Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Глоссарий
Орындаған:Әуелбек Д.Ғ Тобы:ЮМ 21-1к9 Қабылдаған:
2021-2022 Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар — әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.
Әлеуметтік қауымдастық – (социальная общность) әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері: ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік.
Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі.
Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.
Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды және қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.
Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер.