дегеніміз өзара iс-қимыл жасайтын
:
1) бiлiм беру деңгейiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi бiлiм беру стандарттарының және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының
2) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, бiлiм беру бағдарламаларын
iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының
3) бiлiм берудi басқару органдары және тиiстi инфрақұрылымдар, оның iшiнде бiлiм
сапасы мониторингiн жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету
ұйымдарының жиынтығын бiлдiредi.
Білім беру жүйесінің пайда болуы мәдениетті сақтап қалуға және оны дамытуға
деген объективті қажеттіліктен туындады. Білім беру жүйесі адам мен білім арасындағы
делдал қызметін атқарады, яғни білім беру жүйесі адамға білім алуға жағдай жасайды.
Жаһандық білім беру және дүниежүзілік білім беру кеңістігі.
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да,
өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,
сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір
сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру
жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән
беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесңнде жаңа бағыттар қаплыптаса
бастады Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа
типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар
қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа
технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.
Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі
нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім
сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған
мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтты.
Білім беру
тәрбиенің және оқытып үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім
беру оқып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді
қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру – бұл оқушылар
алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген
жиынтығы, ХІХ ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қвзіргі кезде
адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері ұшан-теңіз, адам қаншама ұзақ уақыт
оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді.
Белгілі бір деңгейде жүйелі білім алған, сонымен қатар қандай да бір нәрсенің себебі
мен салдарын ашып көрсете отырып, жүйелі ойлай алатын адамды білімді адам деп атау
қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |