Орындаған: Адырбек Гүлзат



бет1/3
Дата14.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#168734
  1   2   3
Байланысты:
1-топ Адырбек Гүлзат

Қарағанды медицина университеті Биомедицина кафедрасы

Жасуша мембранасының зақымдану механизмдері, түрлері. Зақымдануды шақыратын факторлар


Орындаған: Адырбек Гүлзат
Амангелдин Баққожа
Аманқұлова Амина
Анис Мерей
Қабылдаған: Дюсенбекова Б.Н.

Жоспар:

  • Жасуша мембранасы.
  • Жасуша мембранасының құрылысы.
  • Жасуша мембранасының зақымдануы.
  • Химиялық және биологиялық әсерінен зақымдануы.
  • Жасушаны шақыратын факторлар.

Жасуша мембранасы — жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа жасуша қабығынан бөлетін мембрана.
Жасуша мен сыртқы ортаның арасында зат алмасуына, жасушаның қозғалуына, бір-бірімен байлануына қатынасады. Мал жасушаларының жасуша мембранасы сыртқы бетінде гликопротеидті рецепторлар орналасқан. Жасуша мембранасы жасушаның вируспен қарым-қатынасында үлкен орын алады. Мысалы, зақымдаушы вирус ең алдымен сол рецепторларға жабысады, содан соң жасуша мембранасы белгілі бір аймағын ыдыратады да жасушаның ішіне кіреді. Жасуша мембранасы жасуша ішінде жаңадан пайда болған вирустардың сыртқа шығуына жасушаның белгілі жерлерінің ыдырауы немесе пиноцитозда қатынасады. Жасуша мембранасында вирустардың өсіп-өнуінің ақырғы сатысындағы бүршіктену процесі жүреді. Ол көп вирустардың липид, гликолипид, гликопротеид қоры болады.

Жасуша мембранасының құрылысы


Жасуша мембранасының құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі. Электрондық микроскопты пайдаланып жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік және жануар жасушасы (клетка) мембранасының құрылысы толықтай анықталды. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік жасушасы мембранасының жасұнықтан (клетчатка) түратындығы және оның тірек қызметін атқаратындығы дәлелденді. Егер өсімдіктің жапырағын бірнеше рет бүктеп қайта жазса, біраздан кейін бұрыншы қалпына келеді. Бұл құбылыс жасуша мембранасының серпімділік қасиетін білдіреді. Сонымен қатар бұл - өсімдік жасушасы мембранасының физикалық қасиетіне тән құбылыс.
Белгілі бір ағзаның қалыпты қызметі оны құраушы жасушалардың тыныс тіршілігіне байланысты. Ағза қызметіне талап артқанда, жасуша оргенеллаларында молекулалық деңгейдегі бейімделу үдеістері жүріп, сол талапқа сай ултрақұрылымдық өзгерістер дамиды. Ауру қоздырушы әрекеттер (факторлар) әсерінде қайтымды өзгерістер,егер бұл әрекеттер әсері шектен тыс болса қайтымсыз өзгерістер байқалады. Қайтымды өзгерістер, мысалы жасушаның ісінуі ,бірнеше минуттар ішінде пайда болса,қайтымсыз өзгерістер, мысалы жасушаның өлімі үшін, бірнеше сағаттар өту керек. Қайтымсыз өзгерістер клиникада әр түрлі патологиялық үдерістер түрінде немесе белгілі бір ауру белгілерімен көрініс береді.
Жасуша зақымдануының себептеріне : гипоксия, химиялық заттар мен дәрілер, физикалық әсерлер, биологиялық факторлар, инфекциялар, иммундық реакциялар,гендік мутациялар, қоректік заттардың жетіспеушілігі және т.б кіреді. Әрбір әсердің жасушаның зақымдауы механизімдер әртүрлі. Гипоксиялық (немесе ишемиялық) зақымдануының негізгі себебі, қан тамырының тромбозы, эмболиясы,спазмы нәтижесінде қаннның аз келуі немесе келмей қалуы. Бұл өзгерістер себептері жойылмаған жағдайда жасуша өлімінен аяқталады. Сонымен қатар, қанның оттегімен жеткілікті қанықпауы (гипоксемиялық гипоксия) және де гемоглобиннің өзгеруіне байланысты оттегі тасымалдануының бұзылуы, мысалы, иіс газымен уланғанда қанда карбоксигемоглобиннің пайда болуы да, жасушаларда ишемиялық қайтымды және қайтымсыз өзгерістерге соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет