Кіріспе
Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нәтижесiнде табиғаттағы көмiртектiн айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған.
Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен әсер етедi. Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді.
Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі. Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000-2500м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: атмосфералық ауаны технологиялық вентиляциялық қалдықтардан,олардың қауіптілігін бағалау және атмосфераның ластануын төмендететін нақты шараларды қабылдау туралы дағдыны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- негізгі ластаушы заттектерден қорғаудың объект ретінде атмосфераның қасиеттері туралы білім беру; - өндіріс мекемелердің шығарындыларын азайту жолдары және құрамында ластаушы заттарды азайту тәсілдері және процесстері туралы; - вентиляциялық және түтін мұржалардың газ тәрізді ластаушылардың таралу заңдылықтарын зерттеу; - шығарындыларды тазарту әдістерін, олардың тиімділігін анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Рыскиева, Г. Ә. Өнеркәсіптік экологиясы. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы / Г. Ә. Рыскиева. – Алматы. : Экономика, 2011. – 262 б.
2. Оспанова, Г. С. Экология. ЖОО студенттеріне арналған оқулық / Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. – Алматы. : Экономика, 2011. – 351 б.
3. Мамыров, Н. Қ. Табиғатты пайдалану экономикасы : оқулық / Н.К. Мамыров, М. С.Тонкопий. – А. : Экономика, 2005. – 368 б.
4. Акинин, Н. И. Промышленная экология : учеб. пособие для студ. вузов / Н. И. Акинин. - М. : РХТУ им. Д.И. Менделеева, 2010. - 292 с.
5. Предельно допустимые выбросы предприятия в атмосферу. Рассеивание и установление нормативов : учебное пособие / И. М.Квашнин. - М. : АВОК-ПРЕСС, 2008. - 200 с.
6. Инженерная экология и экологический менеджмент : учебник / под ред. Иванова Н. И. - Москва. : Логос, 2002 - 522 с.
7. Гребенников, С. Ф. Теоретические основы расчета локальных средств защиты окружающей среды : учебное пособие / Гребенников С. Ф. - Санкт – Петербург: изд-во «Иван Федоров, 2004. – 204 с.
8. Хван, Т. А. Промышленная экология / Т. А. Хван - РнД. : Феникс, 2003. - 320 с.
9. Коробкин, В. И. Экология: учебник / В. И. Коробкин, Л. В. Передельский. - 12-е изд., доп. и перераб. - РнД. : Феникс, 2007. - 602 с.
Достарыңызбен бөлісу: |