Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы
БӨЖ
Бастауыш білім педагогикасы
Тақырып: Тарбиенің мақсаты мен міндеттері
Орындаған: Корганбаева С
Қабылдаған: Сұлтанбек М
Туркістан 2024
Жоспар
Кіріспе
1. Тәрбие
2. Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері
3. Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер
4. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлықты қалыптастыру әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тәрбие – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үдерісі.
Тәрбие – тәрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесулерінің үдерісі.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
«Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал, енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» . Демек, тәрбие кең мағынасында бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыруды білдіреді.
Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады.
Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |