Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 2



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата31.07.2023
өлшемі338,5 Kb.
#179669
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Педагогика 1-тақырып конспект



Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі 
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 
2.
Сламбекова Т. Педагогика. 2020 
3.
Таубаева Ш. Педагогика. 2018 
4.
Берикханова А. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Кәсіби құзыретті ұстаздарды 
даярлау негіздері. 2015 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі.
2.
Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы.
3.
Білім беру құндылық ретінде.
4.
Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
5.
Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар.
6.
Дүниежүзілік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары.
7.
Білім беру жүйесі туралы түсінік.
8.
ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері.
9.
ҚР білім беру жүйесінің құрылымы.
10.
ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы.
 
 
 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
- бәсекеге қабілетті маман дайындау. 
Мектеп
– 
үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы 
ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана 
білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, 
өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа 
формация мұғалімі
– педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі 
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа 
формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы 
мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары 
болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, 
өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - 
әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа 
құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық 
жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен 
басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді 
педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін 
дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде 
педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде 
өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына 
байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық 
мүмкіндіктермен келеді. 
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру 
үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін
қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда 
ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен 
мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті 
дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім 
беру парадигмасы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет