Дәріс №1 Тақырыбы: Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Педагогика



Дата04.12.2019
өлшемі1,92 Mb.
#52994
Байланысты:
Педагогика Усмпно Умирбаева.Г
адеб рупд сил, адеб рупд сил, стилист мысал, kudusov fizika astronomia, kudusov fizika astronomia, 50Zadach Bfin pr, file 00016DL66068982533, Мусабекова Жансая психология, file 00016DL53692286270, Копия 34 Богатый папа бедный папа, Копия 34 Богатый папа бедный папа, 0737-17, 0737-17, 0737-17

Бердибаева Дина Ахметовна, магистр, аға оқытушы

Дәріс №1 Тақырыбы: Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі

Педагогика

Жоспар:


1. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі.

2. Қазіргі заманғы оқушының мақсаты.

3. Білім беру жүйесінің жаңа технологиялары және басымдылықтары.

4. Бұрынғы білім алушы және қазіргі заманғы білім алушы айырмашылықтары.



1. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы:

«Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», деп атап көрсетті. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін жаңа модульдік оқыту бағдарламасын жасау халықаралық талаптарға сай және жұмыс берушінің талаптарын анықтайды. Мұндай бағдарлама біріншіден, халықаралық еңбек нарығында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі белсенді ойыншы болуы, екіншіден білім беру шарттарының сапасына ұсынылатын қатаң талаптар негізінде дайындау сапасын арттыру.

Оқу процесінде жеке тұлғаның білікті маман етуге бағытталған оқыту тәсілдерін озық тәжірибемен сабақтастыру бүгінде күн тәртібіне шықты. Өйткені,белгілі бір оқу орнын бітіріп шыққан түлектің алған білімі жұмыс берушінің талабымен сәйкес келе бермейді. Ақыры, сол маманға мұқтаж болып отырған жұмыс беруші жас кадрды қайтадан даярлап, оқытуға мәжбүр.

Бесаспап жұмысшы мамандар даярлау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан да кәсіптік білім беру саласында студенттерді кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оқыту шеберлері педагог болып саналады. Оқу процесін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі үшін өндірістік оқытуда көптеген инновациялық әдәстерді тиімді қолдана отырып, мамандығын жақсы меңгерген, білімін әрі қарай жетілдіріп отыратын білікті де, білімді кәсіби мамандар даярлауға әбден болады деп есептеймін.

Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін таба білу. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану педагогикалық іс әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. 

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында.

Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.

Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз  білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зертеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШта) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі уақытта қазақстанда білім берудің ӛзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік оқу технологиясының негізі білім алушының танымдық белсенділігін, танымдық іс әрекеттерінің әртүрлі іс әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сӛздік 130 байлықтарын дамыту. Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы.

Дәстүрлі оқыту

Модульдік оқыту

1. Оқытудың мақсаты айқын емес.

2. Оқыту нәтижесі ең соңында белгілі болады.  

3. Оқу мәтіндерін жалпылама барлығы толық беріледі.

4. Мұғалім негізгі тұлға, өз пікірін жоғары қояды.

5. Оқушының қызығушылығы төмен, көп белсенділік танытпайды.

6. Мәтінді түсіндіру бір сарында өтеді. Оқушы кейде жалығып, тындамайды, өзіндік ізденіске түспейді.

7. Олардың білімі сабақта ғана тексеріледі.

  • Мақсат нақты , айқын.

  • 2. Нәтиже белгілі болғандықтан, оқушылар соған жетуге тырысады.

    3. Мәтіндер бөлікке, модульге бөлініп көрсетіледі.

    4. Мұғалім – бағыт беруші студент пікірін үнемі ескереді.

    5. Оқушы өз пікірін білдіруге қорғауға, дәлелдеуге белсенді.

    6. Әр оқушы материалды өз мүмкіндігіне сай меңгереді. Қызығушылық танытып, тұжырымдар, қорытынды пікір айтуға дайын болады.

    7. Оқушы білімі әр модульден кейін тексеріліп отырады.



Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

• проблемалық оқыту;

• дамыта оқыту;

• деңгейлеп оқыту;

• дәстүрлі оқыту;

• модульдік оқыту

• сұрақ-жауап ойындары;

• цифрлық білім беру ресурстары.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: -балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі; -баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

Бұрынғы білім алушы және қазіргі заманғы білім алушы айырмашылықтары.



Қорытынды

Оқу процесінде жеке тұлғаның білікті маман етуге бағытталған оқыту тәсілдерін озық тәжірибемен сабақтастыру бүгінде күн тәртібіне шықты. Өйткені,белгілі бір оқу орнын бітіріп шыққан түлектің алған білімі жұмыс берушінің талабымен сәйкес келе бермейді. Ақыры, сол маманға мұқтаж болып отырған жұмыс беруші жас кадрды қайтадан даярлап, оқытуға мәжбүр. Бесаспап жұмысшы мамандар даярлау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан да кәсіптік білім беру саласында студенттерді кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оқыту шеберлері педагог болып саналады. Оқу процесін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі үшін өндірістік оқытуда көптеген инновациялық әдәстерді тиімді қолдана отырып, мамандығын жақсы меңгерген, білімін әрі қарай жетілдіріп отыратын білікті де, білімді кәсіби мамандар даярлауға әбден болады деп есептеймін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым — даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2014.

2.Скакун В.А. Введение в прфессию мастера производственного обучения:Методические пособие.-М.:Высш.шк.,2010г.

3. Н.Ә.Назарбаев., Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.



4. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015

5. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2013ж;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет