Елтай мен Ануарбек бірінші сыныпта оқиды. Екеуі келе жатқан жолдың үстінде нанның бөлігі жатты. Елтай назар аудармастан өтіп кетті. Манарбек тоқтап, жерден нанды алды.
Нанды басуға, жерге тастауға болмайды. Обал болады.
Оны саған кім айтты?
Әжем айтты.
«Обал» деген не? – деді Елтай.
Оны әжеңнен сұра.
Әжем алыста, ауылда тұрады, - деп Елтай жауап қатпай үнсіз қозғалды.
Тапсырмалар
Мәтіннен сан есімді тауып жаз.
Ол қандай сан есім? ______________________________________ 2. Төмендегі есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз.
_______________
_______________
_______________
_______________
_______________
_______________
_______________
_______________
_______________
_______________
3. Мәтіннен мағыналары қарама – қарсы сөздерді тап. ______________________________________ 4. «Обал» сөзінің мағынасын көшіріп жаз. «Обал» ұғымы жақсы нәрсенің қадірін білу, оны тастамау, түбінде оның зарын тарту дегенді білдіреді.
АЛМА
Ауыл шетінде бір қария тұратын. Оның алма бағы бар еді. Думан мен Дастан көше бойымен келе жатып, бақ жанына аялдайды. Осы кезде Дастан екі – үш алманы жұлып алды да, бір – бір тістеп лақтырды. Сосын:
Туу, қандай қышқыл еді! – деді тыжырынып.
Думан досына қарап:
Сұрамай алған жемістің дәмі, тәтті болмайды. Әбден піскенде атай алмасын өзі де беретін едіғой – деді ренжіп.
Дастан дұрыс емес әрекет жасап алғанына қатты қынжылды.