Өндірістік цикл сипатталады



Дата21.12.2021
өлшемі20,65 Kb.
#104585
Байланысты:
блиц тест


Блиц-тест:

1.Өндірістік цикл сипатталады:

  1. Еңбек процестері мен табиғи процестердің белгілі бір кезектестігінде ұйымдастырылған, ол арқылы шикізат пен материал дайын өнімге айналатын пайдаланылатын технологиялық жабдықтың жиынтығымен;

  2. Аумақтық жекеленген жұмыс орындарының жиынтығымен, онда технологиялық біртекті жұмыс немесе бірдей өнімдерді дайындау жөніндегі әрқилы операциялар орындалады;

  3. өнім немесе        өндірістің белгілі        бір    сатысы       орындалатын кәсіпорынның өндірістік әкімшілік-жекеленген бөлімшелерінің жиынтығы;

  4. жұмысшы немесе жұмысшылар тобы өнімді дайындау немесе өндірістік процеске қызмет көрсету жөнінде жекелеген операцияларды орындайтын өндірістік аумақтардың жиынтығы;

  5. еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.

2. Өнімнің геометриялық формалары, мөлшері және физика-химиялық қасиеттерінің өзгерісі жүретін технологиялық процестер ... деп аталады: 

  1. негізгі;

  2. көмекші;

  3. қызмет көрсетуші;

  4. жанама;

  5. қойма.

3.Табиғи процестерге жатады:

  1. өндірістік процесте боялған бұйымдарды кептіру;

  2. құю;

  3. заготовканы штамповкалау;

  4. заготовканы механикалық өңдеу;

  5. термоөңдеу, гальваникалық жабу.

4. Қолданылатын технология сипаты бойынша өндірістік процестер былайша жіктеледі:

  1. механикалық  және физика-химиялық;

  2. үздіксіз және үздіктелген;

  3. бірлік, ұсақ сериялық, сериялық, ірі сериялық және  жаппай;

  4. қол, қол механикаландырылған, машина-қол, машина,

  5. автоматтандырылған және  аппаратуралық;

  6. циклдық және циклдық емес.

6. Шикізатты өңдеумен және оны дайын өнімге айналдырумен байланысты әрекеттердің жиынтығы:

  1. өндіріс;

  2. операция;

  3. басқару;

  4. процесс;

  5. өнімділік.

7. Өндірістік процесті ұйымдастырудың қандай принципі барлық операцияларға технологиялық процесті бір мезгілде орындауды білдіреді?

  1. параллельдік принципі;

  2. пропорционалдық принципі;

  3. дифференциация принципі;

  4. комбинациялау принципі;

  5. ырғақтылық принципі.

8. Өндірістік процесті ұйымдастырудың қандай принципі  нақты бұйым өндірісіндегі барлық үзілістерді минимумға әкелуді білдіреді?

  1. үздіксіздік принципі;

  2. ырғақтылық принципі;

  3. автоматтық принципі;

  4. стандарттау принципі;

  5. пропорционалдық принципі.

9. Өндірістік процесті ұйымдастырудың қандай принципі  цех, өндіріс аясында белгілі бір бұйым түрін дайындау жөніндегі барлық процестердің бірігуін білдіреді?

  1. комбинациялау принципі;

  2. универсалдау принципі;

  3. мамандану принципі;

  4. параллельдік принципі;

  5. шоғырлану принципі.

10. Технологиялық біртекті өнімді дайындау жөніндегі өндірістік операцияларды орындаудың шоғырлануы өндірістік жүйелерді ұйымдастырудың қандай принципіне жатады?

  1. шоғырлану;

  2. пропорционалдық;

  3. дифференциация;

  4. комбинациялау;

  5. мамандану.

11.Өндірістік процестің қандай түрі жоқ?

  1. қосымша;

  2. көмекші;

  3. қызмет көрсетуші;

  4. ағындық;

  5. негізгі.

12.Өндірістік процесс қандай негізгі сатылардан тұрады?

  1. негізгі, көмекші, қызмет көрстеуші;

  2. негізгі, көмекші;

  3. көмекші, қызмет көрсетуші;

  4. негізгі, қызмет көрсетуші;

  5. негізгі, көмекші, өңдеуші.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет