Тәрбие түрлерінің сипаттамасын құру: а) қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланыс-ты: авторитарлық, либералдық, демократиялық. б) философиялық тұжырымдардың ерекшеліктеріне сәйкес: прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, жеке
Авторитарлық тәрбие - тәрбиелеушінің еркіне бағынушылықты қарастыратын тәрбиелік концепциясы. Балалар белсенділігінің дамуын, олардың жеке даралық қабілеттерін тұншықтыратын, тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің арасында кері пиғыл туғызатын тәрбие. Педагогикалық басшылықтың авторитарлық стилі билік қатынастарға негізделген, оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін мойындамайтын, тәрбиеленушілермен әрекет жолдарында адамгершілік тәсілдерін ескермейді. Авторитарлық педагогиканың принципі - мұғалім - субъект, ал оқушы - тәрбиелеу мен оқытудың объектісі. Баланы басқарудың түрлі әдістері мұқият карастырылған: қауіп, бақылау, бұйыру, тыйым салу, жазалау. Авторитарлық тәрбие — балалар мен мұғалім арасында қарым-қатынас мүлде жоқ, оны қатал тәртіп пен ережелер алмастырады. Мұғалім көбінесе бұйрық беріп, оның нақты орындалатынына, талқыланбайтынына сенімді болады.
Либералды тәрбие — балалармен қарым-қатынастағы ашықтық. Мұғалім балалардың іс- әрекетіне тиым салмайды десек те болады. Мектеп тарапынан аздаған басқару жүргізіліп, балаларға толық еркіндік берілген. Ешқандай шектеу қоймау құлықсыздық пен агрессивтілікке алып келеді, балалар адамдардың көзінше өздерін көбінесе дұрыс ұстамайды, өздерінің қабілетсіздіктерін алға тартып, импульсивті болып келеді. Отбасындағы жағдай жақсы болса, мұндай отбасында тәрбиеленген балалар белсенді, сенімді шығармашыл тұлға болып өседі. Егер де жасалған бассыздыққа ата-ана тарапынан ашық түрде қарсылық болса, баланың ең бұзық ойларын жүзеге асыруына ешнәрсе кедергі болмайды.
Демократиялық тәрбие – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста вербалды қатынастың жоғары болуы; баланың отбасылық мәселелерге араласып, өз ойын білдіруі мен оны үлкендердің ескеруі; қажет болған жағдайда ата-ананың көмекке келуге дайын болуы және баланың өз бетімен жетістікке жететіндігіне деген сенім; баланы қарастырған кезде, өзіндік субъективтілікті шектеу. Демократиялық стильдегі отбасында тәрбиеленген балалар көшбасшылыққа деген қабілеттілік пен агрессивтілік, басқа балаларды бақылауға деген құштарлықпен сипатталады, бірақ ол балалардың өздері сырттай бақылауға әрең көнеді. Ол балалар дене дамуы тұрғысынан жақсы дамыған және өз қатарластарымен тез тіл табысып кететіндігімен ерекшеленеді.
Аксиологиялық - педагогикалық процесті жеке тұлғаның құндылық бағдарларын зерттеу мен қалыптастыру бағытында ұйымдстыруды қамтамасыз етеді.
Білім алушыларға тәрбиесіз болудың теріс жақтарын сезіндіретін жағдайларды тудыру – ынталандырудың субъективтік-прагматикалық әдісі деп аталады. Оның мәні – тәрбиелеу дәрежесінің нашар болуы, қоғамдық тәртіпсіздіктің экономикалық тұрғыда зиянды екендігіне көздерін жеткізу.
Ұжымдық тәрбие-оқушыларды топпен, бірлесе ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрету.
Жеке тәрбие- әр оқушымен жеке жұмыс жасау. Психолог, сынып жетекшісі немесе пән мұғалімімнің әр оқушыға көңіл бөлуі.
Достарыңызбен бөлісу: |