Өсіп келе жатқан ұрпақтарының ой-өрісін дамыту мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына қосылмақ. Осы тұста, оқушылардың білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу нәтижелерін негізге ала отырып қарастырайық.
Білім саласында өзінің ерекшеліктерімен әлемдік деңгейде мойындалған бірнеше халықаралық жобалар бар. Соның ішінде, білім жүйесінің танымал сарапшылардың баға беруі бойынша обьективті елдерден тәуелсіз бағалау жүргізетін TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері елімізде өткізілуде.
TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study)
TIMSS
TIMSS
Алғаш рет 2007 жылы Қазақстан 4-сынып оқушыларының халықаралық салыстырмалы мағлұмат алу мақсатында математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуіне қатысты. Бұдан әрі TIMSS-2011 және TIMSS-2015 кезеңдеріне қатысты. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне қатысушы 36 мемлекет ішінде қазақстандық оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп бағаланды. Оқушыларымыздың математикадан орташа көрсеткіші 549 (1 000 балдық шкала бойынша) ұпай, бұл көрсеткіш 5 орынға лайық болса, ал жаратылыстанудан орташа көрсеткіші - 533 ұпай, аталмыш көрсеткіш 11 орынды көрсетеді. Жалпы алғанда осы сынақта оқушыларымыз 7 орынды иеленді.