Өндірістік оқыту процесін ұйымдастырудың формалары.
Өндірістік оқытуды жалпы үш топқа бөлуге болады:
- белгілі бір операцияның немесе тәсілдің алғашқы дағдыларын үйрететін сабақ;
- сол алғашқы дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ;
- кешенді жұмыстарды үйретуге арналған сабақ.
Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.
Осы айтылғандарды қорытындылап, оқушылар өз дәптерлеріне мына таблицаны толтырып алса, олардың осы тақырыпты жақсы меңгеретініне күмән жоқ.