Орындаған: Шырынбек Айдана Тобы: м 19-3 Философиядағы адам мәселесі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,31 Kb.
#86080
  1   2   3   4
Байланысты:
Философиядағы адам мәселесі.Шырынбек А. М 19-3


Орындаған: Шырынбек Айдана
Тобы: М 19-3
Философиядағы адам мәселесі.
Сұрақтар:
1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді. Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз – адам туралы ілім. Ол адам мәселесін екіжақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды.
Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын жəне альтернативті – материалистік жəне идеалистік,атеистік жəне діни, рационалдық жəне иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді.
Философиялық антропология, оның негізін салушылардың көзқарастары бойынша, адам болмысының түрлі сфераларын арнайы ғылыми зерттеуді оның тұтас философиялық қамтылуымен біріктіреді. Мұнда адам биологиялық қана емес, негізінен алғанда өзін-өзі жетілдіруге көңіл бөлетін рухани жан ретінде қарастырылады.Философия ежелгі заманнан бастап жалпы адам дегеніміз кім, оның табиғаты, оның мәні қандай екендігін айқындауға ұмтылып келеді.Адамның өзін-өзі танып білуі – философияның орталық мәселесі.
Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өзіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек, ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты.
Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі – Демокрит. Демокрит бойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да өледі. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес.
Адам мәселесіне Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Аристотель концепсиясында адам қоғамдық , мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Оның пікірінше, адам – ақылға ие қоғамдық жануар. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу.
Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдайдың құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деді. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды.Сол заманның философтары Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза осыны үндеді. Француз философы Рене Декарттың: «мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» -деген қанатты сөзінің мәні осында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет