Орындаған : Сейдакпар. А. О



Дата07.02.2022
өлшемі0,76 Mb.
#93491
Байланысты:
мәдениеттану 12.11
635292, БӨЖ №1 ТОП 20-14 Нурдаулет Өркен, БӨЖ №1 ТОП 20-14 Нурдаулет Өркен, Morphology of a prokaryotic cell. Virus morphology, Morphology of a prokaryotic cell. Virus morphology, Morphology of a prokaryotic cell. Virus morphology, Химический состав прокариотической клетки Методы окраски, Химический состав прокариотической клетки Методы окраски, Structural and functional organization of eukaryotic cells. Microscopic fungi and yeast., Structural and functional organization of eukaryotic cells. Microscopic fungi and yeast., БӨЖ №4 ТОП 20-14 Нурдаулет Өркен, Адам біті және силуэті, 11-тарау. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯСЫ., ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті


Орындаған :Сейдакпар.А.О

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар. Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады.

  • Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар. Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады.

Құрылуы

  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған “Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайындау” туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды.
  • Қабырғасы жаңа қаланған институттың құрамындағы физика-математика, тарих, тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30-дан студент қабылдауға және 2 жылдық дайындық курсын ашу, оған 60 талапкер қабылдау және олардың тамағы, киімі, кітап т.б. керек-жарағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім шығарылды. Инсти-тутқа Гоголь көшесіндегі 119 үйді оқу ғимараты, Лесная көшесіндегі 86 үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз, төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды.
  • Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірді.

Алғашқы оқытушылар

  • Білім алуға келген қыздарға М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев, Т.Тәжібаев, К.П.Персидский, А.Жұбанов, Ш.Батталова, О.А.Жәутіков, Н.Сауранбаев, Ә.С.Тұрсынбаев, В.А.Есенғалиева, Х.Х.Махмутов, С.Т.Толыбеков, Х.Жұманов, К.Қармысов, К.Айманов, М.Балақаев, Е.Косюхин, Ө.Байділдаев, К.Барманқұлов, И.Маманов, А.А.Федулова, Д.Т.Тұрсынов, З.Ахметов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс берді.

Түлектерінің арасында елімізге танымал тұлғалар

  • Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күләш Құнантаева, “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалінің иегері, институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері — Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Османова, белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Әмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, З.Жәкішева, көрнекті ақындар Ә.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанова, әншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтаны-шы, халықтың алдында шоқтығы биік аяулы қыздары.

Қазіргі жағдайы

  • Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Қазіргі таңда барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күр-делі жөндеуден өтті. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Университет мәртебесі берілуі 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысымен рәсімделді.

Рухани іс-шаралар

  • Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында “Қазақ аруы” атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық “Бөбек” балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған.
  • Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі.
  • Біздің қыздар өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорт-тағы жетістіктеріміз қуантады. Соңғы универсиададан 89 ЖОО ішінде 7 орынға шықты.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет