Қордың медициналық ұйымдардың рейтингісін қалыптастыру және жеткізушілер қызметінің қорытынды нәтижелерінің мониторингі



бет1/3
Дата16.06.2022
өлшемі31,21 Kb.
#146711
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word


  1. Қордың медициналық ұйымдардың рейтингісін қалыптастыру және жеткізушілер қызметінің қорытынды нәтижелерінің мониторингі.

  2. МӘМС мақсаты - тұрақты дамуды қамтамасыз ету, қаржыландыру ауыртпалығын тең бөлу және денсаулық сақтау жүйесінің қауіп-қатерінен жан-жақты қорғау.

  3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының функциялары.

  4. Әлемдік тренд: неге жалғыз қор?

  5. Жалғыз сатып алушы моделінің артықшылықтары.

  6. МӘМС қалыптастыру.

  7. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, құрылымы және қызмет принциптері.

  8. ДДҰ ұсынған бірыңғай сатып алушы модельдің артықшылықтары.

  9. Қордағы қаражаттың жинақталуы.

37 Қордың медициналық ұйымдардың рейтингісін қалыптастыру және жеткізушілер қызметінің қорытынды нәтижелерінің мониторингі


Осы жылдың 1 тоқсанындағы стационарлық көмек мониторингінің қорытындысы бойынша жаңа медициналық технологияларды қолданумен хирургиялық іс-қимыл санының 25%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері еліміздің медициналық ұйымдарында 1602 ота жасалды. Биыл экстракорпоралды ұрықтандырудың 526 процедурасы орындалды. Мәселен, өткен жылы 1-тоқсанда барлығы 59 ЭКҰ жасалған. Қор медициналық оңалтуды дамытуды ынталандыру жұмыстарын жалғастыруда, оның ішінде амбулаториялық деңгейде де жүзеге асырылып жатыр. Осылайша, Қазақстанда оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың саны екі жылда шамамен 10 есеге, 610 клиникаға дейін артты. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 2,7 млрд теңге сомасына 2,8 млн оңалту қызметі көрсетілді.
Қор халықты медициналық сақтандырумен қамтуды арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4% медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады, бұл 15,9 млн адам
Сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер болып табылады

Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді: жыл басында олар бір жарым есе көп – 1 428 мың адам болды

Сақтандырылудың төмен көрсеткіші Қостанай (77,0%), Алматы (77,3%), Түркістан (77,9%), Жамбыл (79,6%), Қызылорда (80,3%), Шымкент қаласында (79,5%) байқалады. Халықтың сақтандырылуының ең жоғары көрсеткіштері Атырау (85,8%) және Маңғыстау (85,1%) және Ақмола (85,1%) облыстарында байқалды.
38 МӘМС МАҚСАТЫ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ, ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮКТЕМЕСІН ӘДІЛ БӨЛУДІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАУІПТЕРІН КЕШЕНДІ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
МӘМС НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ: ►
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢДІК (МӘМС әрбір сақтандырылған адамға оның кірісіне және ол төлеген жарналардың тиісті сомасына қарамастан медициналық қызметтердің бірыңғай пакетіне құқық береді, МӘМС қаражат пен көмекті аз қажет ететін адамдардан көбірек қажетсінетін адамдарға қайта бөлуге мүмкіндік береді, сонымен ол кірісінің мөлшері, нашар денсаулығының немесе аз бюджеті бар өңірлерде тұруы салдарынан қолжетімділігі шектеулі адамдардың мүмкіндіктерін ұлғайтады)
► ӘДЕЛЕТТІК (жарналардың мөлшерлері МӘМС қатысушысының төлем қабілеттілігіне байланысты болмақ, яғни оның кірісіне тікелей байланысты, төлеуге мүмкіндігі жоқ адамдар үшін мемлекет бюджеттен төлейді)
► МІНДЕТТІЛІК (психологиядан: бай адамдар кедей адамдардың пайдасына өзінің ақшасын ерікті аудармайды, сондықтан тиімді жұмыс істеу үшін жүйе қатысудан бас тарту құқығынсыз барлық адамдар үшін міндетті болуға тиіс)
МІНДЕТТЕРІ:
► ҚОҒАМДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ (халықтың денсаулығын сақтау жүктемесін бөлу, өз денсауығын нығайту, қоғамға есеп беруді қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің бірыңғай пакеті
) ► ЖҮЙЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (қаржыландыру көздерін әртараптандыру, сыртқы факторларға және шығындардың өсуіне қарсы жүйенің орнықтылығын қамтамасыз ету, қаражатты бөлудің әділдігін қамтамасыз ету)
► ЖҮЙЕНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ (денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық сатып алуын қамтамасыз ету, жүйенің жоғары құзыретін мен ашықтығын қамтамасыз ету, түпкілікті нәтижелерге: медициналық қызметтердің қолжетімділігі, толықтығы мен сапасына қол жеткізу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет