Өмірбаяны Жәңгірұлы Тәуке хан (1635-1715) Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде



Дата15.03.2022
өлшемі126,38 Kb.
#135676
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Тәуке хан

Тәуке хан

Өмірбаяны

Жәңгірұлы Тәуке хан (1635-1715) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

Тәуке хан

«Жеті жарғы»

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.

«Жеті жарғы» баптары

  • Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
  • Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
  • Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
  • Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.
  • Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
  • Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
  • Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет