Ұож технологиялық карта Білім беру саласы: Қатынас Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сетказина Б. С. Бөлімі



Дата08.06.2018
өлшемі17,72 Kb.
#41275
ҰОЖ технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сетказина Б.С.

Бөлімі: Қазақ тілі Күні:30.12/07.01/12.01

Тақырыбы: Жеңіл киімдер (Одежды)

Мақсаты Киімдерді қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Сөздерді буынға бөліп айта алу дағдысын қалыптастыру, сөздерді есте сақтау және сөздерді дұрыс дыбыстау дағдыларын қалыптастыру. Ұқыпты болуға, заттарына мұқият қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Жеңіл киімдер суреттері, қуыршақ.

Қажетті құрал –жабдықтар: тақта, түрлі-түсті қарындаш.

Биллингивалды компонент: Қалпақ-шапка, Тақия – тюбетейка, Жейде-рубашка,Көйлек –платье, Шалбар-брюки.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Сәлеметсіңдерме, балалар!
Келіңдер шаттық шеңберіне тұрыңдар.

Кел, балалар күлейік,


Көңілденіп жүрейік.
Балдырғанбыз демейік,
Білім сырын білейік.
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұр.
Өткен сабақты еске түсіру. Балалар біз өткен сабақта қысқы киімдерді енді соны еске түсіріп, қысқы киімдер атауларын қазақша қайталап жіберейік. Қысқы киімдер бейнеленген суреттерді көрсету арқылы, өткен тақырыпты қайталату.
Балалар бүгін біз жаңа тақырып өтеміз.

Бүінгі тақырыбымыз «Жеңіл киімдер»


Тақтадан ненің суретін байқадыңдар?
Дұрыс, бір сөзбен бұларды не дейміз?

Жеңіл киімдер– жазда киетін киімдер.

Бұл киімдерді біз әрине, жазда киеміз, яғни жеңіл жүреміз. Жазда күннің ыстық болуына байланысты, киімді де мезгілге сай киінуміз керек.



Сәлемдеседі.
Шаттық шеңберіне тұру.

Балалар қысқы киімдер суреттері арқылы естеріне түсіріп, айтады.


Балалардың назары тақтадағы суретке түседі.


Олар бейнеленген суретті баяндайды.
Жауабы: Жеңіл киімдер.

Балалар қайталайды.



Ұйымдастырушылық –ізденушілік

-Мынау көйлек – платье.

-Мынау көйлек.

-Мынау не?

- Мынау – шалбар – штаны.

-Мынау- жейде-рубашка.

- Мынау тақия-тюбетейка.

- Мынау қалпақ-шапка.
Сергіту сәтін өткізу.

Бала, бала, балақан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Алай, бұлай ойнап.

«Дүкенде» дидактикалық ойыны.

Балалар әжесімен киім дүкеніне барып, өзіне керек киімдерді сатып алу керек. Жолай, әжесі не алу керек екенін ұмытып қалыпты. Енді біз әжейге көмектесуіміз керек.

Балаларға жеңіл киімдерді көрсетіп,оларды атауын сұрайды.




Тыңдайды, сөзді дұрыс айтып жаттығады, жаңа сөзді айтып үйренеді.
Сурет бойынша сөздерді қайталайды.

Балалар қайталап отырады.

Ойын кезінде балалар таныс сөздерді табуға тырысады, олар қайталайды, тілдерін жаттықтырады.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қандай жеңіл киімдер атаулырын үйрендік?

Жеңіл киімді қай жыл мезгілінде киеміз?



Естерін түсірген, үйренген сөздерін айтады, естеріне сақтауға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Қалпақ, тақия, жейде, көйлек, шалбар сөздерінің қазақша атауларын білу;

Қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді дұрыс игеру;

Сөздерді түсініп, саналы түрде есте сақтап меңгеру керек.




Жеке жұмыс: В.Ковалев, М.Колесников, А. Лемин, О. Мальцев М. Самарин сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру үшін жеке жұмыс жасатып, сөздерді қайталату арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды игерту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет