9 тақырып. Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу объектісі ретінде



Дата24.04.2022
өлшемі20,61 Kb.
#140664
Байланысты:
тұлға.семинар9


9 тақырып. Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу объектісі ретінде

  1. Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С.Л.Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық.

  2. В.С.Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының деңгейлері.

  3. Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде

  4. В.М.Русаловтың көзқарасы. Ф.Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасы.

Әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдану
Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В.М.Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т.б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы – биохимиялық, вегетативті және электрофизиологиялықтан бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды. В.М.Русаловтың айтуынша, психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер қызықтырды. Жүйелік анализ принциптеріне негізделе отырып, В.С.Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті: биохимиялық; соматикалық; нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті); психодинамикалық (темперамент); тұлға қасиеттері; әлеуметтік рөлі. Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С.Л.Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл барлық сыртқы әсерлерді жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар жиынтығы ретінде ол бейімделу қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады: жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері; тұлға бағдары; адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі; адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер. С.Л.Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалдыдифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады. (С.Л.Рубинштейн, 2000, б.511.) С.Л.Рубинштейн индивидуалдылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердіңөзара әрекеттесуінде қарастыруды ұсынды. С.Л.Рубинштейн көзқарасын ары қарай дамуы Б.Г.Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол индивидуалдылықты ашық және жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егертұлға- адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал, индивидуалдылық –тұлға мен іс-әрекет субьектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б.Г.Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше, индивидуалдылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие : І деңгей- индивид деңгейі; оған енеді: жыныс, жас, конституция, нейродинамикалық қасиеттер; психофизиологиялық қасиеттер және органикалық қажеттіліктер; нышан және темперамент. ІІ деңгей- іс-әрекет субьектісі деңгейі: когнетивті сипаттар, коммуникативті қасиеттер, еңбекке қабілеттілік іс-әрекет ерекшелігі ретінде; қабілеттер. ІІІ деңгей- тұлғалық деңгей: статус, әлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы; жүріс-тұрыс мотивациясы; мінез және бейімділік. А.Н.Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) - бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. Леонтьев бойынша,тұлға, индивидуалдылық - арнайы адамдық пайда болу, қоғамдық қарым-қатынас негізінде туындайды. В.С.Мерлиннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы тәртіптелген қасиеттер жүйесі, яғни физикалық,биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, психодинамикалық, тұлғалық қасиеттер,және т.б. Қазіргі кезде Ресейде және шет елдерде бірнеше индивидуалдылықты зерттеу орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде В.В. Белоус басшылығымен индивидуалдылықтың полиморфты мәселесі зерттелуде.Онда қазіргі кезеңде индивидуалдылықтың интегралдылығы жайлы теориялар қарқынды дамуда. ТУФ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Екінші басылым Пермь қаласындығы ғылыми орталық индивидуалдылықты зерттеудің маңызды орны болып табылады. Орталықтың негізін салушы- психология ғылымының докторы, профессор В.С.Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы индивидуалдылық мәселесімен айналысушы зерттеушілер Л.Я.Дорфман, Б.А.Вяткин, А.И.Щебетенко. Ұжымның зейін орталығында- интегралды индивидуалдылықтың әртүрлі деңгейлі қасиеттерін, интегралды индивидуалдылықтың құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Л.Я.Дорфман интегралды индивидуалдылықтың ерекшеліктеріне ұйымдасудың иерархиялы тәсілін, көп деңгейлілік, интеграция мен дифференцация процестерінің бірлігін, индивидуалды жүйелер арасындағы көп мәнділік байланыс майыспалығын және бір мәнділік байланыс қатаңдығын жатқызады. Ол метаиндивидуалдылық және интраиндивидуалдылық сұрақтарын қарастырады.Олар интегралды индивидуалдылықтың әр түрлі иерархиялы деңгейлеріне жатады және олардың арасындағы байланыс тікелей сипатқа ие. Осындай байланыстың болуының шарты индивидуалды іс-әрекет стилі болып табылады. Индивидуалдылықты зерттеу психология ғылымының докторы В.М. Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілуде. Зерттеудің ерекше сипаты - индивидуалдыпсихологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің жалпы қасиеттерінің концепциясының дамуы.Адамның индивидуалды қасиеттер спектрінен негізгі көңіл формальді – динамикалық сипаттарға, яғни темпераментті зерттеуге бағытталған. Темпераменттің адам индивидуалдылық құрылымындағы орнын зертеу мақсатында және оның жалпы қабілеттердің дамуына әсерін анықтауға байланысты темпераментті бағалаудың психометриялық әдістерін өңдеуге басты назар аударылады. В.М.Русалов индивидуалдылықтың толықтығынның моделін ұсынды: дифференциялды-психофизиологиялық (төменгі) деңгей, организм қасиеттері жатады; дифференциялды-психофизиологиялық (жоғары) деңгей, тұлғалық, индивидтік, және басқа әлеуметтік- мәдени құрылымдардан тұрады.
Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді. Гальтонның ойынша адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізінде генетикалық аспект жатыр. Ол психологияда егіздер әдісін ұсынған. Бүл әдістің қолдануының мақсаты генетикалық және сыртқы әсерлердің арақатынасын анықтау болған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет