Орындаган: Молданияз Б. А тексерген: Куспанова А. Ж жоспар ы



Дата02.12.2023
өлшемі2,05 Mb.
#194576
Байланысты:
Дүниежүзілік тәртіп
Notes 200418 180720 cef, Баскетбол тарихы, 2-osh fo aza-tl t1 6-syn.docx, Қазақстан тарихы

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қазіргі дүниежүзілік тәртіп, ондағы Қазақстанның рөлі
Орындаган: Молданияз Б.А
Тексерген: Куспанова А.Ж

Ж О С П А Р Ы

  • Кіріспе
  • Егеменді Қазақстанды Дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
  • Қазақстанның халықаралық байланысың дамуы
  • Қазақстан жәнехалықаралық ұйымдар.
  • Қорытынды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

Кіріспе:

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы

  • 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

  • 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
  • 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
  • 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр.

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр.

Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде.

Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.

Қазақстан-АҚШ байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.


Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ Бас Ассам­блеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі.

Қорытынды

Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992

2. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы// Ақиқат 1997, №12.

3. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. -Алматы: Атамура, 2003

4. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана. Сб.статей / ред.совет К.К.Токаев. М., МИД РК 1998.

5. Абулпатаев С. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері // Ақиқат 1997, №8.

6. Асқар асулар алда. Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Республика Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. //Ақиқат 2001, №10



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет