Орындаған: Убайдуллаева Зарифа Икрамовна. Әмір Темір атындаңы №3 жом



Дата25.05.2020
өлшемі14,08 Kb.
#71149
Байланысты:
Х.САУДА


Орындаған: Убайдуллаева Зарифа Икрамовна.

Әмір Темір атындаңы №3 жом.

Тақырыбы: Халықаралық сауда

Халықаралық сауда дегеніміз:дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Халықаралык сауда — мемлекеттер және ұлттык шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда калыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи — жағрафиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өңдіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.Дүниежүзілік сауданың динамика сы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің кұрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста кебінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өлімдері гана болса, қазіргі кезде онеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-тен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ке өсті. Құрастырмалы бұйымдар Μβΐϊ қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қаркынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да кұрал жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуга болады.Қазіргі уақытта халықаралық айырбас орісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар және наухау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел осіп отыр. Халықаралық сауда объектілерінің катарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімте жалға алу) инжиниринг (инженерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.Халықаралык саудада «жаңа индустриялды елдер» (Гонконг, Онтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары екі еседен асып түсті.Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктагы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар, негізгі экономикалық теория ретінде мемлекеттер экспортың ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни қатаң протекционизмді қолданды. Ұлттық өнеркәсіп өнімдерінде тиімді жогары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруга ұмтылды.Әр түрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтар арасында тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізгі халықаралық еңбек бөлінісінде. Халықаралық еңбек бөлінісі (еңбек мамандандырылуы) жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі, яғни төрт фактордың әсерімен: 1) Әлеуметтік жағрапиялық (елдің орналасуы, халықтың саны, олардың тәжірибесі, білімі, әдет ғұрпы); 2) Табиғи экономикалық; 3) Техникалық экономикалық; 4) Ғылыми – техникалық прогресс;



Халықаралық сауда — экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ΕACT, ЮНКТАД т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет