Орындаған: Шырынбек Айдана Тобы: м 19-3 Философиядағы адам мәселесі


Адам индивид, тұлға, жеке адам ретінде



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,31 Kb.
#86080
1   2   3   4
Байланысты:
Философиядағы адам мәселесі.Шырынбек А. М 19-3

3. Адам индивид, тұлға, жеке адам ретінде.
Адам деген кім? – деген сұрақ антропологияның негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Сократты адам философиясының негізін салушы – деп те айтады. Оның көзқарасынша, адам ойлаушы, ақылды жан ретінде ақиқатқа өзінің күшімен жетуі тиіс.
Адамзат өз бетінше емес жеке, нақты адамдар арқылы көрінеді. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі «индивид» ұғымы арқылы айқындалады.
«Индивид» – бұл ақыл, ерік, қажеттілік, мүдде т.б. сияқты адамзаттың əлеуметтік жəне психологиялық ерекшеліктерінің нақты таратушысы, адамзат тегінің жеке өкілі. «Индивид» ұғымы бұл жағдайда «нақты адам» деген мағынада қолданылады.
«Тұлға» – нақты адамның дамуының нəтижесі, адамдық сапалардың толығымен көрінуі.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға – бұл сол адам, бірақ тек қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынстардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.
Платон адамның жеке бөлек өмір сүруінің мүмкін еместігі туралы көзқарасты дамытты. Ал Аристотель адамның жалпы мəнімен бірге жеке табиғаты туралы айтып, оның жалпы мəні нақты, жеке табиғатынсыз жүзеге аспайды, – деп көрсетті. «Адам» ұғымы барлық адамдарға тəн ортақ ерекшеліктерді сипаттау үшін қолданылады. Бұл ұғым адамзат тегінің басқа материалдық жүйелерден ерекше өзіне тəн өмір сүру ерекшеліктерін көрсетеді. Яғни, адамзат ерекше материалдық шындық ретінде өмір сүреді. Адам туралы айта отырып, көбінесе жануарлардан ерекше адамның ортаның жағдайларына тек бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге өзінің мақсаттарына сəйкес оған белсенді түрде əсер етіп, оны өзінің қажеттіліктері мен тілектеріне сай бейімдей алатындығына басты назар аударады. Алайда, өмір сүру ортасын белсенді түрде өзгерткендігіне қарамастан, адам тірі организмдердің, басқа да қоршаған жағдайлардың ерекшеліктерімен санасып, оларға бейімделіп отыруы тиіс.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкнідік береді, т.с.с. осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленушіретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесінде қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұндай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесінде қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет