11-сынып
Қазақ тілі
І нұсқа
1. Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.
A) Қоғамдық-саяси әдебиет.
B) Көркем шығарма.
C) Газет-журнал тілі.
D) Ғылыми шығармалар.
E) Өтініш, сенімхат, қолхат.
2. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз.
A) Мазмұндау.
B) Шолу.
C) Сынау.
D) Ой түйіні.
E) Бағалау.
3. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
A) Ауызекі тіл.
B) Көркем әдебиет тілі.
C) Ғылыми тіл.
D) Публицистика тілі.
E) Ресми тіл.
4. Тырнақшаның қойылу себебін анықтап, дұрысын табыңыз.
Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,
Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.
Жортады желмаядай шал кеңеске,
«Осылай болған екен, шырағым-ай».
A) Дәйексөз.
B) Өлең ішіндегі төл сөз.
C) Мақал.
D) Сөйлем ішіндегі төлеу сөз.
E) Мәтел.
5. «Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз.
A) С.Мұқанов.
B) А.Құнанбаев.
C) М.Әуезов.
D) К.Аханов.
E) Б.Момышұлы.
6. Тырнақшаның дұрыс қойылған орнын көрсетіңіз.
А) Ғ.Мұстафин. «Өмір белестері». Алматы-84.
В) «Мемлекеттік банкінің бөлімшесі».
С) «Әл Фараби» атындағы университет.
D) «Алматыдағы кондитер фабрикасы».
Е) «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы.
7. Жақшаның не үшін қойылғанын табыңыз.
Ақмолада совдептің бір топ басшыларын тұтқынға алады. (Оның ішінде Сәкен де бар.)
А) Хабарлай айтылған қыстырма сөйлем.
В) Қыстырма сөйлем.
С) Оқшау сөз.
D) Тілек мәнді сөйлем.
Е) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем.
8. Қазіргі қазақ тілінің стиліне жатпайтынын көрсетіңіз.
А) Публицистикалық стиль.
В) Көркем әдебиет стилі.
С) Ғылыми стиль.
D) Техникалық стиль.
9. Бетпе-бет жүздесу арқылы жүзеге асатын стиль түрін көрсетіңіз .
А) Ауызекі сөйлеу.
В) Публицистикалық стиль.
С) Ғылыми стиль.
D) Іс қағаздары стилі.
Е) Көркемәдебиет стилі.
10. Іс-қағаздары мәтінінің стилін анықтаңыз.
А) Әңгімелеу.
В) Бейнелеу.
С) Суреттеу.
D) Кескіндеу.
Е) Баяндау.
11. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
²Абай² операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
12. Ғылыми стильге тән етістік формасын табыңыз.
А) Қасына отырғызып, жөн сұрады.
В) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
С) Алыс жол атты сынайды.
D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.
Е) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.
13. Қазіргі қазақ тілінің стиліне жатпайтынын көрсетіңіз.
А) Публицистикалық стиль.
В) Көркем әдебиет стилі.
С) Ғылыми стиль.
D) Техникалық стиль.
Е) Іс қағаздары стилі.
14. Қазақтың ұлттық шешендіктану ғылымының түп-тамыры, алтын бастауында кім тұр?
А) Ж.Баласағұн
В)Әл-Фараби
С)М.Қашқари
Д)А.Байтұрсынов
Е) С.Сейфуллин
15. Іскерлік қарым-қатынас әдебіне жататын тілдік ерекшеліктерді атаңыз.
A) Сөз мағынасын түсінбеу, көп сөзділік.
B) Логикалық ой-өрісінің жетіспеуі.
C) Жігерсіздік, ұялшақтық.
D) Пікір алысқалы отырған ісін, тақырыбын жетік білмеу.
E) Іске жауапкершілікпен қарау, сыпайылық, жағымды сөйлеу, батылдық.
16. Ғылыми стильге тән етістік формасын табыңыз.
А) Қасына отырғызып, жөн сұрады.
В) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
С) Алыс жол атты сынайды.
D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.
Е) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.
17. Шешендік өнердің негізгі бастауларын көрсетіңіз.
А) Англия,Франция.
В) Қазақстан, Өзбекстан.
С) Греция, Рим.
D) Испания, Америка.
Е) Америка, Рим.
18. Ұлттық шешендік өнер туралы ең алғаш еңбек жазған авторды көрсетіңіз.
А) Әл-Фараби.
В) М. Әуезов.
С) Ш. Уәлиханов.
D) Аристотель.
Е) А. Байтұрсынов.
19. Шешендіктану (риторика) дегеніміз не?
А)Іс-әрекеттің атауы, ол тілдік қарым-қатынастың жоғарғы сипаты бар, әлеуметтік қызмет атқаратын түрі.
В) Зерттелу нысаны, теориялық негіздері мен тарихы бар ғылым саласы.
С) Түйінді сөз бен терең мағына беруді көздеген, суырып салып айту дарынан қажет ететін шаршы топқа арналған сөз.
Д) Әдеби тілдің нормасы.
Е)Тіл мәдениеті
20. XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың би-шешендерін белгілеңіз.
A) Абай, Ыбырай.
B) Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.
C) С.Негімов, Б.Адамбаев.
D) Майқы би, Аяз би.
E) Асан қайғы, Жиренше шешен.
21. Матасуды табыңыз.
A) Ағаштың бұтағы.
B) Басты байланыс.
C) Оқуға ықыласты.
D) Апта сайын келу.
E) Өмірге құштарлық.
22. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) М.Жұмабаев.
C) А.Байтұрсынов.
D) Б.Адамбаев.
E) С.Сейфуллин.
23. «Тезис» - қай елдің сөзі екенін табыңыз.
A) Иран.
B) Грек.
C) Қазақ.
D) Араб.
E) Орыс.
24. Шешендік сөздің әсерлілігін арттыратын тілдік сапаны белгілеңіз.
A) Тез сөйлеу.
B) Қарабайыр сөздерді қолдану.
C) Дауыс мәнерін сақтамау.
D) Сөз мағынасын жетік білмеу.
E) Айшықты сөздерді мол қолдану.
25. Орхон-Енисей-Талас кезеңін белгілеңіз.
A) XV-XVIII ғасыр.
B) XIII-XV ғасыр.
C) XIX ғасыр.
D) VI-VIII ғасыр.
E) X-XII ғасыр.