Ойыншылардың киім үлгісі. Теннис киіміндегі ең бастысы – бұл шолақ шалбар және жейде. Үстел теннисі үшін шолақ шалбар қозғалыс жағдайына байланысты, қозғалысқа белсенділігіне қарай, тіпті



Дата16.12.2022
өлшемі15,07 Kb.
#163001
Байланысты:
Документ сессия


6сұрақ Ойыншыдардың киіміне қойылатын талаптар сипаттаңыз ?
Ойыншылардың киім үлгісі. Теннис киіміндегі ең бастысы – бұл шолақ шалбар және жейде. Үстел теннисі үшін шолақ шалбар қозғалыс жағдайына байланысты, қозғалысқа белсенділігіне қарай, тіпті, осы заманғы үстел теннисінде қалаптасқан дәстүрден мейлінше қысқа болуы тиіс.
Жейденің түрі бойынша модельдері әр түрлі болады және доп нашар ажыратылатын түстерді пайдалануға жол бермейтін үстел теннисінің ережелерімен шектелген

7сұрақ Ойыншылардың аяқ киіміне қойылатын талаптарды сипаттаңыз


Аяқ киім. Нақты үстел теннисіне арналған залдық аяқ киімнің ерекшелігі туралы айтқанда, оның үш түрі бар екен айрықша атап өтуге болады: жұқа табанды аяқ киім, қалың табанды аяқ киім және екі ортадағы түрі. Жұқа табанды аяқ киімнің артықшылығы салмағының жеңілдігі және еденде ыңғайлылығы болып табылады. Қалың табанды аяқ киім тізеге, бел және омыртқа буындарына түсетін артық салмақтан қорғайды. Үстел теннисіне арналған барлық кроссовкалардың табаны иілгіш болып келеді, ол барлық жағынан да майысады және жиырылады. Теннис кроссовкаларының табаны төменгі жиегінен доғалданған, ол үстелден бұралмалы қадамдар жасап қозғалу ерекшелігіне байланысты.

8сұрақ Ракетаны көлденең ұстау тәсіліне сипаттама беріңіз ?


Қалақтың тұтқасын көлденең ұстау кезінде үш саусақпен ортаңғы, аты жоқ, шынашақ саусақпен ұстайды. Ортаңғы саусақ қалақтың шетімен созыла, ал бас бармақ сырт жағына орналасады және ортаңғы саусаққа болар болмас тиіп тұрады. Бұл қалақтың екі жағымен де бірдей ойнауға тиімді. Бұл ұстау шабуылдау мен қорғаныс соққыларын сол жағынан да, оң жағынан да жасауға ыңғайлы.

9сұрақ Ракета тік ұстау тәсіліне сипаттама беріңіз ?


Тік ұстаған кезде қалақшаның ұстағышын бас бармақ пен сұқ саусақпен, қалам ұстағандай етіп ұстау. Сондықтан да бұндай ұстауды «қалам ұстау» деп атайды. Бұл ұстау әдісімен қалақшаның алақан бетімен допты қайтару ыңғайлы.
Европалық үстел теннисінде және біздің елде «қалам» әдісімен қалақшаны ұстау кең таралмаған, сондықтан қалақшаны ұстаудың басқа әдістерін қарастырайық. «Қалам» әдісінде ойыншы үстелдің сол жақ бұрышына жақын орналасады, сөйтіп үстелдің оң жағындағы ойынды бақылай алады. Бұл ұстаумен, тәсілмен өзіңнен жақын допты қайтарған ыңғайлы. Сонымен бірге сол ақтан соққы беру, қия соғу, астынан алып соғу, доптың «топ спин» айналуы болады. «Қалам» үстел маңындағы ширақтықтылықты қажет етеді

10сұрақ Жаттығу кезінде допты соғу тәсілдеріне сипаттама беріңіз?


Допты соғу.Допты қалаққа қойып алып, шамамен белуардан деңгейінде ұсталған қалақпен допты астыңғы жағынан соғу. Әуелі бір жағынан соғу, сосын екінші жағынан соғу, кейіннен сол және оң жағынан кезектестіріп соғу.
Қабырға жанындағы ойын. Қабырғадан 3-4 метр қашықтықта жартылай оңға бұрылып тұру, допты қалақсыз жайлап соғу, қалақпен оны қабырғаға соғылып, өзіңізге қайтып келетіндей етіп соғу керек. Бұл жағдайда допты әр соққыдан соң бос қолымен қағып алып отыруға, содан соң бұл қарапайым техникалық элементтен соң қалақпен соққыларды тоқтаусыз, соққы санына жасауға болады. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады. Ол үшін ауадағы допты әуелі еденге соғып, сосын қабырғаға, одан кейін өзіңізге қайта соққы жасау үшін қайтып келуі тиіс.
Жаттығулар жиынтығы;
қалақты дұрыс ұстау арқылы доппен жонглерлік ету:
қалақтың бір жағымен;
қалақтың басқа жағымен;
екі жағымен кезектестіріп;
қабырғадан ұшырып ойнау;
еденге тигеннен кейін қабырғаға соғу;
қалақпен допты соғу (бадминтон ойыны сияқты)
Жонглерлік жасау кезінде қалақ белуар деңгейінде болуы керек, ал доп бастың деңгейіне дейін көтерілуі тиіс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет