Оқу мақсаты 8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына бағаберу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
1-тапсырма
Білім алушы
Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады
Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді Жоғары деңгейдағдылары
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты.Әке-шешесінен ерте айрылып, жалғыз қалған екен.Жетім қыз байдың отын-суын тасып күн көріпті.Күндердің күнінде сол ауылдың қыздары жиналып, тезек теруге шығыпты.Терген тезектерін буып, арқалап алыпты.Үйлеріне қайтып келе жатқанда жаңбыр құйып кетеді.Қыздар отындарын арқалап үйлеріне қарайжүгіріпті.
Жетім қыз қырық жамау жаман шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып, жаңбырдың басылуын күтіп отырыпты. Алыстан келе жатқан жолаушы мұны көріп, қыздың қасына келеді де:
Шырағым, ана балалар ауылға кетіп қалды ғой. Сен неге қалып қойдың? - деп сұрайды. Сондақыз:
Барса, бара берсін. Олардың отындары да, киімдері де суболады.
Атты кісі ауылға барса, айтқанындай-ақ елдің отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен.
Жәміш деген қыз баланың үйі қайсы? - дейдіжолаушы.
-Анау жотаның үстіндегі үй, - деп көрсетіп жібереді.
Жолаушы сол үйге барып түседі. Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып:
Композициялық құрылым
|
Оқиғалар
|
Басталуы
|
|
Дамуы
|
|
Шиеленісуі
|
|
Шарықтау шегі
|
|
Шешімі
|
|
-Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыңнан жарылқасын! - деп батасын беріпті. Мәтіндегі оқиғаларды композициялық құрылымына талдаңыз.
2-тапсырма
Шығармадағы басты кейіпкерге мінездеме беріңіз.
Кейіпкер
|
Іс-әрекеті
|
Мінездеме
|
Жетім қыз
|
|
|
Дескриптор Білімалушы
анықталған әрекеттер негізінде кейіпкерге мінездемебереді
Достарыңызбен бөлісу: |