жаһандану – қарқынды өсіп жатқан дүниежүзілік дәрежедегі факторлардың
жеке мемлекеттердегі шынайы әлеуметтік жағдайларға ықпал ету үдерісі.
2) Қазіргі заманда
ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы негізінде
адамдардың тұрғылықты жерінің аумағынан аспай-ақ алыстағы қажетті ақпараттарға қол
жеткізу мүмкіндіктері көбейді. Дәлірек айтсақ, бұрынғы кезде адамдар басқа елдің
адамдарымен тек хат, телеграмма және т.б. арқылы қатынаса алса, қазір адамдардың
қарым-қатынасы уақытпен де, кеңістікпен де еш шектелмеген. Электронды техника мен
телекоммуникация желілерінің on-line форматтарының дамуы арқасында қазіргі адамға
жер шарының кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысу мүмкіндіктері кеңінен
ашылған. Ақпараттандыру үдерісі әр адамды әлемдік қауымдастықтың бөлшегі екенін
сезіндіріп, объективті шындық шегінің кеңейгенін ұғындырды.
3) Әлемдік өркениеттің дамуында
гуманистік қағидалардың өзектенуі. Дүниежүзі
бойынша байқалып отырған экономикалық дағдарыстар мен қатар адамдар арасындағы
рухани-адамгершілік дағдарыстың белең алуы қоғамды ізгілендіру мәселесін күшейте
түсті. Бұл мәселе адамдардың білімділігімен, олардың кәсіби құзыреттілігімен, адами
құндылықтарымен тығыз байланыста қарастырылуда. Қоғамның бәсекеге қабілеттілігі
оның адами капиталының сапасына тікелей байланысты.
4) Интеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы. Адамның интеллектуалдық
әлеуетін дамыту - заманымыздың ең қажетті талаптарының бірі. Барлық дамыған
мемлекеттердің ұтымды басымдықтарының бірі ретінде қоғамның интеллектуалды
әлеуетін дамыту мәселесімен байланыстырады. Интеллектуалды әлеуетті дамытудың
іргетасы–
білім беру саласы . Сапалы білім беру арқылы мамандар мемлекеттің
экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытатын негізгі қозғаушы күшке айналады.
Осындай ауқымды факторлардың ықпалынан