Орындаған: Мағзомов Қадырбек Қабылдаған: Қалиева Нұрзия Түркістан-2023 Жоспар



бет1/7
Дата02.12.2023
өлшемі1,61 Mb.
#194745
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СМБӨЖ1
Задания суммативного оценивания за 2 четверть, CMTOVCTTACQZ02032023214854, шоттар 2020, «Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы», перевод

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Микроорганизмдердің морфологиясы мен құрылымдары (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар).
Орындаған: Мағзомов Қадырбек
Қабылдаған: Қалиева Нұрзия

Түркістан-2023




Жоспар

  1. Микроорганизмдерді морфологиясы.

1.1 Дөңгелек пішінді микробтар (коккалар).
1.2 Таяқша немесе цилиндр тәрізедес.
1.3 Ирек пішінді микроорганизмдер.
1.4 Микроб жасушаларының құрылысы.

  1. Вирустар.

2.1 Вирустардың морфологиясы.
2.2 Вирустардың репродукциялану сатылары.
2.3 Бактериофагтар.

  1. Бактериялар.

    1. . Бактериялардың көбеюі.

    2. . Бактериялардың жіктелу негізі.

  1. Саңырауқұлақтар.

4.1. Саңырауқұлақтың түрлері.
4.2. Саңырауқұлақтың құрылымы.
4.3. Саңырауқұлақтың көбеюі.

  1. Қарапайымдылар.

5.1. Жіктелуі
5.2 Сипатамасы

  1. Қортынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер





        1. Микроорганизмдерді морфологиясы.

М
икробтардың пішіні. Микробтар – негізінен бір жасушалы хлорофилсіз, прокариотты организм. Пішіндері бойынша олар дөңгелек, таяқша және ирек пішінді болып бөлінеді (1-сурет).
1-сурет. Микроорганизмдердің негізгі пішіндері.

Д
өңгелек пішінді микробтар (коккалар) сыртқы түріне қарағанда шардың пішінін еске түсіреді. Олардың сопақша, бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен жасушалардың орналасуына сәйкес коккалар микрококкаларға, диплококкаларға, тетракоккаларға, стафилококкаларға, стрептококкаларға және сарциналарға бөлінеді (2-сурет).


2-сурет. Дөңгелек пішінді микроорганизмдер.
Микрококкалар (грекше мicros – кішкене) – зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар бөлінген соң бір-бірімен қосылмай, жеке-дара орналасады. Диплококкалар (diplos – қос) –қосарланып, ал стрептококкалар (грекше streptos – тізбек) – бір-бірімен моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.
Тетракоккалар (грекше tetra – төрт) – бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан тұрады. Сарциналар (латынша sarcio – байланыстыру) – өзара перпендикулярлы үш жазықтықта бөлініп, сыртқы пішіні кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп жасушалар тобы ретінде кездеседі.
Стафилококкалар (грекше staphyle – жүзім шоғыры) – жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз бөліну салдарынан жүзім шоғыры тәрізді болып келеді.


Таяқша немесе цилиндр тәріздес микроорганизмдердің пішіндері, ұзындығы мен жуандығы әр түрлі болады. Олардың пішіндері таяқша, сопақ, цилиндр тәрізді болуы мүмкін. Таяқшалардың ұшы жұмыр немесе үшкір болып келеді. Таяқша тәріздес микробтар бактерияларға, бациллаларға және клостридияларға бөлінеді. Бактериялар – таяқша тәрізді, спора түзгіштік қабілеттері жоқ микроорганизмдер. Бациллалар мен клостридиялар спора түзеді. Бациллалардың спораларының көлемі жасуша енінен аспайды, ал клостридияларда бұл құрылымның диаметрі вегетативті жасушасының енінен үлкен болып, оған ұршықтың, теннис ракеткасының, барабан таяқшасының пішінін береді. Клостридиялар анаэробты микроорганизмдер қатарына жатады. Олардың арасында азот сіңіруші, анаэробты инфекциялардың қоздырғыштары және басқалары кездеседі. Кейбір микробтардың ұзындығы олардың енінен сәл ғана үлкен болып, пішіні жағынан коккаларға ұқсас болып келеді. Мұндай микробтарды коккобактериялар деп атайды. Бактериялар мен бациллалардың пішіні мен мөлшері әртүрлі, таяқшаларының ұштары дөңгеленген, тік немесе көлбеу кесілген болып келеді де, жазықтықта орналасуына қарай монобактерияларға (жеке-жеке), диплобактериялар мен диплобациллаларға (қос-қостан) немесе стрептобактериялар мен стрептобациллаларға (тізбектеліп) ажыратылады (3-сурет).
3-сурет. Таяқша тәрізді микроорганизмдер.
Ирек пішінді микроорганизмдер. Ирек пішінді микроорганизмдерді олардың ұзындығы, диаметрі және иірімдерінің санына байланысты анықтайды. Вибриондар – үтір тәріздес иілген, денесінде жалғыз жіпшесі болады. Спириллалар – 3-5 ірі шиыршықтары бар микроорганизм, олар жіпшелерінің көмегімен қозғалады. Спирохеталар – серіппе пішінді прокариотты микробтардың өкілдері. Олардың жасуша қабырғасы мен сыртқы мембрананың ортасында аксиалды микрофибриллалар орналасқан. Олар цитоплазмалық цилиндрді орай отыра жасушаның ұштарына бекітілген. Аталмыш жіпшелердің жиырылуы спирохеталардың қозғалуын туғызады. Өзінің құрылысына байланысты спирохеталар айналмалы, үдемелі және бұрылмалы қозғалыста болады. Олар бактериялар мен қарапайымдардың арасынан орын алады (4-сурет).

4-сурет. Ирек пішінді микроорганизмдер


Микобактериялар – таяқша тәріздес, тармақтала өсуге қабілеті бар микроорганизм (туберкулез, паратуберкулез қоздырғыштары). Коринебактериялар – микобактерияларға ұқсас, бірақ бір ұшы жуан, цитоплазмасында түйіршігі бар микроб (дифтерия таяқшасы). Жіпше тәрізді бактериялар – көп жасушалы, жіпке ұқсас болып келеді. Миксобактериялар – пішіні таяқшаға немесе ұршыққа ұқсас келген микроб. Прос­текобактериялар – үш бұрышты немесе өзгеше пішінді, кейбір түрлері сәулелі симметриялы, шошайған өсінділері (простек) бар болып келеді. Олар бөліну немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пішіні үш бұрышты бактериялардың бір ұшында бүршік пайда болады да, аналық жасушаның көлеміне жеткеннен кейін бөлініп кетеді. Простекобактериялар әдетте жылжымайды, ал жылжымалылары айналмалы қозғалыста болады. Спора түзбейді, Грам тәсілімен боялмайды, картоп қосылған агарда, +28 °С температурада өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет