Организмнің өсуі мен дамуы?



бет1/6
Дата27.09.2023
өлшемі490,06 Kb.
#182762
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 тапсырма. Онтоногез зандылыктары


  1. Организмнің өсуі мен дамуы?

Өсу мен дамудың көрсеткіштері.
Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар(өсу мен даму): 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.(бас шеңбері)
Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.
Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.
1.Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады
2.Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді.
3.Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
4.Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады
5. Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады
6.Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты
7.Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді
8.Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады
9.Мосқалдық кезең (пожилой). Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі азаяды. Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.
10.Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.
2.Өтпелі кезен деп нені айтады, оның ерекшеліктері.
Өтпелі кезең» – бұл 11 жастағы қыз бен 13 жастағы ұл баланың биологиялық бой жету кезеңі деуге болады. Ол белгілі бір жас арасында өтеді дегенмен, әр адамда әр түрлі байқалуы мүмкін. Сол сияқты қыздар мен ер балалар арасындағы «өт­пе­лі кезеңде» де өзіндік айырмашылық бар. Мә­селен, қыздарда жас­өспірімдік дағдарыс жұмсақ жағдайда өтеді, ұлдарға қарағанда ер­те басталады және тез аяқталады. Ал ұл балалар бұл кезде ашушаң, бұзықтау, тіл алмайтын, өзін-өзі ересек етіп көрсетуге талпынатын болып келеді. Психологтар жас­өс­пірімдік дағдарысты ата-ана мен бала арасындағы осы кезге де­йін созылып келген та­би­ғи байланыстың үзі­ліп, жаңа өмірге қа­дам басуы деп түсінді­реді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет