Орта ғасырлардағы Жапония және Қытай
Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси жағдайының ерекшелігі — ол бірде
қуатты империяға айналып көршілеріне қатысты жаулаушылық соғыстарын
жүргізсе, келесі бір кезеңде әлсіреп солтүстіктегі көршілері көшпелі
халықтардың шапқыншылық-тарына тап болып отырды.
Ерте орта ғасырларда қалыптасқан ең алғашқы орталықтандырылған мемлекет
Суй империясы (581—617) болды.
618—907 жылдар аралығында өмір сүрген Тан империясы ортағасырлық
Қытай-дағы ең қуатты мемлекет болды. Дәл осы әулет тұсында ортағасырлық
Қытайға тән монархиялық басқару типі қалыптасты.
Мемлекет басында тұрған монархтың билігі мұрагерлікпен берілді және
шексіз болды. Ол ресми түрде “Аспан ұлы”, яғни император деп аталды.
Императордың жеке басы киелі деп есептелді. Басқару тармақ-талған
шенеуніктік-бюрократиялық аппарат арқылы жүргізілді.
Қызметкерлерден емтихан алу жүйесі енгізілді. Шенеунік болуға үміткерлер
Конфуцийдің шығармалары бойынша емтихан тапсырды.
Ортағасырлық Қытайда жер мемлекеттің меншігінде болды. Мемлекет жерді
үлестік жүйе шеңберінде пайдаланды.
ІХ—Х ғасырларда Қытайда мемлекеттік меншікпен қатар ірі жер меншігі де
өсе бастайды. Мұндай ірі жер иелерін күшті үйлердеп атады. Ірі жер иелері өз
жерлерінде толық үстемдік етті. Күшті үйлерді орта-ғасырлық Еуропа
елдеріндегі феодалдық вотчиналармен және замоктармен салыстыруға
болады.
Ірі жер иелері орталық билікке бағынғысы келмей, елде бүліктер шыға
бастады. Сонымен бірге шаруалар көтерілісі де жиілеп кетті. Х ғасырдың
басында шаруалар көтерілісі мен бүліктердің салдарынан Тан империясы
әлсіреп, құлайды. Ел қайтадан бірнеше кішігірім мемлекеттерге бөлшектеніп
кетеді.
Х ғасырдың ортасынан бастап Қытайдың саяси жағдайы тұрақтана бастайды.
960 жылы билікке келген Сун әулеті бүкіл Қытайды қайта біріктіреді.
Алайда басқару аппаратының шектен тыс ұлғайып кетуі және халықтан
алынатын салықтың өсуі елдің ішкі жағдайына кері әсер етті. Осы жағдайды
пайдаланып, елдің солтүстігіне көшпелі тайпалар шапқыншылықтар жасай
бастайды. Солардың бірі —чжурчжэндерХІІ ғасырдың ортасында Цзиньатты
мемлекет құрып, Қытайға қауіп төндірді. 1127 жылы чжурчжендер Сун
империясының астанасы — Кайфынды жаулап алды.
Сун империясының қол астында тек оңтүстіктегі жерлер қалды.
ХІІІ ғасырдың басында Қытайға моңғолдар басып кіргенде ел осылайша екіге
бөлініп тұрған болатын. Солтүстік Қытай Цзинь империясына қараса,
оңтүстікте Сун әулеті билік құрды.
ХІV ғасырға қарай моңғол басқыншыларының Қытайдағы билігі әлсірей
бастайды. Қытай халқының басқыншыларға қарсы наразылығы күннен-күнге
өсе түсті. Өйткені барлық ауыртпалық қарапайым халықтың — шаруалардың
иығына түскен болатын. Сондықтан да шетелдік басқыншыларға қарсы
наразылық шаруалар көтерілісі түрінде орын алды.
Көтерілісшілер арасында Чжу Юаньчжан басқарған отряд аса зор табыстарға
қол жеткізді. Ол көптеген маңызды қалаларды бірінен кейін бірін басып алды.
1368 жылы қаңтарда Чжу Юаньчжан таққа отырып, жаңа Мин империя-
сыныңқұрылғандығын жариялайды. Сол жылдың қыркүйегінде оның әскері
моңғолдар тұсындағы елдің астанасы — Дадуға (Пекин) келіп кірді.
Осылайша моңғолдардың билігі құлатылды.
Билікке келгеннен кейін Чжу Юаньчжан монархиялық басқару жүйесін
қалпына келтірді. Ол бастапқыда елдің шаруашылығын қалпына келтіру
мақсатымен шаруаларға жағдай жасады. Көтеріліс кезінде басып алынған
жерлерді шаруаларға бекітіп берді.
Мин империясының ең қуатты императоры Чжу Юаньчжанның төртінші ұлы
Чжу Ди болды. Ол 1403—1424 жылдары билік құрды. Өз билігінің ұраны
ретінде “Юнлэ” — “Мәңгілік қуаныш” ұранын жариялады, сондықтан Чжу
Диді император Юнлэ деп атап кетті. Юнлэ барынша қатаң орталықтанған
билік жүргізуге тырысты. Ол елді тармақталған шенеуніктік аппараттың
көмегімен басқарды. Шенеуніктер бұрынғысынша емтихан жүйесі арқылы
іріктеліп алынды. Император шенеуніктер арасындағы парақорлыққа қарсы
қатаң күрес жүргізді.
Юнлэ тұсында Қытай экономикасы ерекше гүлденді. Ішкі сауда
байланыстарын дамыту мақсатымен Ұлы Қытай каналы қайта қалпына
келтірілді. Бұл шара ауылшаруашылығының негізі болған — суару жүйесінің
дамуына да оң ықпал етті.
Юнлэ тарихқа “ағартушы император” атағымен енді. Оның жарлығымен
Қытай тарихының энциклопедиясы дайындалды. Жинаққа соңғы 500 жылдағы
Қытайдың классикалық шығарма-лары енді. Юнлэ энциклопедиясы 11095
томнан тұрды.
XVI ғасырдың басында Мин империясының басқару жүйесі терең дағдарысқа
түсті. Император мемлекеттік істерді жүргізудің орнына, уақытын ойын-
сауықтармен өткізетін болды. Мемлекет әлсіреп, Қытайды XVII ғасырдың
ортасында манчьжурлар басып алды.
Юнлэ тарихқа “ағартушы император” атағымен енді. Оның жарлығымен
Қытай тарихының энциклопедиясы дайындалды. Жинаққа соңғы 500 жылдағы
Қытайдың классикалық шығармалары енді. Юнлэ энциклопедиясы 11095
томнан тұрды.
XVI ғасырдың басында Мин империясының басқару жүйесі терең дағдарысқа
түсті. Император мемлекеттік істерді жүргізудің орнына, уақытын ойын-
сауықтармен өткізетін болды. Мемлекет әлсіреп, Қытайды XVII ғасырдың
ортасында манчьжурлар басып алды.
Жапондықтардың ата-бабалары — ямото тайпалары III—V ғасырларда Жапон
аралының барлық тайпаларын өзіне бағындырып, алғашқы мемлекеттің
негізін қалады. Мемлекетті император басқарды. Алайда ХІ—ХІІІ ғасырлар
аралығында императорлық билік әлсіреп, сегундардың билігі күшейеді.
Сегундарқол астында қуатты әскери жасақтары бар ірі феодалдар еді.
Сегундардың көтерілуінің себептері мынадай: Х ғасыр-дың екінші
жартысынан бастап Жапонияда феодалдық жеке жер иелігі — сёэнпайда
болды. Жер иелері — даймёлартұйық, оқшауланған шаруашылық жүргізді.
Х—ХІІ ғасырларда ірі жер иелеріне айналған феодалдар барынша күшейіп,
орталыққа бағынудан бас тартты. Елде саяси бытыраңқылық орын алды.
Провинциялардағы ірі жер иелері жеке билікке ұмтылып, феодалдық өзара
қырқыс соғыстар жүрді. Ірі феодалдардың өзара қырқыстары кезінде әскердің
рөлі барынша артып кеткен болатын. Осы негізде Жапонияда“семсерді пір
тұту” дамыды, яғни жауынгерлік ерекше дәріптелді. Ерекше әскери-
феодалдық топ— самурайлар қалыптасты.
1180—1185 жылдар аралығында орын алған феодалдар арасындағы күресте
сегун (әскери басшы) Минамото жеңіске жетті. Сөйтіп, Миномото
сегунатықалыптасты. Сегунат — самурайларға сүйенген феодалдық мемлекет.
Сегунат императордың саяси ықпалын әлсірету мақсатында астананы
Камакура қаласына ауыстырды. Император енді тек діни басшы болып қалды.
Жапониядағы сегунат жүйесі жаңа дәуірге дейін сақталды.
1603—1868 жылдар аралығында Токугава сегунаты билік құрды. Астана-сы
Эдо (қазіргі Токио) қаласы болды. Елді тұтастай өз бақылауында ұстау-ға
тырысқан Токугавалар халықты төрт әлеуметтік топқа бөлді. Бұл: са-
мурайлар, шаруалар, қолөнершілер және саудагерлер. Бұлардың ішіндегі ең
жоғарғы топ ақсүйек самурайлар болды.
Токугава сегунатының маңызды міндеттерінің бірі — еуропалықтарды елден
қуып, христиан дініне тыйым салу болды. Бұл “жабық есік саясаты” деп
аталды. “Жабық есік саясаты” кезінде тек Қытаймен және Голландиямен ғана
байланыстар сақталды. Шетелдермен байланыстың үзілуі ішкі өндірістің
дамуына оң ықпал етті. Капиталистік өнеркәсіп (үй өнеркәсібі мен
мануфактуралар) бой көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: |