І-ші деңгей: 1. Ағылшын-американдық саяси жүйелер қандай болады?
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан карайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялык көзкарасты басшылықка алып (өндіріс тәсілінін. және коғамның таптық кұрылымының өзгешеліктеріне карай) оны кұлдық, фео-далдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі. АҚШ – та мемлекетті басқару түрі республикалық. Яғни Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.Президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайлайды. Ондай президенттің билігі зор. АҚШ-та атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Айта кететін болсақ мұндай билік ең алғаш осы АҚШ-та орнады. Бұл елде президент 4жылға сайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Бірақ президенттің заң шығаруға құқығы жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды оны Конгресс шешеді. Парламент президенттің қай тағайындауын болсын бұза алады оны “право вето” деп атайды. Конгресс президентті орынынан ала алады оны “импичмент” дейді.
АҚШ-та екі партия тайталаса билік етеді. Республикалықтар және Демократтар.
Америка Конституциясы - әлемдсгі осы уақытқа дейін өз күшін то-лық сақтап отырған ерте, алғашқы қабылданған Конституция. Ол дүние жүзіндегі басқа елдердін конституцияларына үлгі болғанын атап өткен жөн. Конституцияга қарай жол түзу, оңай болған жоқ. Қызу пікір талас-тан туған ойларды топшылау барысында алты жылғы тәжірибеден өткізгеннен кейін, алғашқы нұсқасы 1787 жылы қабылданды.
Конфедерацияның қағидалары штаттардың арасында ерікті одақтарды құруға және өте шектелген билігімен федералдық үкіметті қалыптастыруға жағдай туғызды. Осындай мәселелердің ішінде: қорғаныс, халық қаржысы, сауда мәселесі бар. Ал қиын-қыстау жағдайларында федералдық үкімет штаттардың легислатурасындағы билігінде болды. Ол не тұрақтылыққа не өктемдікке мүмкіндік туғызған жоқ. Көп уақыт өтпей-ақ конфедерацияның әлсіздігі анықталды. Саяси және зкономикалық жағдаймен күрделі сипатқа ие болып, жаңа ұлт аласапыранға жақындады.
Бірақ бәріде Конституцияның преамбуласындағы мына түжырымға келісті: «Біз Америка Құрама Штаттарының халқы, іргелі одақ кұру үшін, әділетті қоғам құру үшін, отанда тыныштық орнату үшін, бүкіл одақтық қорғаныс пен жалпы халықтық ауқаттылық үшін және өзіміздің, біздің ұрпақтарымыз үшін аянбай ат салысамыз деді.
Достарыңызбен бөлісу: |