Психологтар үшін тұлға
- психиканың сапасы, ол
адамның қоғамда дамуының
нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері иерархиясының
жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі ретінде, қоршаған ортаны
және өзін-өзі
өзгертетін адам ретінде, индивидтің бір әлеуметтік қасиеті ретінде,
әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды дамытудың және болмысының жеке формасы
ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының,
өзінің
психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Одан
басқа, «тұлға» ұғымы басқарудың, өзін-өзі басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін,
сезімдерін реттеудің тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері
ретінде келесі
тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам мәдениеті мен
адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы, аксиологиялық көзқарас.
Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми негіздерін өндіріп, біріктіреді.
Оның
мәні
- болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне
бағытталған, индивидтің тұлғалық қызметтерін дамытуға
бағытталған педагогикалық
жүйенің бағдарлануында. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық
көзқарасы оқыту процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім
беру ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды қабылдауға
деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін,
балаларды, оқушыларды және т.б.),
оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін сыйлайды. Педагогикалық және
психологиялық білім берудің
Достарыңызбен бөлісу: