Орындаған : 3-016 жмф холбай Сания Қабылдаған



Дата01.05.2022
өлшемі26,32 Kb.
#141609
Байланысты:
Пропед МВС СРСП 1 3016 Холбай Сания ¹


Орындаған : 3-016 ЖМФ
Холбай Сания
Қабылдаған : Бейсенбекова Ж. А.
СРСП 1
Эссе тақырыбы : Зәр шығару жүйесімен ауыратын науқастрадың зертханалық – аспаптық диагностикалық әдістері. (сандық, функционалді).
Зерттеудің физикалық әдістері
Қарау. Пациентті қарағанда фельдшер біріншіден оның
Жағдайын бағалау керек: өте ауыр жағдай, естүссіз- бүйректің ауыр зақымдануында байқалады, бүйрек жетіспеушілігімен білінеді, орташа ауыр немесе қанағатты жағдай- бүйректің жеңіл зақымдануында болады.
• Пациенттің төсектегі жағдайы аурудың алғашқы кезеңінде белсенді болады, ал уремиялық комада- пассивті. Коматозды жағдайда пациент зақымданған жағында аяқтарын тізе,жамбас буындарын бүгіп ішіне қарай тартып жатады. Бүйрек шаншуында пациент мазаланып аяқайлап, өзіне орын таппайды.

  • Жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, пиелонефритте пациентте ісінулер байқалады. Бүйрек ісінулерінің ерекше белгілері: науқас беті бозарып ісінген, қабақтары ісінгеннен көз алмалары сығрайып тарылған. Сырқаттың ауыр түрінде ісінулер аяқтарында, қуыстарда пайда болады, кейде анасаркаға дейін.



  • Созылмалы гломерулонефритте пациенттің терісі бозарып ісінген.Теріде тырнақ іздерін байқау болады,құрғақ тұтықпен қапталған тіл бүйрек жетіспеушілігінің уремиясын білдіреді. Паранефритте зақымданған жағында бел аймағында ісінуді байқауға болады.


Пальпация. Бүйректер құрсақ ішінде орналасқан. Сау адамда өкпе доғасымен құрсақ пресі бүйректі сипап тексеруге мүмкіндік бермейді. Құрсақ пресі босап, адам өте тез жүдесе ғана бүйректер төмен түсіп кетіп оларды сипап тексеруге болады..
Бүйрек қатты үлкейгенде ғана сипап тексергенге жақсы білінеді /киста, ісік/. Бүйрек пальпациясын вертикальді және горизонтальді жағдайда жүргізу керек.
Пальпацияның тәсілдері /техника/. Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызады. Дәрігер пациенттің оң жағына отырады. Сол жақ бүйректің пальпациясында дәрігер оң қолын бел аймағына 12 қабырғаға жақын қояды. Сол қолын ішіне қабырға доғасынан төмен және оған перпендикулярлы іштің тік бұлшық етінен шетке қарай орналастырады. Пациентті бұлшықеттерін босатып терең демалуын сұрайды. Ауа шығарған кезде дәрігер сол қолын ішке қарай төмен басып артқы қабырғаға тіреледі, ал оң қолымен сол қолға қарай басады. Қолдарын жақындатып дәрігер пациентке ішпен терең демалуын сұрайды, егер бүйрек төмен орналасқан болса, онда бүйректің төмен жағы сол қолдың астымен өтеді. Бүйректі сипап анықтау мүмкін болған жағдайда оның түрін, консстенциясын, үстінің сипатын, ауыратының және жылжымалығын анықтау керек. Сау, өзгермеген бүйректің түрі- ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы шымыр серпінді, үсті тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады.
Бүйректі пациент тұрып тұрғанда анықтауды Боткин С.П ұсынған. Ол пациент жатқан кездегідей ережелермен жүргізіледі. Пальпация бүйректің төмен түсүін нефропатозды анықтауғамүмкіндік береді. Нефропатоздың үш кезеңі анықталады: Біріншіде- бүйректің төмен жағы анықталады, екіншеден бүйрек тұтас анықталады, үшіншіден бүйрек ары бері еркін жылжыйды,өте төмен түседі немесе омыртқаның басқа жағына өтіп кетуі мүмкін.
Пальпация әдісімен қуықтыда анықтау болады. Қуық толып тұрған кезде қасаға үстінде эластикалық былқылдаған ісіну анвқталады, өте толып кеткенде кіндікке дейін көтеріледі.

  • Перкуссия.

Бүйрек үсті ішекпен қапталған, сондықтан перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс беріп, шекара анықтау мүмкін емес, ұрғылау әдісі ғана үлкен маңыз береді. Дәрігер сол қолын пациенттің беліне қойып, оң алақанының қабырғасымен не жұдырығымен жәйләп үстінен ұрады. Пациент ауырсыну сезсе, симптом оң болып саналады, Пастернацкий симптомы деп аталады. Пастернацкий оң симптомы тынжытаста, Пиелонефритте, паранефритте, миозитте, радикулитте анықталады.

Зәр шығару жүйесінің сәулелік зерттеу әдістері


1.Рентгенологиялық
Обзорлы рентгенография
Экскреторлы урография
Инфузионды урография
Ретроградты пиелоурография
Антеградты урография
Цистография
Микционды цистография
Бүйректердің ангиографиясы
2. Ультрадыбысты зерттеу әдісі
3. Компьютерлі томография
4. МРТ
5. Радиоизотопты зерттеу
(ренография, бүйректің динамикалық сцинтиграфиясы).
Қазіргі кезде зәр шығару жолдарының ауытқуларын анықтау үшін барлық сәулелік диагностикплвқ әдістер қолданылады, бірақ анықтап көрсету дәрежелері әрқайсында ерекше. Соның ішіндегі ең қарапайым сенімді әдіс экскреторлы урография. Ол – гематурия, бел аймағындағы ауырсынулар кезінде, зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде, зәр тас ауруларында, несепағар обструкциясында, туа пайда болған аномалиялар мен жарақаттар кезінде жасалатын әдіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет