Сабақ барысы:
1. Кіріспе
Сәлемдесу
2. Топқа бөлу
Геометрик фигуралар сызбасы бар стикерлер арқылы оқушыларды 3топқа бөлемін.Топ басшыларына критериалды бағалау парақтарын таратамын
2. Психологиялық дайындық
Смайликтер арқылы көңіл-күйін анықтаймын
«Миға шабуыл»әдісі
«Аудармашы» әдісі
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау мақсатында қолданамын. Стикерлердегі фигуралар туралы толық мәлімет беруді тапсырамын. Жауаптарын слайдтармен бекітемін
Үш топқа үш тілде қурастырылған кроссвордты шешіп, сабақтың та-қырыбын анықтауды тапсырамын.
Ауызша есептер.
1.Радиусы 8см болатын шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық 5см. Түзу мен шеңбер қалай орналасады?
2. Радиусы 4см болатын шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық 7см. Түзу мен шеңбер қалай орналасады?
3. Радиусы 9см болатын шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық 9см. Түзу мен шеңбер қалай орналасады?
4.Шеңберлердің радиустары 6см және 4см, ал центрлердің арақашықтығы 7см. Шеңберлер қалай орналасады?
5. Шеңберлердің радиустары 4см және 3см, ал центрлердің арақашықтығы 7см. Шеңберлер қалай орналасады?
6. Шеңберлердің радиустары 5см және 9см, ал центрлердің арақашықтығы 11см. Шеңберлер қалай орналасады?
Ауызша тест. Тесттің кілті «Ыбырай»
«Сергіту сәті».
«Кел,балалар, оқилық» сергіту сәтін жариялаймын
Тестпен жұмыс.
Оқушыларға деңгейлеп тест карточкалары таратылады
Тест-1
1.Шеңберге жанама
А) кесінді; В) сәуле; С)түзу
2. Егер шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы олардың радиустарының қосындысынан артық болса, бұл шеңберлер
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
3. Теңбұірлі үшбұрыштың
А) үш қабырғасы өзара тең;
В) екі қабырғасы тең;
С) қабырғалары өзара тең емес
4. 90º тан кіші бұрыш
А) тік; В) сүйір; С) доғал
5. Шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусына тең. Шеңбер мен түзу
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
6. Доғал бұрышты үшбұрыштың
А) бір бұрышы доғал; В) екі бұрышы доғал; С) үш бұрышы доғал
Тест-2
1.Тікбұрышты үшбұрыштың
А) бір бұрышы тік; В) екі бұрышы тік; С) үш бұрышы тік
2. 90º тан үлкен бұрыш
А) тік; В) сүйір; С) доғал
3. Егер шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы олардың радиустарының қосындысынан кіші болса, бұл шеңберлер
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
4. Шеңбердің хордасы
А) кесінді; В) сәуле; С)түзу
5. Шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан үлкен болса, шеңбер мен түзу
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
6. Әртүрлі қабырғалы үшбұрыштың
А) үш қабырғасы өзара тең;
В) екі қабырғасы тең;
С) қабырғалары өзара тең емес
Тест-3
1. Шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан кіші болса, шеңбер мен түзу
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
2. Шеңбердің радиусы
А) кесінді; В) сәуле; С)түзу
3. Сүйір бұрышты үшбұрыштың
А) бір бұрышы сүйір; В) екі бұрышы сүйір; С) үш бұрышы сүйір
4. Егер шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы олардың радиустарының қосындысына тең болса, бұл шеңберлер
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
5. 90º қа тең бұрыш
А) тік; В) сүйір; С) доғал
6. Теңқабырғалы үшбұрыштың
А) үш қабырғасы өзара тең;
В) екі қабырғасы тең;
С) қабырғалары өзара тең емес
|