Сабақтың тақырыбы Адамның еркіндігі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата08.02.2022
өлшемі24,96 Kb.
#130918
түріСабақ
Байланысты:
9 cынып 16 сабақ


Бөлім

Адам болам десеңіз ...

Педагогтың аты – жөні

А.Блискельдинова

Күні

20.01.2022



16

Сабақтың тақырыбы

Адамның еркіндігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Еркіндік – тұлғаның өз әрекеті үшін жауапкершілігі ретінде

Құндылығы

Ішкі тыныштық

Қасиеттері

Адамгершілік, ұстамдылық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам еркіндігінің маңызы туралы айта отырып, ішкі тыныштық құндылығың мәнін ашу.



Міндеттері

1. Білімділік: Оқушыларды адам еркіндігі туралы түсінік беру
2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы ұстамдылық қасиеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй




5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Сабақтың дәйексөзі.




Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.
Әл-Фараби
Сұрақтар:

  1. Сіздің ойыңызша, толық еркіндікке жету деген нені білдіреді? Бұл мүмкін бе?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?. 




  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Адамзаттың аспанында жарқырап тұратын жұлдыздар сияқты өте биік сөздердің арасында «еркіндік» сөзінің орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай қажет екенін барлық адамдар түсінеді және келіседі, ол керемет құндылық, байлық: еркіндіксіз өзің бола алмайсың, өз қылықтарың үшін жауап бермейсің, өзіңді өзің көрсете де алмайсың. Бірақ осы «азаттық», «еркіндік», «бостандық» дегеннің өзі не, оны қалай түсінуге болады? «Еркіндік» және «жауапкершілік» ұғымдарының бір-біріне қандай қатысы бар, қандай байланысы бар? «Сөз бостандығы», «ар бостандығы», «баспасөз бостандығы», «демократиялық бостандық», «ерікті, азат қоғам» – біз бұл сөздерді үнемі естиміз және пайдаланамыз. Бірақ бостандық, азаттық деген не? Ол шын мәніндегі байлық, игілік пе? Көпшілік кейде адамның күші, байлығы, билігі және де басқа ресурстары қаншалық көп болса, ол кез келген мәжбүрлеуден азат, тағдырдың кез келген сынынан соншалықты азат деп ойлайды. Алайда билік пен байлық кей жағдайда өзін өзі қолдаудың жүйесіне, құралына айналады. Адам оларды өзі үшін сақтап қалуға қаншама күш, жігер, көп уақыт жұмсайды, мұндайда азаттық, еркіндік, бостандық туралы ой миыңа кіріп те шықпайды. Бенедикт Спиноза бостандықты санамен, оқу-ағартумен, адамның білімділігімен байланыстырып, еріксіздікті, тәуелділікті надандықтың көрінісі, соның салдары деп санаған. Орыс философы Н.А.Бердяев адамды азат, ерікті жасайтын оның таңдауға, шығармашылыққа, өзі мен қоршаған ортасын өзгерту мүмкіндіктері деп есептеді. Өз тағдырын, іс-әрекетін өзі анықтай алатын адамды ғана азат деп атауға болады. Г. Спенсер «Еркіндіктің не екенін өте түсінбейтін адамдар оны өте тез жоғалтып алуы мүмкін» деп ескерткен. Нағыз адамгершілік әрекет жақсылық пен жамандықты еркін айыра алусыз мүмкін емес, сондықтан да бүкіл этикалық жүйелер адам еркінің бостандығын мойындайды




  1. Шығармашылық жұмыс.

3-тапсырма. Төменде берілген тапсырмамен мұқият танысып шығып, сахналық қойылымдар дайындаңыздар.
• Әрбір азаматтың өз пікірін және ойын айтуға құқығы бар.
• Әрбір азаматтың қай жерде тұрғысы келсе, сонда тұра алады. Әрбір азаматтың өз елінен кетуіне және қайтып оралуына құқығы бар.
• Әрбір адам өз елінің азаматы болу құқығы бар. Ешкім азаматтығынан айрылу немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айрылған жоқ.
• Ешкім басқа біреудің құлы бола алмайды.
• Әрбір азамат билік органына сайлауға және сайлануға құқықты. Сайлау жалпыға бірдей, еркін және тең болуы тиіс!
• Ешкімнің басқа адамды ренжітуге, кемсітуге және аяусыз жазалауға құқығы жоқ!
• Әрбір азаматтың мүлікке ие болу құқығы бар және оған тиісті мүлікті ешкімнің тартып алуға құқығы жоқ!
• Ешкімнің басқа азаматтардың жеке өміріне араласуына, рұқсатсыз бөтен үйге кіруге және бөтен хаттарды оқуға құқығы жоқ!
• Әрбір азаматтың мектепке барып, тегін білім алуға құқығы бар!
• Барлық адамдар тең және азат болып туады, барлығының бірдей құқықтары мен қадір-қасиеті бар. Барлық адамның ақылы бар және олар бір-біріне аға мен қарындас сияқты қарауы керек ...
• Сенің түр-түсіңнің қандай екені, қай ұлтсың және қай тілде сөйлейсің, саяси көзқарасың қандай, дінің қандай, қандай
отбасынансың, байсың ба, кедейсің бе, әйелсің бе, ер адамсың ба, қандай елде тұрасың – Декларацияда көрсетілген барлық құқықтар мен бостандықтар әрбір азаматқа тиісті!




  1. Жобалау қызметі







  1. Топпен ән айту

Біздің елдің жігіттері
Сөзін жазған Есенқұл Жақыпбек
Әнін жазған Жәкен Омаров






  1. Үйге тапсырма

«Қайран менің жан анам...» мәтінін оқып келу.




  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет