Органикалық қосылыстардың құрамы мен құрылысы туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды алкандардың құрылысымен және номенклатурасымен таныстыру



Дата06.07.2018
өлшемі25,15 Kb.
#47613

«Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны






«БЕКІТЕМІН»

«Маңғыстау энергетикалық колледжі» оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі

директордың м.а.

_________________Тасболатова Р.

«____» _________________ 2017 ж.


АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні:

Химия

Тақырыбы:

Алкандар

Мамандығы:

0902000«Электрмен қамтамасыз ету»

Курс:

1

Дайындаған:

Аманшаева З.А.


Ақтау-2017

Пәні:Химия

Мамандығы:0902000«Электрмен қамтамасыз ету»

Курс:І курс

Сабақтың тақырыбы: Алкандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Органикалық қосылыстардың құрамы мен құрылысы туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды алкандардың құрылысымен және номенклатурасымен таныстыру. Оқушыларды алкандардың қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызыментаныстыру арқылы білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру және сипаттау біліктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: АКТ-ны пайдалануға дағдыландыру, белсенділігін арттыру, сыни тұрғыдан ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіру және оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Білімін қолма-қол көрсете алу қасиетін ашу және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Органикалық қосылыстардың жіктелуін, алкандар туралы білімдерін кеңейтіп, интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, танымдық қабілетін, зейінін дамыту.

Сабақтың түрі: Жарыс арқылы кластер технологиясын пайдалану

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ізденіс, ой-қозғау, ой түрткі, шығармашылық көрсетілім, тест тапсырмалары.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, түрлі түсті шариктер, бағалау парақшасы, смайликтер, слайдтар, модельдер, электрондық оқулық.

Пәнаралық байланыс: Медицина, биология, тарих, география, математика, әдебиет, физика.

Қамтылатын модульдер: 1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл, топтық жұмыс.

2-модуль: СТО әдісі, ассоциация, суретпен жұмыс, топтастыру.

3-модуль: Бағалау.

4-модуль: АТК пайдалану, бейнекөрсетілім.

5-модуль: Көшбасшылық, топты басқару.

Күтілетін нәтиже:


  1. АТК-ны пайдалану арқылы жаңа түсініктер қалыптасады.

  2. Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында жаңа идеялар, жоспарлар, тәжірибенің қорытындысы туралы пікірлер қалыптасады.

  3. Оқушылар ойын еркін жеткізе отырып, қорытынды жасай алады. Топпен жұмыс барысында оқушылардың таланттылығы анықталады, яғни, көшбасшылар анықталады.

  4. Оқушылар органикалық қосылыстардың кластарына сипаттама бере алады.

  5. Алкандардың құрылысы мен номенклатурасы туралы танысады.

  6. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындай алады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі, 2 минут.

Оқушыларды төрт топқа бөлу: 1. Метан 2. Этилен 3. Ацетилен 4. Бензол



Оқытушының кіріспе сөзі, 3 минут

Психологиялық дайындық: Мынадай сөз бар күнді қандай көңіл күймен бастасаң, солай өтеді. Олай болса бүгінгі күнімізді күлкімен бастайық, бір-бірімізге қарап жақсы тілегімізді айтып, жымиып,сабақ барысында көтеріңкі көңіл күйде болайық. (оқушылар қолдарындағы смайлик бар қағазды көрсетіп, көңіл-күйлерінің жақсы екендігін бір-біріне көрсетеді). Бүгінгі сабақ барысында сіздер мұқият, тапқыр болып, ең бастысы өз білімдеріңіз бен жұмыс жасау қабілеттеріңізді көрсетеді деп сенеміз. Ендеше бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Сабағымызды Жүсіп Баласағұнның мына өлең жолдарымен бастаймын:

«Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Біліммен аспанға жол салынар».

Көмірсутектер құрамында тек қана екі элемент: көміртек және сутек атомдары кіретін органикалық қосылыстар. Органикалық қосылыстар құрылысы бойынша былай жіктеледі:

Алифатты,(ациклді): 1.Алкандар,(С пН 2п+2) 2. Алкендер, (С пН 2п)

3. Алкадиендер, (С пН 2п-2), 4. Алкиндер, (С пН 2п-2)

Циклді: 1. Циклоалкандар, (С пН 2п) 2. Арендер, (С пН 2п+6)

Көмірсутектердің осы кластары бойынша алған білімдерімізді жарыс сабақ арқылы қорытындылаймыз.

Оқушыларға «бағалау парақшасы» таратылады. Жарыс сабағымыз төрт бөлімнен тұрады:



І. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», 5минут.

Бұл бөлімде оқушылар химиялық диктант, сәйкестендіру тест орындайды.



Химиялық диктант:

Метан тобына: Алкандар – қаныққан көмірсутектер. Алкандардың жалпы формуласы – С пН 2п +2. Алкандардың қарапайым өкілі – метан. Алкандар – мұнайдан алынады. Метан молекуласының кеңістіктегі пішіні тетраэдр тәрізді. Алкандарға SP3 гибридтену тән. Метан гомологтеріндегі көміртек атомы кеңістікте ирек-зигзаг тәрізді тізбек құрайды.

2. Этилен тобына: Молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы С пН 2п болатын қанықпаған көмірсутектер – алкендер деп аталады. Алкендердің ең қарапайым өкілі – этилен, оның формуласы СН 2 = СН 2 Сутек қосыла жүретін реакциялар гидрлену деп, ал галогендердің қосылуы галогендену деп аталады.

3. Ацетилен тобына:Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар, жалпы формуласы С пН 2п-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастырады. Алеиндер табиғатта кездеспейді.

4. Бензол тобына:Арендер молекуласының құрамында бензол сақинасы бар, жалпы формуласы С пН 2п-6 болатын карбоциклді көмірсутектер. Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады деп бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған неміс ғалымы А.Кекуле.
Б). Сәйкестендіру тест:

1. Метан тобына:

Алифатты-----------------------------------------------------------ашық тізбекті

Циклді--------------------------------------------------------------тұйық тізбекті

Алкандар--------------------------------------------------------------парафиндер

Це аш үш---------------------------------------------------------метил радикалы

Метанның формуласы-------------------------------------------------------СН 4

Этанның формуласы-------------------------------------------------------С 2Н 6

Көмірсутек құрамындағы қай элементтер-----------------көміртек, сутек

Спирттер жалпы формуласы ---------------------------------------------R-ОН

Алканның жалпы формуласы-------------------------------------– С пН 2п +2

СН 2 тобы---------------------------------------------------гомологтық айырма

2. Этилен тобына:

Этиленнің формуласы-----------------------------------------------------С 2Н 4

Алкандар (С1 –С4)-----------------------------------------------------------газдар

Алкандар (С5 –С15)----------------------------------------------------------сұйық

Алкандар (С15 тен жоғары)------------------------------------------------қатты

Крекинг----------------------------------------------------аз көмірсутек түзілуі

Риформинг--------------------------------ароматты көмірсутектерге айналу

Циклоалкандар-----------------------------------------------циклопарафиндер

Этиленнің басқаша аты------------------------------------------------------этен

Алкадиеннің жалпы формуласы------------------------------------- С пН 2п -2

Алкадиенді полимерлегенде------------------------------көксағыз (каучук)

3. Ацетилен тобына:

Ацетиленнің құрылымдық формуласы--------------------------Н-С = С-Н

Пентин-1----------------------------------------------------------------------С 5 Н 8

Гидрлену-------------------------------------------------------сутекті қосып алу

Гидратация----------------------------------------------------------су қосып алу

Полимерлену--------------------------үлкен молекулалы қосылыс алынуы

Бензол--------------------------------------------------------------------------С6 Н 6

Фенол--------------------------------------------------------------------- С6 Н 5 ОН

Толуол---------------------------------------------------------------- С6 Н 5 – СН 3

Декан------------------------------------------------------------------------ С10 Н 22

Алкандар------------------------------------------------------------парафиндер
4. Бензол тобына:

Циклопарафиндер--------------------------------------------------нафтендер

Циклогексан--------------------------------------------------------------сұйық

Этилен көмірсутектері--------------------------------------------олефиндер

Алкендерге---------------------------------------------------------ен жұрнағы

Алкандарға---------------------------------------------------------ан жұрнағы

Алкиндерге---------------------------------------------------------ин жұрнағы

Этиленді полимерлегенде----------------------------------------полиэтилен

Дивинил------------------------------------------------------------бутадиен-1,3

Изопрен----------------------------------------------------2метилбутадиен-1,3

Айырылу-----------------------------------------------------------------ыдырау
ІІ. «Білімді мыңды, білекті бірді жығады», 10минут.

Бұл бөлімде тақырыпқа сәйкес бейнекөрсетілім тыңдалады.Оқушылар №1 кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап береді және БББ кестесіндегі «Білемін», «Білгім келеді» бөліктерін толтырады.



р/с

Білемін

Білгім келеді

Білдім

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10









№1 кеспе қағаздағы сұрақтар:



  1. Метанның физикалық қасиеті мен формуласы қандай?

  2. Алкандар жанғанда не түзіледі?

  3. Этиленнің физикалық қасиеті мен формуласы қандай?

  4. Изомерлер мен гомологтар дегеніміз не?

  5. Көмірсутектер құрамында қандай элементтер болады?

  6. Ацетиленнің физикалық қасиеті мен формуласы қандай?

  7. . Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?

  8. «Гомо» деген қандай мағынаны білдіреді?

  9. Алкандардың жалпы формуласы қандай?

  10. Бензолдың физикалық қасиеті мен формуласы қандай?


IІІ. «Іздесең табасың, талаптансаң жетесің, зейін салсаң ұғасың», 10минут.

№2 кеспе қағазбен жұмыс. (Постер жасау).



р/с

Тапсырма

Орындау жолы

1

Жалпы сипаттама (Әр топ өз аттарының класына сәйкес жауап береді).

Ауызша

2

Формула

жазбаша

3

Модель

шарикпен

4

Модель

Интербелсенді тақтамен

5

Физикалық қасиеті

Ауызша


ІV. «Асу бермес асқар жол», 10минут.

№3 кеспе қағазбен жұмыс. (Кластер жасау).



р/с

Тапсырма

Орындау жолы

1

Қолданылуы (Әр топ өз аттарына сәйкес жауап береді).

Кластер жасау





Рефлексия, 2минут.

Мына сөйлемдерді аяқтап, талдау:



  • 1. Бүгінгі сабақтағы маған ұнаған жаңалық:

  • 2. Бүгінгі сабақтағы басты ой:

  • 3. Менің ұсынысым:

Бағалау: 2минут.

«Бағалау парақшасы» бойынша әр топ бір-бірінің ұпай сандарын есептеп, қорытындылайды.



р/с

Тапсырма

Ең жоғарғы ұпай

Ұпай саны

1

Химиялық диктант

10




2

Сәйкестендіру тест

10




3

БББ кестесі

10




4

Постер

25




5

Кластер

5




6

Қорытынды ұпай саны

60





Үйге тапсырма: 1минут.

Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен алкандарды оқып келу.



60-беттегі 2-6 жаттығулар және 65 беттегі 3-9 жаттығуларды орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет