НұСҚаулар 6В07105 «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар», 6В07104 «Машина жасау»



бет1/3
Дата14.02.2023
өлшемі89,55 Kb.
#168771
түріНұсқаулар
  1   2   3
Байланысты:
М.У. к СРСП по ТММ каз (1)


Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Механика кафедрасы


Орынтаева Г.Ж.


Механизмдер мен машиналар теориясы курсы бойынша
арналған студенттердің өздік жұмысын оқытушымен
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
6В07105 «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар», 6В07104 «Машина жасау»,6В07106 «Көлік, көліктік техника және технологиялар», 6В04106 «Бағалау»,6В07111 «Технологиялық машиналар және жабдықтар(сала бойынша)» білім беру бағдарламалар

Оқыту түрі: күндізгі, ҚБТ

Қарағанды 2022
ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Жұмыстардың тақырыбы

Сырттай оқитын студенттің ғылыми жұмысы оқу құралдары бойынша теориялық материалдарды оқудан, типтік міндеттерді шешуден, бақылау жұмыстарды, зертханалық жұмыстарды, курстық жобалауды (жұмыстарды) орындаудан, емтихан тапсырудан тұрады. Бақылау жұмысы және курстық жоба тапсырмасының нөмірі студент шифрінің соңғы алдыңғы саны бойынша, ал Нұсқасы шифрдың соңғы саны бойынша таңдап алынады.


Бақылау жұмысы үш есептен тұрады, біріншісінде, жазық механизмге құрылымдық талдау жүргізіледі, екіншісінде – күрделі тісті механизмнің беріліс қатынасы және шыға беріс біліктің жылдамдығы анықталады, үшіншісінде – иінтіректі механизмнің синтезі орындалады.
Курстық жобалау студенттерге келесі негізгі бағыттар бойынша белгілі бір әдістемелерді және жұмыс дағдыларын меңгеру міндетін қояды: машина жұмысының негізгі шарттарына механизмнің құрылымдық сұлбасының сәйкестігін бағалау; берілген негізгі және қосымша шарттар бойынша иінтіректі механизмнің құрылымдық және кинематикалық сұлбаларын жобалау; буындардың массалар геометриясын ескерумен механизмдерді күштік талдау; тісті қатардағы және планетарлық механизмдерді жобалау; шыға беріс буынның кідірмелі қозғалатын механизмдерді жобалау.
Тапсырмада ұсынылатын машиналар пайдалы жұмысты орындауға арналған электр қозғалтқыштан, иінтіректі және тісті механизмдерден тұрады. Көмекші операцияларды қамтамасыз ететін жұдырықшалы механизм бар.
Курстық жоба түсініктеме хаттың қосымшасымен А-1 пішінді үш бетте орындалады. Бірінші беті: Иінтіректі механизмді кинематикалық және күштік талдау. Екінші беті: Тісті механизмнің синтезі. Үшінші беті: Жұдырықшалы механизмнің синтезі. Курстық жұмыс екі беттен тұрады.
Орындалған бақылау жұмысы және курстық жоба (жұмыс) рецензиялауға алдын ала ұсынылуы керек. Курстық жобаны қорғауға толық көлемде жобаны орындаған және түсініктеме хат пен графикалық бөлімге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын студенттер жіберіледі. Курстық жоба комиссия алдында қорғалады. Курстық жоба (жұмыс) дифференциалданған бағамен бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет