Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі



бет1/2
Дата29.01.2022
өлшемі19,16 Kb.
#130141
  1   2
Байланысты:
Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі


Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі

Феодалдық қоғам - құл иеленушілер қоғамына қарағанда прогрессивті болды. Феодалдық қоғам кезінде халық қатты қаналды, бірақ, құл иеленушілер дәуіріндегідей, айуандыққа бара бермейтін. Шаруалар мен қолөнершілер құлдарға қарағанда, адами жағдайларда өмір сүрді, олардың бос уақыттары, яғни, арнайы демалыс күндері болатын. Феодалдар мен шіркеу қызметкерлері дене қимылы жаттығуларына, халықтың ойындарына қарсы болды. Олар шаруалардың осы өнерлерді үйреніп алса, ертең өздеріне қарсы шығады ма, деп қорықты. Себебі, шаруалар мен қаланың қарапайым халқы садақ ату, атта шабу, жұдырықтасу, күрес секілді, спорттық ойын түрлерін меңгеріп алса, үйреніп алған дағды-машықтарын езушілерге қарсы қолдана ма, деген қауіп болды. Бірақ феодалдар қанша қарсы болса да халық өзіне ыңғайлы сүйіп ойнап, жаттығуларын жасай берді.

Халық дене тәрбиесі ұйымдастырылмаған болды, бірақ, кейбір жерлер-де оны ұйымдастыратындар пайда болды. Швейцария кантондарында (ХІҮ ғасыр) 16-18 жасар жасөспірімдерге арналған арнайы жүгіру, секіру, найза лақтыру, таяқпен семсерлесу сияқты жаттығулар өткізіліп тұрды. Олардың дене қимылы даярлығы арнайы ұйымдастырылған жарыстарда тексеріліп тұрды. Көтеріліс, халық толқулары кезінде шаруалар мен қолөнершілер дене қимылы жаттығуларын әскери дайындықта байқау жасаған. Бұл жағынан чех шаруа-қолөнершілерінің көтерілісі мысал бола алады. Олардың басшысы Ян Жижка (1360-1424) ылғи дене қимылы жаттығуларын істеп тұратын. Олар садақ ату, тас лақтыру, күрес, секіру, жүзу, найза, қылышпен семсерлесу, жаяу, атта шабу т.б. секілді жаттығуларды орындайтын.

Орта ғасырлық қалалардың дене тәрбиесінің халықтық формалары әрі қарай дамуына мүмкіндік жасады. Қалалық қолөнерші қауым феодалдардың езгісінен қорғау үшін, семсерлесу «ағайындықтарын» ұйымдастырды. Олар әсіресе Франция, Италия, Бельгия; Германия елдерінде қатты дамыды. Бұдан басқа, қалалардың барлығында дерлік, ойындар мен сауық түрлері өткізіліп тұратын. Сол кездегі Англияның алаңдары мен көшелерінде «суль» деген ойынды ойнайтын, ол өз кезегінде, футболға ұқсас ойын. Қалалық мерекелер мен шерулерде акробаттар, палуандар, жұдырықтасушылар өз өнерлерін көрсететін.

Феодалдық дамудың соңғы уақыттарында (ХҮ-ХҮІІ ғасырлар) қалалық буржуазия қоғамы ату, семсерлесу «ағайындықтарды» аристократтық топқа жатқызып жіберді. Байлар дене тәрбиесі, даралана бастады, ал кедейлер табын қыса бастады. Қаланың ауқатты адамдары дене жаттығуларымен арнайы айналысу үшін, соған арналған ғимараттар сала бастады.

Азия, Африка елдерінде орта ғасыр дәуірінде дене мәдениеті өзінше дамыды. Сол кездегі әлеуметтік экономикалық мәдениет, тұрмыс халық әдет ғұрыптарымен байланысты еді. Бірақ, Европаға қарағанда феодалдық дәуір бұл аймақтарда ұзағырақ болды. Сондықтан, өзіндік салт дәстүрі мен дене мәдениеті дамыды.

Орта ғасырлық Индияда дене мәдениетін көне сараманының дамуы күрес, садақ ату, аттағы ойындардың жаттығуларының шыққанынан еді. Ұлттық би түрлерінен басқа хатқа-йога үлкен қолдауға ие болды, себебі, бұның негізінде дене қимылдары салт жаттығулары, ойын мен жүгіру болды. Ал, ортағасырлық Қытайда «сары байламдар» ұйымы атты шаруалардың жаппай көтерілісі болды (ІІІ-Ү ғасыр). Сондай ереуілдерден кейін император-лардың жарлығымен халықтың қару жарақтары өткіздіріп, барлық қарудың түрлерін тиып тастады. Мұндай жағдайда шаруалар мен монастырьлар арасында қарусыз қорғау тәсілдері жаттығуларын үйрене бастады. ҮІ ғасыр-дан бастап гимнастиканың өзіндік бір түрі - ушу шықты. Оның негізгі мазмұны - халық қолмен қарудан қорғану, жұдырықпен, аяқпен, алақанмен ұрудың қосындысын ұстап, қарулы әскерге қарсы шығу болды. Бірақ, оқ дәрілі мылтық қару түрлері шыққаннан кейін, ушу маңызы әлсірей бастады. Дегенмен, ол сауықтыру бағытына көп мән бере бастады. Одан басқа, Қытайда ат полосы, жүгіру жарыстары мен Индиядан алынған хатқа-йога жаттығулары дамыды.

Орта ғасырлық Жапонияда дене мәдениетінің дамуы самурай - серілік институтының орнатылуымен байланысты еді. Самурайлардың бусидо - дене тәрбиесінің жүйесі күрестің әртүрлі түрлерінен тұрды (сумо, каратэ). Семсерлесу өнері 1 немесе 2 қылышпен (кендо), найзамен ойнау (нагината), атта, жаяу қатарда әртүрлі ойындары мен доп ойнау түрлері, салт-дәстүрлік ойындар түрлері жақсы дамыды.

Американы әлі ашпай тұрғанда ол материктегі жақсы дамыған өзіндік мәдениеті бар инктер, майя, ацтектер мемлекеттері болды. ХІІ-ХҮІІ ғ.ғ. осы халықтардың өзіндік дене тәрбиесінің жүйесі қалыптасып жанұялық мемлекеттік формада болды. Бұл жүйелер таптық бағытта болды. Сол кездегі мектептердегі оқушылар ойын түрлерін ойнап, басқа да дене қимылы жаттығуларын орындайтын. Әскери дене қимылы даярлығына қатты көңіл бөлінетін: садақ ату, пращ лақтыру, семсер мен қалқанды қолдана білу, каратэге ұқсас күрес түрін білу болатын. Сол кездегі жағдайларға байланыс-ты, хат-хабар тасушы-жүгірушілер болатын. Оның маңызы өте жоғары еді. Себебі, кез-келген жаңалық-хабарларды (соғыс, жиналыс, кеңес т.б.) әлгі жүгірушілер тез арада басқа да тайпалас елдерге жеткізу керек етін. Көп жаттығулар діни салттарға байланысты еді. Әсіресе, тайпалар арасында әртүрлі жарыстар ұйымдастырылып тұратын. Дене тәрбиесінің барлық жүйелері Америка континентінің барлық жергілікті тұрғындарының әскери еңбек, тұрмыс өмірлеріне зор маңызын тигізді. Тек, европа жаулап алушыла-рының шексіз қанауының кесірінен бұл құрылықтағы халықтың мәдениеті, дене тәрбиесі жүйесі қатты құлдырап кетті.

Африкалық халықтардың өзіндік дене тәрбиесі жүйесі болды. Олардың да сол заман ағымына байланысты еңбек, әскери, тұрмыстық жағдайлар еді. Дене қимылы жаттығуларының көбін африкандықтар жарыстық түрде өткізетін: нысанаға таяқ лақтыру мен садақ ату, бағанаға өрмелеп шығу. Бимен қатар әскери қимылдарға ұқсас жаттығулар дамыды. Көбіне тайпа басшысы немесе ақсақалы үйінде өткізілетін әскери және дене қимылы даярлығы тексерілетін жарыстар: найза мен диск лақтыру, күрес, жүгіру түрлері болды. Жасөспірімдер мен бойжеткендердің дене дайындығы жүйесіне салт-дәстүрлік билер, әртүрлі қозғалмалы ойындар, акробатикалық жаттығулар кіретін. Тамтам барабанының үніне қосылып жылдамдық, күштілік, төзімділікті талап ететін әртүрлі жаттығулардан өткізетін. Бір де бір салт-дәстүрлік іс-шаралар (әртүрлі арнаулар, тайпа көсемінің таққа отыруы, егістікті еккенге, оны жинап алғанға арналған әртүрлі ойын, жарыс т.б. түрлері) ептілік, жылдамдық, төзімділік, күштілік, икемділік, би жаттығуларынсыз өтпейтін. Тайпалар арасындағы осындай ойын түрлерінен өткізілетін жарыстар сол кездегі рулар арасындағы соғысты болдыртпауға әкелетін. Өзінің ұлттық қасиеті бар Африка елдері халықтарының дене тәрбиесі жүйесін Еуропадан келген құл аулаушы колонизаторлардың келуі тып-типыл еткізді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет