«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТI» КеАҚ
БӨЖ
Тақырыбы: Оқытудың көрнекі құралдары. Бейнелеу
көрнекі құралдар.
Орындаған:ДПМНО-001С тобының студенті Ұлдахан Меруерт
Кез-келген оқыту әртүрлі оқыту құралдарына сүйенеді Оқулықтар, карталар, көрнекті құралдар, таблицалар және басқалар. Бастауыш кластың дүниетану пәні де осыларға сүйенеді.
Қоршаған объектілер мен құбылыстар жөнінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың толық мағлуматтарының болмайтындығын ескерсек, бұл құралдардың маңыздылығы арта түседі. Олар оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етіп, оқытудың танымдылық процесін активтендіреді, тәрбиелік және дамытушылық қызметтін атқарады. Бұл құралдар негізгі білім көзі болып саналады.
Ұзақ уақыт бойы әдістемеде ''оқу-көрнекілік құралдары'' термині қолданылып келді, оқу-тәрбие процесінде олардың рөлі мен орнына атауы сай келмейді. Біріншіден, көрнекілік ол оқыту құралдарының бір ғана қасиеті, екіншіден ''құралдар'' терминін мазмұнында бұл құралдардың рөлі толық бағаланбаған, дидактиканың басқа категорияларымен салыстырғанда маңызы төмендеген: оқыту әдістері, формалары, мазмұны. Жаратылыстануды оқыту құралдары – ол табиғи және арнайы дайындалған объектілер, заттар, сол сияқты осы оқу пәнінің мазмұнын құрайтын, білімділік міндетті шешетін оқыту процесіне еңгізілген эксперименттер.
Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.
Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.
Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.
Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.
Кебір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады ( дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм)
Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.
Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші.
Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады. Жіберілген қателіктер тез арада түзетіледі, ал мұғалім болса өз жұмысына да оқушылар іс-әрекетіне де түзету еңгізе алады. Бұл жағдайда оқыту құралының маңызы зор.
Оқушылардың өздігінше жұмыс жасауы жекелей немесе тобымен жүргізілуі мүмкін, сондықтан да сабақ барысында оқыту құралдарының маңызы да арта түспек. Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің оқу барысындағы іс- әрекетін бақылап, қателік жіберсе түзету ееңгізе алады. Әр оқытушының қабілетіне байланысты білетін тапсырмалардың да мүмкіншілігін дұрыс ұйымдастырған жөн. Былайша айтқанда оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыруда оқыту құралдарының көмегі аса үлкен орын алады. Мысалы, карточкалар, темттер, оқулықтар, есептер мен жаттығулар жинағы, оқыту программалары.
Оқыту құралдарын жасау қолданудағы негізгі мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру дедік. Сондықтан да оларды осы мақсатта пайдалану барысында басқаша да топтастыруға болады. Олар үш топқа бөлінеді.
Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру;
Оқушылардың өзідік жұмысын ұйымдастыру;
Сабақ барысын тексеру және басқару;
Оқу-іс-әркетіндегі пайдаланылатын формасына байланысты оқыту құралдарын басқа да топтарға бөлуге болады:
Оқушылардың фронтальды жұмысын ұйымдастыру;
Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
Оқушылардың жекелей жұмысын ұйымдастыру;
Мұндай топтастырудың тек шартты түрде екенін айта кеткеніміз жөн, себебі кейбір оқыту құралдары оқу-іс-әрекетінің әр түрлі формасында да пайдаланылуы мүмкін.
1. Оқыту құралдарының жіктелуі
Оқыту құралдары - адамның табиғи тұрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету ұшін және оқушыларды оқытып-тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушылардың қызмет құралы мен оқу информациясы ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданылатын материалдық объектілері мен табиғаттың табиғи заттары.
Оқыту құралдары мазмұндылық, әдістер, ұйымдық формалар сияқты оқу жұйесі (жобадағы ұлгі) мен оқутәрбие процесінің, сонымен бірге кез келген оқу орнының материалдық-оқу базасының басты базасының да компоненті болып есептелінеді.
Сонымен қатар білім берудің мақсаты да, оның мазмұны да белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Дәлірек айтсақ, жаңа құралдар мен техникалық жаңалыктардың туындауына байланысты ғана оқу бағдарламаларына оқушылардың бұрынғы кездерде танысып-білуге мұмкіндік ала алмаған ғылым салаларының материалдары батыл түрде енгізілуде. Ал бұгінгі танда оқушылар жаңа техниканың аркасында білім алудың жаңа әдістері мен технологиясын меңгере отырып, өздерінің шығармашылық потенциалының көзін ашуға, табиғи қасиеттері мен қабілеттерін одан әрі дамытуға толық мұмкіндік алып отыр.
Оқыту құралдарын жасау мен қолдану мәселесін көтерген ғылыми-зерттеу жұмыстарында оны жіктеудің (классификациялаудың) екі әдісі қамтылған: педагогикалық және инженерлік әдістер. Педагогикалық әдіс оқу процесінде тұрлі дидактикалық әдістерді жұзеге асыруға негізделген. Осы орайда, ең бірінші кезекте оқушылардың білім алу мен танымдық қызметінің сан алуан тұрлерін ұйымдастыруға, оқытушының оқу-тәрбие, мотивациялық және бақылаушылық және т.б. қызметтерін жұзеге асыруына ерекше мән беріліп отырады. Ал инженерлік әдіс болса оқу құралдарының конструкторлық-технологиялық өзгерістерін, өндіріс тәсіліне байланысты оларды топқа бөлуді, оқушылардың білім алуына жағымды әсер ету жолдарын, эргономикалық мінездемелерді және т.б. үнемі ескеріп отырады. Дидактикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, біздің ойымызша, оқу құралдарын жіктеудің С.Г.Шаповаленко ұсынған жобасы көңілге қонымды сияқты.
1.Табиғи обьектілер нақты зерттепбілу мақсатында объективтік шындықтың заттарын қамтиды. Олар: тұрлі материалдардың, шикізаттардың, кұралдардың, бөлшектердің, өсімдіктердің, гербарийлердің, жануарлардың, тұлыптардың (чучело), микропрепараттардың, реактивтердің және т.б. үлгілері мен коллекциялары. Оқу кұралдарының бұл тобына табиғи көрнекі кұралдар, өндірістік-оқу, демонстрациялык, зертханалық кұралдармен қоса оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен шеберліктері шындалатын өндірістік-оқу құрал-жабдықтарын да жатқызуға болады.
2. Материалдық объектілерді суреттеу мен бейнелеу тобына жататындар: ұлгілер, муляждар (бедерлер), макеттер (ұлгілер), кестелер, иллюстрациялық материалдар (фотосуреттер, суреттер, портреттер), экрандық-дыбыс құралдары (диафильмдер, диапозитивтер (слайдтар) сериялары, кинофильмдер, транспаранттар, дыбыс және видео жазбалары, күй табактары, радио және теледидар хабарлары).
Мысалы, үлгілер:
1) түпнүсқаны ауыстыру тәсілі бойынша - материалдық және идеалдық (саналық, белгілік және рәміздік);
2) объектінің ішкі құрылымы бойынша (құрылымдық, функционалдық және аралас);
3) функционалдық қызметі бойынша (демонстрациялық, таратушылық);
4) затты бейнелеу тәсілі бойынша (динамикалық, көлемдік, аралас, статикалық, жазыктық).
3. Заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары тестік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұскауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды.
Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу процесі барысындағы хабарларды тарату кұралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т.б.
Техникалық құралдар тобына сонымен қатар түрлі проекциялық және дыбыстық аппаратуралар (кинопроекторлар, диапроекторлар, графапроекторлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар); тренажерлар, әмбебап техникалық құралдар, лингафондық кұралдар, электрондық есептеу техникасы жатады.
2. Оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері
Оқу кұралдары жүйесінің қалыптасуы - білім беру құралдарының түріне өзіндік белгілері бойынша классификациялық тұрғыдан жатқызуды ғана емес, сонымен қатар олардың дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.
Дидактикалық қасиеттер дегеніміз - оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық функцияларында (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оку құралдарына тән болып келетін мүмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әр-түрлі болып келетіндігіне қарамастан, олар ортақ қызметтер атқарады. Атап айтқанда:
- оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып тұсінуді, тұсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;
- хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де аткара береді;
- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық, уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;
- бейімделушілік қызмет оқу процесіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;
- интеративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе кұбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мұмкіндік береді. Бұл қызмет (функция) оқу құралдарын комплексті тұрде қолдану мен жаңа информациялық технологияның құралдарын қолдану арқылы жұзеге асырылады.
Жоғарыда біз жалпы дидактикалық тұрғыдан оқу құралдарының қалай жіктелетіндігін атап өттік. Ал сол белгілердің ішіндегі ең мәндісі бізді қоршаған ортаның заттарын бейнелеу тәсілі арқылы ғана олардың жалпы дидактикалық функцияларын белгілі бір дәрежеде көрсетіп бере алған сияқтымыз. Ендігі жерде өзіміз атап өткен оқу құралдарының топтарына сипаттамалар беріп көрелік.
Табиғи объектілер. Табиғи объектілерге, әдетте оқушылар таратылған материалдар немесе көрсету арқылы таныстырылатын табиғаттың сан-салалы жанды және жансыз объектілерін жатқызады.
Көрнекілік - компоненттер ретінде жанды объектілерді қамтитын табиғи объектілерді таңдаудағы немесе көрнекіліктің әр тұрлерін жобалаудағы басты талаптардың қатарына жатады.
Дәл осы мақсатқа сай оқылатын ұғымдардың мазмұнын ашып-көрсетуге қажетті өзіндік белгілері айқындалған объектілер таңдап алынады. Табиғи объектілердің көрнекілігін одан әрі күшейте түсу мақсатында кодтың әр тұрлі әдістері қолданылады. Атап айтқанда: түспен, сандармен, әріптермен белгілеу (кодтау). Оқу процесінде табиғи объектілерді қолдануда олармен жұмыс істеудің ең басты әдісі - бақылау мен тәжірибе (эксперимент) болып табылады.
Көрнекі құралдар ретінде пайдаланудағы ең бірінші кезектегі табиғи объектілер болып табылатын нәрсе, ол — құрал-жабдықтар және оның бөлшектері. Ал оларды арнайы дайындайды және өңдеуден өткізеді: кесіп, қиылады, жекелеген бөлшектерді арнайы бояулармен бояйды, қапқаларына, сыртқы жақтарына (корпустарына), қаптарына көрінетін арнайы терезелер ойылады, ішкі қуыстарына жарық тұсіріледі, белгі беретін шамдар (лампочкалар) орнатылады және т.б.
Оқу үлгілері, муляждары (бедерлері), макеттері. Үлгілер - табиғи объектілерді жасанды түрде қабылдап және оның құрылымын, өзіндік қасиеттерін, байланыстарын және т.б. бере алатын көрнекілік-оқу бейнелеу құралдары болып саналады. Бұл арада атап өтетін бір жайт, нақты объектіні бейнелеп беруде шарттылыққа (үлкен және кіші әлем) да жол беріліп отырады: оның көлемін ұлкейту немесе кішірейту, объектілердің құрылымын берудегі схематизация, олардың тұстерінің шартты тұрде алынуы және т.б.
Муляждар (макеттер) деп табиғи объектілерді өздеріне өте ұқсас етіп көрсететін көрнекілік құралдарды атаймыз. Муляждар мен макеттерді жасаған кезде нақты объектілер нақты бейнеленеді, яғни шартылыққа жол берілмейді. Дәлірек айтқанда олардың көлемі, тұсі, формасы және құрылымы өте дәлдікпен берілуі қажет.
Бейнелеу көрнекі құралдары. Оқу таблицалары және картиналар, қолдану ерекшелігі
Қоршаған ортаны оқытуда қолданатын негізгі бейнелі құралдар.
Оқушылардың табиғаттану тусініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамытуда қолданылатың бейнелеу көрнекі құралдармен жұмыс істеу ерекшелігі.
Бейнелі көрнекі құралдар: картиналар, таблицалар, фотосуреттер, открыткалар, иллюстрациялар.
Достарыңызбен бөлісу: |