ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ БИОМАССАҒА ӘСЕРІ
Қуат Айзере
Жетекшісі: Тапаева Гульшат Жумабековна
№69 ЖОББМ, Шымкент қ., Қазақстан
Резюме: Формирование у учащихся навыков уважительного отношения к труду о влиянии охраны окружающей среды на биомассу. Популяризации ценностей о влиянии загрязнения окружающей среды на биомассу. При написании научной работы были отобраны печатные словарные материалы, историческая литература, сведения научных исследований, которые до настоящего времени не были вовлечены в научный оборот. Историческая помощь в становлении интеллектуального поколения и самообразования учащихся через влияние загрязнения окружающей среды на биомассу. Этапы исследования: в зависимости от цели и специфики темы исследовательской работы использовались литературно-исторический, системно-описательный, повествовательный, сравнительный анализ и обращение, систематизация и методы ее интерпретации.
Summary: Formation of students' skills of respectful attitude to work on the impact of environmental protection on biomass. Popularization of values about the impact of environmental pollution on biomass. When writing a scientific paper, printed dictionary materials, historical literature, and scientific research data that have not been involved in scientific circulation until now were selected. Historical assistance in the formation of the intellectual generation and self-education of students through the influence of environmental pollution on biomass. Stages of research: depending on the purpose and specifics of the research topic, literary-historical, system-descriptive, narrative, comparative analysis and treatment, systematization and methods of its interpretation were used.
Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады.
Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
Қоршаған ортаның ластануы деп — әдетте оған тән емес, теріс салдарға алып келетін жаңа физикалық, химиялық, биологиялық немесе ақпараттық агенттердің келіп түсуін немесе пайда болуын айтады. Табиғи ортаның ластануы табиғи факторлардың әсері нәтижесімен қатар, адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде де болады.
Табиғи ластанулар табиғат апаттарының нәтижесінде пайда болады (жанартаудың атқылауы, жер сілкінісі, сел, дауыл және т.б. адамның қатысынсыз пайда болады). Антропогендік ластанудың мысалы ретінде радиоактивтік, химиялық, биологиялық заттардың таралуы себеп болатын өнеркәсіптік объектілерде орын алатын апаттар жатады. Алайда күнделікті шаруашылық қызметпен, кәсіпорындардың жұмысымен, көлік, қалалардың құрылысымен, территориялардың урбанизациясымен және т.б. байланысты ластанулар да өте қауіпті.
Ластанулар қоршаған ортаға әсер ету қасиеттеріне байланысты келесі топтарға жіктелінеді: физикалық, химиялық, физикалық-химиялық және биологиялық.
Сонымен, ластанулар — қоршаған ортада табиғатқа тән емес мөлшерде және тән емес уақытта пайда болатын және оның жүйесін тұрақты қалпынан шығаратын денелер, заттар, құбылыстар, үдерістер болып табылады. Ластаушы агенттердің экологиялық әсерлері әр түрлі байқалуы мүмкін; ағза деңгейінде, ол жеке бір ағзаға әсер етуі мүмкін, немесе таралым, биоценозда, экожүйеде және тіпті жалпы биосферада да көрінуі мүмкін.
Ағза деңгейінде жеке ағзалардың физиологиялық қызметтерінің бұзылуы, олардың іс-әрекеттерінің өзгеруі, даму және өсуінің төмендеуі, сыртқы ортаның басқа да жағымсыз факторларының әсеріне тұрақтылығының төмендеуі мүмкін. Таралым деңгейінде ластану олардың саны мен биомассасының өзгеруіне, туылуы, өлімі, құрылымындағы өзгерістер, жылдық миграция циклдері және т.б. қызметтік қасиеттеріндегі өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Биоценотикалық деңгейде ластану бірлестіктердің құрылымы мен қызметтеріне әсер етеді. Бір түрлі ластаушы заттар бірлестіктің әр компонетіне әр түрлі әсер етеді. Соған сәйкес биоценозда сандық қатынастар өзгереді, бір түрдің мүлдем жоғалып, басқа түрлердің пайда болуы мүмкін. Бірлестіктердің кеңістіктегі құрылымы өзгере бастайды, өнімділіктен өлім басым бола бастайды. Соңынан экожүйенің дағдарысы болып, биосфераның қалыптасуындағы жағымды рөлі азайып, шаруашылық қатынаста құндылығын жоғалтады.
Жоғарыда айтылып өткендей, ластанудың екі түрі бар — табиғи және антропогендік. Қазіргі кезде антропогендік ластану көздерінің күші көп жағдайда табиғи ластанудың күшінен асып түсуде. Осылайша, азот қышқылының табиғи көздері жылына 30 млн т азот шығарса, антропогендік — 35-50 млн күкірт қышқылы тиісінше 30 млн т жэне 150 млн т шығарады. Адам қызметінің нәтижесінде биосфераға қорғасын табиғи ластанумен салыстырғанда он есе көп түседі.
Адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болатын ластаушы заттар және олардың қоршаған ортаға әсері әр түрлі болып келеді. Оларға келесілер жатады: көміртегі, азот, күкірт қосылыстары, ауыр металдар, әр түрлі органикалық қосылыстар, жасанды материалдар, радиоактивтік элементтер және т.б.
Осылайша, сарапшылардың бағалауынша, мұхитқа жыл сайын 10 млн т дейін мүнай түседі екен. Суда мүнай су мен ауа арасында болатын газ айналымына кедергі келтіретін жұқа пленка қабатын түзеді. Мұхиттың түбіне шөккен мұнай мұхит түбінде өмір сүретін жануарлар мен микроағзалардың табиғи өмір сүру жағдайын бұзады. Мұнайдан басқа, мүхитқа қүрамында өте күшті улы әсері бар қорғасын, сынап, мышьяк сияқты өте қауіпті ластаушылардан тұратын түрмыстық және өнеркәсіптік қалдық сулар төгіледі. Мұндай заттардың жинақталуы көптеген жерлерде қалыпты деңгейінен он еседен асып кеткен.
Әрбір ластаушы табиғатқа белгілі бір теріс әсерін тигізеді, сондықтан олардың қоршаған ортаға келіп түсуі қатаң қадағалануы керек.
Биосфера күннен-күнге антропогендік фактордың әсерінен пайда болған тірі ағзаларға, зиянды заттарға толып бара жатыр. Бұл заттардың миллиардтаған тонналары атмосфераға шығарылады, су қоймаларына тасталынып, қоқыстар күйінде жинақталуда. Ауа, өзен, теңіз ағындары арқылы зиянды заттар мемлекеттер шекараларынан өтіп, үлкен қашықтықтарға таралып, ғаламдық ластану мәселесін тудыруда, адамдардың денсаулығына, табиғатқа, материалдық құндылықтарға зиянын тигізуде.
Физикалық ластанулар деп қоршаған ортаның физикалық параметрлерінің: жылулық, жарықтық, акустикалық, электромагниттік, радиациялық өзгеруінен пайда болатын ластануларды айтамыз.
Мысал ретінде өнеркәсіптегі жылы қалдық сулардың төгілуі, жылы ауа ағындары, газ, түтінмен байланысты пайда болатын, қоршаған орта температурасының жоғарылауынан болатын жылулық ластануды келтіруге болады. Екіншіден, жылулық ластану антропогендік әсермен ауаның көмір қышқыл газымен, метан, фтор, хлорлы көміртекпен ластануының нәтижесінде пайда болатын қоршаған ортаның химиялық құрамының өзгеруінен болуы мүмкін. Олар Күн сәулесін өткізеді, бірақ жер бетінде жылуды ұстап қалады, сондықтан атмосфераның температурасын жоғарылатады.
Су қоймаларының жылулық ластануы балдырлар бірлестігінің қалыптасуы мен құрылымына өзгерістер алып келеді. Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаның акустикалық ластануына алып келеді, ол шуылдың табиғи деңгейінен жоғары болуы және дыбыс сипатыньщ қалыпты жағдайынан ауытқуы (дыбыстың күші, ырғақтылығы). Эволюция барысында тірі ағзалар бейімделмеген табиғи дыбыс көздерінен шықпайтын кез келген дыбыс антропогендік шуыл ластануы деп қарастырылады. Шуыл әр түрлі жиілік және қуаттағы дыбыстардың ретсіз байлынысы секілді кез келген тірі ағзаға, әсіресе адамдарға теріс әсер береді, шаршатады, ақыл-ойдың белсенділігін, еңбек өнімділігін төмендетеді, соматикалық және психикалық ауруларға алып келеді.
Ғылыми-техникалық прогрес кезеңінде ластанудың жаңа түрлері пайда болуда, айта кетсек — электромагниттік. Радио, теледидар, электр тасымалдаушылардың қызметі, өнеркәсіптік құралдардың белгілі бір түрі жұмысының нәтижесінде пайда болатын ластанудың бұл түрі жасушалық мембрананы өзгертеді және молекулярлық деңгейде әсер етіп, жалпы тірі ағзалардың тіршілігін өзгертеді.
Биосфераның ластануы — адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ-дың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам- табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеу үлкен әсер еткен ХХ ғ-да өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертен құлауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |