ талдауларын өткізеді. Ұжымдағы мұғалімдер мен шығармашылық топ осылайша тәжірбиелерін жетілдіріп, жақсартып отырады.
Байқағандарыңыздай ұжымда бірлескен жұмыс қарқын алады.Білім саласы тамырын тереңге жайып, саялы көлеңке, мәуелі ағаш кейпіне енуі үшін жаңа формация мұғалімдері лесн стадиді қолға алу керек. Жапондықтар, мұғалімдер лесн стадимен ұзақ уақыт жұмыс істесе өз сабақтарын жақсарта алатынына сенімді және сабақты бірігіп жасау маңызды деп санайды.Егер сізде жақсы жоспары немесе жақсы оқулық болса да сіз жақсы сабақ өте алмайсыз. Себебі, сіз өз дағдыларыңызда бірлескен әріптестік жұмыста жетілдірмедіңіз. Сіз әлі де оқшауланып, өзіңіз үшін тиімді деп тапқан әдіс-тәсілдеріңіз бен сабақ өте беретін болсаңыз күндердің күнінде тығырыққа тірелесіз.Сабақ беретін сыныбыңыз қанағаттанарлық білім көрсеткішін бере алмай қалуы да ғажап емес. Жапон мұғалімдері бірлесіп жұмыс істеу өзінің сабақ беру әдісіне зиян тигізеді деп ойламайды. Өзара әдіс алмасу дұрыс деп есептейді.Сіз басқалардың сабақ беру тәсіліне еліктеп, нәтижесінде өзіндік оқыту әдісіңіз қалыптасады. Сабақ өтіп болғаннан кейін әріптестеріңіз тарапынан айтылған сын-ескертпелер сізді әр түрлі эмоциялық күйге түсіреді.
Алайда, сәтсіздіктен қашпау керек. Себебі, сын жеке адамға бағыттталмайды, сол жоспарды құрған өзге әріптестеріңіздің де сыбағасы бар.
Бір сәт елестетіп көріңізші, сіз сабақ беріп жүрген сыныптағы оқушылар өзге әріптесіңіздің сыныбына ауысып, сіздің сыныпта оқушылар саны азайып жатса сізге алғаш қандай ой келеді?
Әрине, мұндай жағдайда сіз бірінші кезекте кінәні өзіңізден іздеуіңіз керек. Себебі, сіз жаңа технологияны меңгермегенсіз я болмаса сабақ өту стиліңіз оқушыларға ұнамайды.Сол үшін де мен сізге үнемі біліміңізді жетілдіруге және де Кембридж әдіс-тәсілдерімен сабақ өтуге, ұжымда лесн стадиді енгізуге кеңес беремін.
Құрметті әріптестер менің айтып отырған ой-пікірлерім баршаңызға таныс деп ойлаймын. Дегенмен, жаңа формация мұғаліміне лайық болу үшін ұстаздар лесн стадиді шұғыл қолға алып, жас мамандар мен өзге де курстан өтпеген әріптестерімізге жаңа әдіс -тәсілдерді үйретуіміз қажет.
Ол үшін ұжымда бірлескен жұмыс қарқын алуы керек.
Барша ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар, бала жанының шипагері болып жүрген ұстаздарға шығармашылық табыс, әрдайым сәттілік тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |