Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі


Қайта өрлеу дәуіріндегі дене тәрбиесі



бет2/2
Дата29.01.2022
өлшемі19,16 Kb.
#130141
1   2
Байланысты:
Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі
халықаралық экономикалық құқық, Ерлан, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ дәріс
Қайта өрлеу дәуіріндегі дене тәрбиесі.

Феодализм ішіндегі капитализмнің жаңа қатынастарының өсіп-өнуі сауда-саттықтың, қала қолөнері т.б. салалардың өсіп дамуына әсерін тигізді. Көптеген ғылыми жаңалықтар, географиялық ашылулар болып жатты. Орталықтандырылған мемлекеттер п.айда бола бастады. Осындай Қайта Өрлеу дәуірінің әкелген жемістері шіркеу қызметкерлерінің қарсылығына қарамады. Адамзат өзінше дами берді. Дене тәрбиесінің жүйесі физика, химия, медицина, астрономия секілді дами бастады. Сол кездегі ғалымдар: Леонардо Де Винчи (1452-1519 ж.); ағылшындық Ульям Гарвей (1578-1657 ж.) қан айналымын тапқан; голландтық Андреас Везалий (1514-1564 ж.) адамның анатомиялық дене құрылысын зерттеген. Жаратылыстану ғылымымен қатар, педагогикалық ғылым да өзінің өркендеуін бастады. Бұған тәрбиенің жаңа жолын бастаушылар - гуманистер еді. «Гуманус» - адамгершілік; гуманистер Англия, Франция, Италия, Чехияда шықты. Гуманистер дені сау, өмірге деген көзқарасы жақсы, яғни, салауатты өмір сүру салтын сол кездегі тәрбиемен қатар ұштастыра білді. Бірақ, олардың ойлары адамзат баласының тек байларына ғана бағытталған еді. Гуманистер халыққа қарсы шықпады, яғни, халықты қанауға қарсы болды, сонымен бірге, олар халықты жақтамады да, халықтың білім мен тәрбие, соның ішінде, дене тәрбиесін алғанын қуаттамады. Гуманистердің дене тәрбиесіндегі педагогикалық ойларын байдың балалары оқитын кейбір жеке мектептерде іске асыруға мүдделі болды.

Витторино де Фельтре (1378-1446 ж.) итальяндық гуманист. Мантуя қаласындағы герцог Гонзагидің қаражатына ол мектеп ашып, оны «Қуаныш Үйі» деп атады. Сол кездегі ескі көзқарастағы мектептердегідей емес, оның мектебі табиғат аясында орналасқан. Әлгі герцогтың балалары оқитын бұл мектепте В. Фельтре гуманистік педагогиканың қағидасына сүйене отырып, тәрбиенің жаңа әдістерін қолданды. Мұнда ой-саналылық, эстетикалық, дене тәрбиесіне көбірек көңіл бөлінді. Оқушылар атта шабу, күрес, әртүрлі ойындар мен билер түрлерімен айналысты. Бұл сабақтар жылдамдықтың, икемділіктің, ептіліктің, төзімділіктің, күштіліктің, қимыл-қозғалыстың әдемілігін ұштауға бағытталған.

Иероним Меркуриалис (1530-1606 ж.) итальяндық гуманист - гимнас-тика кітаптарын шығарған. Алғашқы кітаптарда ол гимнастиканың тарихы туралы баяндайды, кейінгі кітаптарда қорғау медицинасының көзқарасына байланысты, дене қимылы жаттығулары туралы талдау жасаған еді. Меркуриалис барлық дене қимылы жаттығуларын үш топқа бөлген: шынайы (емдік), әскери (қажеттілік) және жаңсақ (атлетикалық). Ол сауықтандыру-гигиеналық маңызы бар, әскери міндеттерді орындауға қамтамасыз ететін жаттығуларға көбірек көңіл бөлетін. Оған «күшті көбірек қажет ететін» атлетикалық жаттығулар ұнамайтын. Ол қатты шаршататын жүзу емес - шомылуды, жұдырықтасу емес - көлеңкемен төбелесті ұсынатын. Өзінің іс-қызметімен И. Меркуриалис медицинадағы емдік-алдын алу амалдары ретінде, дене қимылы жаттығуларының кең қанат жаюына өз үлесін қосқан үлкен ғалым есебінде тарихта аты қалды.

Француз Франсуа Рабле (1494-1553 ж.) гуманист, ірі ғалым және жазу-шы, «Гаргантюа және Пантагрюэль» атта кең танымал романының авторы. Ол осы романында орта ғасырдағы тәрбиені өткір сынға алды. Әртүрлі қыры-нан көрінетін білім беру, шығармашылықты және белсенділікті дамытуды, баланың қатаң күн тәртібін қарастыратын гуманистік тәрбиені қорғады. Рабле дене тәрбиесіне маңызды орын беретін. Өзінің кейіпкері Гаргантюа дене жаттығуларына көп көңіл бөлетін. Ол найзамен, семсермен, жаттығып, аңдарды аулайтын, доп ойнайтын, әртүрлі дене тұрғысында жүзетін, шығыршықта, сатыда және тағы басқа құрал-жабдықтарда өз өнерін әрі қарай шыңдау мақсатында болатынын суреттеген. Рабле оқытудың көрнекілігін, жаттығулардың біртіндеп күрделілендіруіне жақтаушы болды.

Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.) ұлы ойшыл-гуманист ғалым. Оның «Ұлы дидактика», «Суреттегі сезімдік заттар дүниесі», «Ана мектебі» т.б. еңбектері адамдардың, балалардың тәрбиесі жайлы көп мағлұмат береді. Дене қимылы жаттығулары, тамақ, жұмыс, демалыс тәртібі туралы еңбектер жазған. Оның дене қимылы жаттығулары мен ойындар еңбек тәрбиесіне әсер ететін құрал ретінде дәлелденіп шықты.

Социал-утопистер Томас Мор (1478-1535 ж.), Томазо Кампанелли (1568-1639 ж.) өсіп келе жатқан жастардың дене тәрбиесі жайлы құнды деректер жазды. Өздерінің «Утопия», «Күн қаласы» шығармаларында феодалдық қоғамның тәрбие жүйесімен қатар, жаңадан туындап келе жатқан буржуазиялық қатынастарды өткір сынға алды. Олар ешқандай да меншік болмай, барлығы бірдей құқыққа ие болатын бостандық қоғамды аңсады. Сондай қоғамда жан-жақты тәрбие беру керек деген тұжырымдар айтты. Әскери жаттығулар гимнастикамен шұғылданып, адамды еңбекке дайындау керек деген ойлар айтты. Мор мен Компанеллидің педагогикалық идеялары сол заманғы алғы ойлар еді, дене тәрбиесінің дамуы туралы елеулі еңбектері болды. Қанша тәрбиенің олқы орындары болып, шектеулі болғанымен, социал-утопистер сол кездегі тәрбие жүйесіне, дене тәрбиесінің дамуына әжептәуір үлес қосты.

Қайта Өрлеу дәуірінде дене тәрбиесі саласы қанша дегенмен, өз қатарынан қалып жатты. Феодалдар мен байлар шаруалардың дене қимылы жаттығуларымен айналасқанынан қорықты. Шіркеу қызметкерлері де қарсы болды. Бірақ, дін де реформаға ұшырап, жаңа діни ағым - протестанттық пайда болды. Бұл діни ағым жаңалықтарды дұрыс қабылдай білді. Соның нәтижесінде шіркеу қызметкерлері де дене мәдениетіне басқаша көзқараспен қарай бастады. Шіркеу реформаторлары Мартин Лютер (Германия); Ульрих Цвингли (Швейцария) дене тәрбиесі туралы біраз еңбектер жазды.



Католик шіркеуінің ордені - иезуиттер дұрыс жолға түспеді. Иезуиттер монах ордені өз қорғаушыларын рухани де, дене тәрбиелеріне күштілік қасиеттерін сіңдіруге тырысты. Иезуиттер мектептерінде дене тәрбиесі қолдау табатын. Өз моралін кез келген жолмен жастардың санасына сіңдіру үшін, небір қитұрқы әрекеттерге баратын. Олар қайта жаман қылықтарды (шпиондық, алдау, бұзықтық т.б.) дене тәрбиесімен матастыра қосып отырды. Иезуиттерге өзінің идеологиясын кең түрде қолдана алмады. Нәтижесінде, ол өзінен-өзі жойылып, Германия, Польша, Литвадан басқа жерлерге сіңбеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет