Орынбасар Маржан



Дата11.12.2022
өлшемі22,92 Kb.
#162362
Байланысты:
Экономика СӨЖ 13 апта


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік мәдениетінің мәні мен мағынасы. Іскерлік қатынастар. Кәсіпкерлік этикасы, іскерлік этикет


Орындаған: Орынбасар Маржан
Тобы:1404-11
Қабылдаған: Темирова.Ж


Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз байланыста. Мәдениет - адамдардың өндірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы.
Кәсіпкерлік мәдениет - субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Құқықтық және этикалық нормалардың көрінісі ретінде кәсіпкерлік мәдениет мемлекетпен, қоғаммен тұтынушылармен, қызметкерлермен, әріптестермен, бәсекелестермен қарым- қатынасты қамтиды, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін құқықтық актілер, стандарттар ережелер мен нормаларды сақтауды білдіреді


Кәсіпкерлік мәдениет - субьектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі (қоғамдағы) қолданыстағы құқыктық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларга, этикалық және адамгершілік ережелеріне негізделеді.


« Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінін мазмұнын мынадай 3 құрамдас бөлік(компонент) арқылы анықтауға болады:

  • 1. Кәсіпкердің бизнестің құндылықтары туралы түсінігі

  • 2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мінез - құлық ( іс- әрекет)
    нормалары мен ережелері.

  • 3. Кәсіпкердің нақты іс- әрекеті, соның нәтижесінде кәсіпкер әзірленген ережелер мен мәдени мінез- құлық нормаларын іс-жүзінде жүзеге асырады



Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады:

Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы:


Міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау;
Кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жургізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адал қарым-қатынаста
болу;

  • Кәсіпкердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы

  • Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы;

  • Кәсіпкерлік іс-әрекеті болжау мүмкіншілігі

Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті мынадай ішкі факторлар арқылы анықталады:



  • Кәсіпкерлік қызметтің пәні және оны
    уйымдастыру жағдайы;

  • Меншік иелері мен қызметкерлердің
    мотивациясы:

  • кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі; 

  • кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі; 

  • нарықта жетекші орынға ие болуға мүмкіндік беретін ерекше басқару стилінін болуы:

  • Кәсіпорын басшылары, менеджелері мен қызметкерлерінің жоғары кәсіби құзыреттілігі және оларды оқыту мүмкіншілігі;

  • Кәсіпорын жетуге ұмтылатын құндылықтар туралы нақты әрі айқын түсініктер жиынының болуы;

  • Кәсіпорын қызметінің жоғары тиімділікке бағытталуы және
    ұсынылатын тауарлар мен қызметтер сапасы:

  • Тұтынушыларға анық және сапалы
    қызмет көрсетуі, тұтынушылармен
    жақсы, өзара қарым-қатынастарда болуы:

  • Қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның көздеген мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;

  • Қажетті санитарлық гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.

Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік ұйымдардың ішкі және сыртқы мәдениеттерінен тұрады. Ішкі мәдениет фирма ішіндегі бизнеске қатысушылардың өзара қарым- қатынасын көрсетеді. Сыртқы мәдениет кәсіпкерлердің өз қызметін жүзеге асыру кезінде байланысқа түсетін жеткізушілеріне, тұтынушыларына, сатып алушыларына қатысты мәдени мінез- құлық ережелерін сақтауды білдіреді.
Кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы мынадай екі жолмен жүзеге асырылады:

біріншіден, алға қойылған мақсаттарға айтарлықтай нәтижелі жетуге мүмкіндік беретін мәдени дәстүрлерді қолдау арқылы өткен және қазіргі тәжірибені зерттеу негізінде табиғи жолмен жүзеге асырылады;


екіншіден, мінез-құлық пен іс-әрекеттің белгілі -бір кешендерін күштеп енгізу арқылы мақсатты түрде қалыптастырылады. 
Келесі жағдайларда кәсіпкерлік мәдениет әлсіз деп саналады: 

мақсаттарға жету құралдары мен құндылықтар жүйесі туралы айқын түсінік болмағанда; 


стратегиялық және тактикалық мақсаттар болмаса; 
ұжым мүшелері ортақ келісімге келе алмаса және әртүрлі көзқарастар қайшылығы туындаса; 
ортақ құндылықтарды дамыту үшін басшылар ешкандай әрекет жасамаса.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет