Орындаған: Сатыбалды. А



Дата17.04.2023
өлшемі22,57 Kb.
#174654
Байланысты:
Социология


СӨЖ: 
Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер етеді.


Орындаған: Сатыбалды.А
Тексерген: Сарсенова А.Б.


Бүгінгі XXI ғасырдың негізгі құндылығы-ақпарат. Ақпарат қоғам өмірінде, оның іс-әрекетінде маңызды бір элементі болып табылады. Ақпараттану ақпараттың қоғамға өту процесі ретінде адам өмірінің барлық саласына әсер етіп шықты. Жаңа ақпараттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамының дамуына жаңа беттерді ашты. Электронды пошта, инстаграм,google,facebook және т.б компьютерлік бағдарламалар адамдардың тығыз байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. БАҚ-ды үлкен аудиторияларға таралуы ақпараттың процесі болып табылады.Қазіргі кезде қазақстандық қоғамының барлық саласында ақпараттандыру процессі қызу жүруде.Ал 2019 жылға дейін қазақстандықтардың көбісі интернет желілерімен толық қамтамасыздандырылмаған болатын.COVID 19 карантин уақытысы жүріп жатқанда бізге БАҚ арқылы ақпарат алудың қаншалықты маңызды екінін түсіндік.Қазақстанда ақпараттандыру процесі саясат саласында да жаңа ақпапрттық комуникативтік технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы барлығына технологиялық қол жетімді,мағнасы мен өнері жеңілдетілген бұқаралық мәдениеттің қалыпьасуына әкелді.Бұқаралық мәдениеттің дамуы өзінен жоғары және танымал мәдениеттің орнын баса алады .Біз Бұқаралық ақпараи құралдары арқылы басқа мемлекеттегі адамдармен достасып,ақпарат алмасып қана қоймай олардан жаңа нәрсе тез үйреніп және тез үйрете аламыз.Бұл мемлекеттің экономикасына өте жақсы ықпалын тигізеді. Көптеген Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;
- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;
БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Көптеген мемлекеттер БАҚ құралдарын өз мақсаттарын жүзеге асыру үшінде қолданылады.Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. 
Қазақстандағы БАҚ-тың дамуы
Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады . Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат құралдары бостандығының кепілі деп санайды. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.
Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.
Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.
БАҚ-тың біз барлық пайдалы жақтарын айтып өттік.БАҚ адамның өміріне қаншалықты зиян екенін ұмытпаған жөн .


Бүгінгі таңда, БАҚ - бұл адамдардың психологиялық және әлеуметтік жағдайына әсер ететін Медиа ықпалының аспектілері сан алуан, біз оң және теріс факторларды көрсете отырып.Бірақ соны білсекте шектен тыс қолданамыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың проблемалар мен табиғи апаттар жайлы біле аламыз.Мысалы:экологиялық апат термоядролық, биологиялық соғыс және т.б. сияқты адамзаттың ғаламдық проблемаларына қатысты жайыттарды ескертеді.БАҚ Қоғамның пікірін біліп, кеңес беру функцияларын орындайды.Ақпарат алмасу,жедел түрде төтенше хабарламалар алу БАҚтың жоғары деңгейде дамығандығының көрсеткіші. БАҚтың қазіргі кезде сұрау алған балалардың жартысынан астамы ие болатын, ақпараттық тасымалдағыштардың анағұрлым кең таралған түрлері ұялы телефондар, компьютерлер жəне DVD плеерлер болып есептеледі.Бірақ бұл техника арқылы олар баланың дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін интернет жəне əр түрлі бейнеақпарат көзіне қол жеткізе алады.. Ұялы телефон өсіп келе жатқан баланың дамуына үлкен зиянын тигізеді.Баланың ойлау қабілетін шектеп,психологиялық түрде зиян келеді.Сонымен қатар қоғаммен араласпай,өз ортасында ойын ашық жеткізе алмауының салдарынан тұйықтық пайда болады.Сонымен қатар дәрігерлердің ескертуі бойынша:
1) Баланың, көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
2) Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзады
3) Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы пайда болады.
4) Бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
5) Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
БАҚ ты пайдаланбауға ешкім тыйым сала алмайды,өйткені біз БАҚ арқылы біз жұмыс жасап хабар алмасамыз.Дегенмен егерде біз БАҚ ты белгілі бір нормамен қолданып және аз пайдалануды үйренсек денсаулығымызға психолгиямызға зиян тимейді. Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер етеді.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет