Өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту қағидасы мен өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды бекiту туралы



бет1/3
Дата19.05.2017
өлшемі387,55 Kb.
#16497
  1   2   3
Өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту қағидасы мен өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011 жылғы 27 шiлдедегi № 303 Бұйырығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 15 тамызда № 7132 болып енгiзiлдi

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту қағидасы;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi заңнамамен белгiленген тәртiпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi Ж.А.Смаиловқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң м.а.                                    В. Петров

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2011 жылғы 27 шiлдедегi  
№ 303 бұйрығына      
1-қосымша         

Өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту қағидасы

      1. Өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту ұйымдардың жұмыскерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытуды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi (ауыл шаруашылық, салынып жатқан және қайта салынып жатқан объектiлердiң, мектепке дейiнгi, жалпы бiлiм беру және жоғары оқу орындарының, тұрмыстық мақсаттағы, сауда, қоғамдық тамақтану, емдеу, театр, ойын-сауық және мәдени-ағарту ұйымдарының, кеңсе, күзет, пәтерлер иелерiнiң кооперативi мекемелерiнiң өрт қауiптi өндiрiстерi бар өндiрiстiк объектiлердiң).


      2. Өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумiн зерделеу ұйымдардың жұмыскерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытудың негiзгi түрлерi болып табылады.
      3. Өртке қарсы нұсқаулық ұйымдардың жұмыскерлерiне негiзгi өрт қауiпсiздiгi талаптарын жеткiзу, өндiрiстер мен жабдықтардың технологиялық үдерiстерiнiң өрт қауiптiлiгiн, өрттен қорғау құралдарын, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда олардың iс-қимылдарын зерделеу мақсатында жүргiзiледi.
      4. Өртке қарсы нұсқаулықты өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлға Өртке қарсы нұсқаулықтың үлгiлiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өткiзедi.
      5. Өртке қарсы нұсқаулық өткiзу кезiнде ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескерген жөн.
      6. Өртке қарсы нұсқаулықты өткiзу ұйымдардың жұмыскерлерiн мыналармен:
      ұйымда белгiленген өртке қарсы режиммен, сондай-ақ iшкi тәртiп нұсқауларымен және өрт қауiпсiздiгi талаптарымен;
      жұмыс учаскелерiндегi барынша өрт қауiптi жерлермен;
      өрт туындайтын ықтимал көздермен және себептермен, олардың сақтандыру шараларымен және өрттi байқаған кездегi әрекеттермен;
      жұмыс орнында, қондырғыда, аппаратта, цехта және ұйым аумағында лапылдап жануды болдырмау үшiн жұмысты бастар алдында, процесте және жұмысты аяқтағаннан кейiн, жұмыстан кетер алдында сақталуға тиiс өрт қауiпсiздiгi шараларымен;
      өрт сөндiру құралдарын пайдалану әдiстерiмен, өрт сөндiру ережелерiмен және тәсiлдерiмен таныстыруды қамтиды.
      7. Өткiзу сипаты мен уақытына қарай өртке қарсы нұсқаулық кiрiспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты болып бөлiнедi.
      8. Кiрiспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты өртке қарсы нұсқаулықты өткiзу туралы осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес өрт қауiпсiздiгi бойынша нұсқаулық өткiзудi есепке алу журналында (бұдан әрi - Журнал) жазба жазылады.
      Өрт қауiпсiздiгi бойынша нұсқаулық өткiзудi есепке алу журналы оқыту, нұсқаулықтар өткiзудiң белгiленген мерзiмдерiн сақтау саласында жұмысты бақылау үшiн қажет.
      Журнал нөмiрленуi, тiгiлуi және оған оны жүргiзу үшiн жауапты қол қоюы және ұйымның мөрiмен бекiтiлуi қажет. Журнал өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлғада сақталады.
      9. Кiрiске өртке қарсы нұсқаулық:
      барлық жұмысқа жаңадан қабылданғандармен, олардың бiлiмiне, кәсiбi (лауазымы) бойынша жұмыс өтiлiне қарамастан;
      ауысымдық жұмыскерлермен;
      ұйымға iссапарға жiберiлген жұмыскерлермен;
      өндiрiстiк оқуға немесе практикаға келгендермен өткiзiледi.
      10. Кiрiспе өртке қарсы нұсқаулықты ұйымда өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлға жүргiзедi.
      11. Кiрiспе өртке қарсы нұсқаулық жұмыскердiң игерген дағдылары мен ұйымда белгiленген өртке қарсы режимдi сақтауын, өрт шыққан кезде iс-қимыл жасаудың практикалық жаттығуын бiлуiн тексерумен және өрт сөндiру құралдары мен өрттен қорғау жүйелерiн бiлуiн тексерумен аяқталады.
      Кiрiспе нұсқаулықтан өтпеген адамдар қызметтiк мiндеттерiн атқаруға жiберiлмейдi.
      12. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулық тiкелей жұмыс орнында:
      барлық жаңадан қабылданған жұмыскерлермен;
      осы ұйымның бiр бөлiмшесiнен екiншiсiне ауысатындармен;
      жұмыс орнын ауыстырған жағдайда олар үшiн жаңаша жұмысты орындайтын жұмыскерлермен;
      ұйымға iссапарға жiберiлген жұмыскерлермен;
      ауысымдық жұмыскерлермен;
      ұйым аумағында құрылыс-монтаждау және өзге де жұмыстарды орындайтын құрылыс саласының мамандарымен;
      өндiрiстiк оқуға немесе практикаға келгендермен өткiзiледi.
      13. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулықты көрсетiлген жұмыскерлер санатымен өткiзудi әрбiр құрылымдық бөлiмшеде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргiзедi.
      14. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулықты әр жұмыскермен дербес, алғашқы өрт сөндiру құралдарын қолдану, өрт шыққан кезде iс-әрекеттер жасау, адамдарды көшiру, зардап шеккендерге, сондай-ақ бiр типтiк жабдыққа қызмет көрсететiн адамдар тобымен және жалпы жұмыс орны шегiнде көмек көрсету дағдыларын практикалық тұрғыда көрсету және машықтау арқылы өткiзiледi.
      15. Қайта өртке қарсы нұсқаулық жұмыс орнында алғашқы өртке қарсы нұсқаулық бағдарламасы бойынша жалпы жұмыс орны шегiнде дербес немесе бiр типтiк жабдыққа қызмет көрсететiн адамдар тобымен өткiзiледi.
      16. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық:
      өрт қауiпсiздiгi бойынша жаңа нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзу немесе бұрын әзiрленгендерiн өзгерту кезiнде;
      өндiрiстiң технологиялық үдерiсiн өзгерту, жабдықты, аспаптарды, негiзгi шикiзатты, материалдарды ауыстыру немесе жаңарту, сондай-ақ объектiнiң өртке қарсы жай-күйiне әсер ететiн өзге де факторларды өзгерту кезiнде;
      ұйым жұмыскерлерi өрттiң шығуына әкелуi мүмкiн немесе соған әкеп соқтырған өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған кезде;
      ұйымға өрт-техникалық тексерiс жүргiзу барысында ұйымдардың жұмыскерлерi бiлiмдерiнiң жеткiлiксiз екендiгi анықталған жағдайда мемлекеттiк өрт бақылау органдарының талаптары бойынша өрт қауiпсiздiгi шараларын қосымша зерделеу үшiн;
      ұқсас өндiрiстерде болған өрттер туралы ақпараттық материалдар келiп түскен кезде;
      ұйымдардың жұмыскерлерiнiң өрт қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттанарлықсыз бiлу фактiлерi анықталған кезде өткiзiледi.
      17. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық ұйымда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты жұмыскермен немесе қажеттi дайындығы бар жұмыстың басшысы тiкелей, дербес немесе бiр кәсiптiң жұмыскерлерiнiң тобымен өткiзiледi. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулықтың көлемi мен мазмұны әрбiр нақты жағдайда оны өткiзу қажеттiлiгi туындаған себептер мен жағдайларға байланысты анықталады.
      18. Мақсатты өртке қарсы нұсқаулық:
      газ, бу және тозаң-ауа қоспасының, өзге де жанғыш газдардың (электрмен және газбен дәнекерлеу, бензинмен кесу, дәнекерлеу лампаларын, жанарғыларды пайдалана отырып жұмыс iстеу, битум қайнату және жылу мен ұшқын бөлу арқылы өзге де жұмыстар) жоғары өрт қауiптiлiгiмен және өзге де отты жұмыстармен (ашық отты қолдану, ұшқын түзу, жабдықты, құралды, материалдарды тұтану (өздiгiнен тұтану) болуы мүмкiн температураға дейiн қыздыру арқылы жұмыс iстеу) байланысты бiр реттiк жұмыстарды жүргiзу кезiнде;
      төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде;
      рұқсат наряды рәсiмделетiн жұмысты жүргiзу кезiнде, жарылыс қауiптi өндiрiстерде отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге;
      ұйымда экскурсиялар өткiзу кезiнде;
      ұйымда адамдар жаппай жиналатын iс-шараларды (алқа отырыстарын, жиналыстар, конференциялар, кеңестер және т.б.) дайындау кезiнде өткiзiледi.
      19. Мақсатты өртке қарсы нұсқаулықты ұйымда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адам немесе жұмыстың жетекшiсi тiкелей өткiзедi.
      20. Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi мақсатты өртке қарсы нұсқаулық жұмыскердiң меңгерген дағдыларын және ұйымда белгiленген өртке қарсы режимнiң сақталуын, алғашқы өрт сөндiру құралдарын қолдануды, өрт шыққан кезде iс-әрекеттер жасауды бiлуiн, адамдарды көшiру, зардап шеккендерге көмек көрсету ережесiн бiлуiн тексерумен аяқталады.
      21. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бiлу көлемiнде, өртке қарсы режим, технологиялық үдерiс пен ұйым өндiрiсiнiң өрт қауiптiлiгi, сондай-ақ ұйымда өрттiң алдын алу, өрт кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын және мүлiктi құтқару бойынша практикалық дағдыларды машықтауға мүмкiндiк беретiн тәсiлдер мен iс-қимылдар бөлiгiнде өрт-техникалық минимумiне тiзбесi осы Қағидаға 3-қосымшада келтiрiлген қызметкерлер мiндеттi түрде оқытылады.
      22. Ұйым басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерiн қызметi бағытына қарамастан өрт-техникалық минимумiн оқыту жұмысқа қабылдағаннан кейiн бiр ай iшiнде және кейiнгi уақытта соңғы рет оқытудан өткен күнiнен бастап жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      23. Өрт-техникалық минимумiн оқыту өндiрiстен қол үзiп және өндiрiстен қол үзбей ұйымдастырылады.
      24. Өндiрiстен қол үзiп, өрт-техникалық минимумiн оқудан:
      ұйым басшылары мен бас мамандары немесе олардың мiндеттерiн орындайтын адамдар;
      ұйымдардың өрт қауiпсiздiгiне және өртке қарсы нұсқаулықты өткiзуге жауапты жұмыскерлер;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысы, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту қызметiн көрсететiн ұйымдардың басшылары;
      газбен электрлiк дәнекерлеу және өзге де отпен байланысты жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер өтедi.
      25. Әзiрленген және бекiтлген бағдарламалар бойынша ұйымда өрт-техникалық минимумiн тiкелей:
      ұйым бөлiмшелерiнiң басшылары, басшылар мен бас мамандар;
      жарылыс, өрт қауiптi өндiрiстер бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерi;
      бөлiмшелерде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер;
      ұйымды тәулiк бойы күзетудi жүзеге асыратын жұмыскерлер оқиды.
      26. Өрт-техникалық минимумi бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымда тiкелей ұйым басшысы немесе ұйым басшысы, өрт қауiпсiздiгi саласында тиiстi бiлiктiлiгi бар өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлға өткiзедi.
      27. Ұйым басшыларының, мамандары мен жұмыскерлерiнiң өрт қауiпсiздiгi талаптарын бiлулерiн тексеру өрт-техникалық минимумi аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады және құрамы кемiнде үш адамнан тұратын бiлiктiлiк комиссиясы тексередi.
      28. Бiлiм тексеру жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының құрамына басшылар мен ұйымдағы өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлғалар кiредi.
      29. Бiлiмдерiн тексеруден өтетiн жұмыскерлер бағдарламамен және бiлiм тексеру кестесiмен алдын ала танысады.
      Өрт-техникалық минимумi көлемiнде өрт қауiпсiздiгi бойынша оқу және бiлiм тексеру нәтижелерi осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысанға бойынша хаттамамен ресiмделедi, оған бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы мен оның мүшелерi қол қояды.
      Бiлiм тексеруден ойдағыдай өткен тұлғаларға осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төрағаның қолы қойылған және куәлiктi беретiн ұйымның мөрi қойылған бiлiктiлiк куәлiгi берiледi.
      30. Ұйым жұмыскерлерiнiң өрт қауiпсiздiгi талаптарын бiлуiн кезектен тыс тексеру бұрын өткiзiлген тексерiс мерзiмiне қарамастан:
      өрт қауiпсiздiгi талаптарын қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер жаңадан бекiтлген кезде немесе оларға өзгерiстер енгiзiлген кезде (бұл ретте);
      жұмыскерлердiң өрт қауiпсiздiгi шараларын қосымша бiлуiн қажет ететiн жаңа жабдық пайдалануға берiлгенде және технологиялық үдерiстер өзгерген кезде (мұндай жағдайда тиiстi өзгерiстермен байланысты өрт қауiпсiздiгi талаптарын бiлуiне тексерiс жүргiзiледi);
      жұмыскердi тағайындаған немесе басқа жұмысқа ауыстырған кезде, егер жаңа мiндеттерi өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi қосымша бiлiмдi қажет ететiн болса (олар өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындауды бастағанға дейiн);
      болған өрттерден кейiн, сондай-ақ ұйым жұмыскерлердiң өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылығы анықталған кезде;
      жұмыста осы лауазымда бiр жылдан астам үзiлiс болған кезде;
      мемлекеттiк өрт бақылау органдары тексерiс жүргiзген кезде өткiзiледi.
      31. Жұмыскерлердiң өрт қауiпсiздiгi талаптарын бiлуiн уақытылы тексерудi бақылауды ұйым басшысы жүзеге асырады.
      32. Бағдарламалар кәсiби қызметтiң ерекшелiктерiн, лауазымы бойынша мiндеттердi орындау ерекшелiктерi және салалық құжаттардың ережелерiн ескере отырып, тыңдаушылардың әр санаты үшiн дайындалады. Өрт-техникалық минимумiн оқыту сағаттарының санын ұйым басшысы орындалатын жұмыстың сипатына байланысты анықтайды.
      33. Арнайы бағдарламаларды дайындау кезiнде:
      практикалық оқытуға;
      ұйымда белгiленген өртке қарсы режимдi сақтауға;
      алғашқы өрт сөндiру құралдарын пайдалана бiлуге;
      өрт шыққан кезде iс-әрекет жасауға, зардап шеккендердi көшiру мен көмек көрсетуге аса назар аударылады.

Өрт қауiпсiздiгi    


шараларына оқыту    
Қағидасына       
1-қосымша        

Өртке қарсы нұсқаулықтың
үлгiлiк бағдарламасы

      Өрт және жарылыс қауiптiлiгi бойынша ұйымның (өндiрiстiң) ерекшелiгi туралы жалпы мәлiметтер.


      Жұмыскерлердiң мiндеттерi және олардың өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтаулары үшiн жауаптылығы.
      Ұйымдағы өртке қарсы режиммен таныстыру.
      Өртке қарсы режимдi сақтау жөнiндегi бұйрықтармен, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулықтармен таныстыру.
      Өрттiң алдын алу және оны сөндiру бойынша жалпы шаралар:
      Құрылымдық бөлiмшелердiң, цехтердiң, учаскелердiң басшылары үшiн (гидранттар мен iшкi өрт крандарын тексеру және сынау, өрт сөндiргiштердi, автоматты өрт сөндiру және дабыл құралдарын зарядтау мерзiмдерi, цех немесе учаске персоналын алғашқы нұсқаулықтан өткiзу бағдарламасымен таныстыру, жеке және ұжымдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және т.б.);
      Жұмыскерлер үшiн (жану немесе өрт кезiндегi iс-әрекеттер, өрт туралы өрт сөндiру бөлiмiне және тiкелей басшыға хабарлау, жануды немесе сөндiру тәсiлдерi мен құралдары, жеке және ұжымдық қауiпсiздiк шаралары, объектiде белгiленген өртке қарсы режимдi бiлу және сақтау).
      Алғашқы өрт сөндiру құралдары, гидранттары, су қоры мен құм, көшiру жолдары мен шығу жолдары орналасқан орындармен танысу (көшiру жоспарына сәйкес). Тиiстi үй-жайлар мен аумақтарды аралау.
      Қолданылатын шикiзаттың, материалдардың және дайындалатын өнiмнiң өрт қауiптi қасиеттерi. Технологиялық үдерiстiң өрт қауiптiлiгi.
      Өрт сөндiргiштердiң түрлерi және оларды өрттiң класына (жанғыш заттың түрiне, жабдықтың ерекшелiгiне) байланысты қолдану.
      Электр қондырғылары мен өндiрiстiк жабдықты сөндiру кезiндегi талаптар. Өрт кезiнде және көшiру жолында қою түтiндеген кезде нұсқаулықтан өтушiнiң iс-әрекет жасауы.
      Өрт туралы хабарлау тәсiлдерi. Өрт шыққан кезде жеке қауiпсiздiк шаралары. Зардап шеккендерге дәрiгерге дейiн көмек көрсету тәсiлдерi.

Өрт қауiпсiздiгi   


шараларына оқыту   
Қағидасына      
2-қосымша      

Нысан


(бет жағы)

(ұйымның атауы)



Өрт қауiпсiздiгi бойынша нұсқаулықтар өткiзудi есепке алу журналы № ___

      Журналды жүргiзудi бастаған датасы "___" _____ 20__ ж.

      Журнал жүргiзудi аяқтаған датасы "___" _____ 20__ ж.

      (iшкi жағы)




р/с

Нұсқаулық өткiзу датасы

Нұсқаулық тан өтушiнiң аты-жөнi (туған жылы)

Нұсқаулы қтан өтушiнiң лауазымы (кәсiбi)

Нұсқаулық түрi

Нұсқаулық берушiнiң аты-жөнi

Нұсқаулық берушiнiң лауазымы

Нұсқаулықтан өтушiнiң қолы

Нұсқаулы қ берушiнi ң қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Ескертпе: Өрт қауiпсiздiгi бойынша нұсқаулықтар өткiзудi есепке алу журналы барлық нұсқаулық түрi үшiн немесе ұйым басшысының шешiмi бойынша әр нұсқаулық түрi үшiн ресiмделедi.

Өрт қауiпсiздiгi   


шараларына оқыту   
Қағидасына      
3-қосымша       

Өрт-техникалық минимумге мiндеттi оқытылатын
жұмыскерлер тiзбесi

      1. Ұйымдардың басшылары, өрт қауiптi өндiрiстерi бар өндiрiстiк объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi және өртке қарсы нұсқаулық өткiзу үшiн жауапты адамдар.


      2. Өрт қауiптi жұмыстарды (желiммен, мастикалармен, битумдермен, полимерлермен және өзге де жанғыш материалдармен; газбен дәнекерлеу жұмыстары, электрмен дәнекерлеу жұмыстары, металл кесу, қыздыру жұмыстары және т.б.) жүзеге асыратын жұмыскерлер.
      3. Өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары мен жұмыскерлерi.
      4. Жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамдар.
      5. Мектепке дейiнгi, жалпы бiлiм беру және жоғары оқу орындарының өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамдар мен басшылар.
      6. Адамдар жаппай жиналатын объектiлердiң (тұрмыстық мақсаттағы, сауда, қоғамдық тамақтану, емдеу, театр, ойын-сауық және мәдени-ағарту ұйымдарының, кеңсе мекемелерiнiң) өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамдары мен басшылары.
      7. Авто электриктер.
      8. Ұйымдарды күзетудi жүзеге асыратын жұмыскерлер.
      9. Пәтер иелерi кооперативтерiнiң өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамдар мен басшылар.

Өрт қауiпсiздiгi 


шараларына оқыту 
Қағидасына    
4-қосымша    

Нысан


      Өрт-техникалық минимумы көлемiнде өрт қауiпсiздiгi бойынша бiлiм тексеру жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы отырысының
      № ___ хаттамасы

      ____________________________________________


                    (ұйымның толық атауы)

      ____________________________________"___" _____ 20__ ж.


      № ___ бұйрығына (өкiмiне) сәйкес бiлiктiлiк комиссиясы мынадай құрамда:
      төраға _________________________________________________
                           (аты-жөнi, лауазымы)
      мүшелерi:

      1. ______________________________________________________


                           (аты-жөнi, лауазымы)
      2. _______________________________________________________
      3. _______________________________________________________
      4. _______________________________________________________
      "___" _____ 20__ ж. өрт-техникалық минимумы көлемiнде өрт қауiпсiздiгi бiлiмiн тексерiп, мынадай нәтижелердi анықтады:

№ р/с

Оқытудан өтушiнiң аты-жөнi

Лауазымы

ұйымы
(цех, учаске)

Оқыту
себебi

Белгi

Қолы






















Комиссия төрағасы ________________________________________
      (аты-жөнi, лауазымы)
      Комиссия мүшелерi:
      1. __________________________________________________
      (аты-жөнi, лауазымы)
      2. ___________________________________________________
      3. ___________________________________________________
      4. ___________________________________________________
      М.О. "___" _____ 20__ ж.

Өрт қауiпсiздiгi  


шараларына оқыту  
Қағидасына     
5-қосымша     

Нысан


(оң жағы)

Өрт-техникалық минимум көлемiнде


өрт қауiпсiздiгi саласында бiлiм тексеру бойынша
бiлiктiлiк куәлiгi

(iшкi бетi, сол жағы)

_______________________________________
(ұйымның толық атауы)

№____ Бiлiктiлiк куәлiгi



фото

      _______________________________________________________берiлдi
                              (аты-жөнi)
      Лауазымы ____________________________________________________
      Жұмыс орны __________________________________________________
      М.О.

      (iшкi бетi, оң жағы және келесi беттерi)



Бiлiм тексеру туралы мәлiметтер

Өткiзу датасы

Хаттама №

Қабылданған шешiм туралы белгi

Комиссия төрағасының қолы

Кезектi аттестаттау датасы

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2011 жылғы 27 шiлдедегi  
№ 303 бұйрығына      
2-қосымша        

Өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар

Өрт қауiптi өндiрiстерi бар өндiрiстiк объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi және өртке қарсы нұсқаулық өткiзу үшiн жауапты ұйымдардың басшыларына арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгiлiк оқу бағдарламасы

№ р/с

Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнамалық база. Негiзгi ережелер.

2

2

Заттар мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауiптiлiгi, ғимараттардың өрт қауiптiлiгi туралы жалпы ұғымдар.

2

3

Ұйымдағы өрт қауiптiлiгi.

4

4

Өрт қауiптi жұмыс жүргiзу, заттар мен материалдарды сақтау кезiндегi өрт қауiпсiздiгi шаралары.

4

5

Көшiру жолдарына қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары.

2

6

Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелерi туралы жалпы мәлiметтер.

2

7

Ұйымда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырушылық негiздерi.

3

8

Өрт кезiнде жұмыскерлердiң iс-әрекеттерi.

2

9

Практикалық сабақ.

3

Жалпы сағат саны

24



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет