Сабақ тақырыбы: Сенімхат, қолхат үлгілерін құрастыру Сенімхат



Дата13.12.2021
өлшемі15,15 Kb.
#125576
түріСабақ
Байланысты:
fed0c36f-92d9-40ad-b67e-41d9f0643938


ΙΙΙ. Жаңа сабақ тақырыбы:

Сенімхат, қолхат үлгілерін құрастыру Сенімхат

Сенімхат – белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің (пәтерді сату немесе сатып алу, зейнетақыны немесе жалақыны алу) орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады. Сонымен қатар, сенімхат мекеменің атынан бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін іс қағазының түрі. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкіге жазылады да мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, жеке куәлігінің номері қоса жазылып қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.


Үлгілермен танысыңыз

Сенімхат

Мен, Саттарова Нүрия, көршім Құрманова Асылға Талдықорған қ., Тәуелсіздік к., 17-үйде тұратын, 2005 жылдың қаңтар айының зейнетақымды алуға сенім білдіремін.

Жеке куәлік №_________________________ берілген күні____________________________

 

08 қаңтар 2005 жыл                                                 /қолы/



Нотариус

Ержанова Аңсарым

№ 111019888          ________________________________________қолын растаймын

 

                                                     Мұрагерлік істі жүргізу жөніндегі



 

Сенімхат


 

Мен, азамат Садықов Дархан, жеке куәлігін №060719875 ҚР ІІМ 17.09.1985, мекен жайым Орал қаласы, А. Байтұрсынұлы көшесі, 71-үй, 5-пәтер.

Орал қаласы, Набережная көшесі, 97-үйде тұратын азамат Есенгелдин Жомартқа туған атам Садық Бақытовтың қайтыс болғанынан кейін қалған мүлікке:

-    жекеменшік үй: Орал қаласы, Бейбітшілік көшесі, 47-үй;

-    ВАЗ-2110 автокөлігі

менің мұрагерлік құқығымды ресімдеуіне сенім білдіремін.

Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты

-    Менің атымнан өтініш жазуға,

-    Анықтамалар мен құжаттар алуға,

-    Менің орныма қол қоюға,

-    Мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алуға өкілетті етемін.

Сенімхат 2004 жылдың 18 қаңтарына дейін берілген және 7 ай өз күшінде.

 

2003 жылғы 18 маусым.                                                                        /қолы/



 

Осы сенімхатты 2003 жылғы 18 маусымда мен, Төлегенова Нұрсипат, Орал қаласы, №40 нотариалдық кеңсесінің нотариусы, куәландырамын. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді.

Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №107 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық 300 (үш жүз) теңге алынды.

 


Нотариус

(Мөрдің орны)



қолы



Қолхат

Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас.

 

Негізгі сөздік



куәландыру

- удостоверяю

Тараптардың қолы

- подписи Сторон

міндеттенемін

- обязуюсь

пайыз төлеу

- уплатить процент

үш дана етіп жасалған

- составлено в трех экземплярах

келісімшартқа сәйкес

- в соответствии с договором

басқа талабым жоқ

- других претензий не имею

кепілхат

- гарантийное письмо, поручительство

жекеменшік

- собственность

қолхат беруші

- подписывающий

 

Қолхат үлгілерімен танысыңыз

15 тамыз 1998

 

Қолхат

Мен, Жоланова Гүлнар, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға мінднттенемін.

 


1999 жылғы 1 қазан

(қолы)

 

 

1- тапсырма.    Тұрақты тіркестерді пайдаланып, берілген тақырыптарға қолхат жазыңыз

Айып төлеуге, міндеттемелер орындалмаған жағдайда, келісімшарттағы міндеттемелер, алынған ақшаны (қарызды), дер кезінде қайтаруға.

-   қарызға ақша алу;

-   мекеменің машинасын уақытша пайдалануға алу;

-   жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалану.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет